Зерттеу нәтижелері және оны талдау
Температуралық режим мен жауын-шашынның уақыт-
тық және кеңістіктік өзгерістерін зерттеу нәтижесінде кли-
маттың қазіргі өзгерістері белгілі болды, полярлық және
экваторлық ендіктер, мұхиттар мен континенттер үстіндегі
климаттық режимнің ерекшеліктері анықталды. Кли-
маттық өзгерістер себептерін, ірі климаттық ауытқулар-
дың қалыптасуын түсінуде айтарлықтай аз прогреске
қол жеткізілді. Кейбір жағдайларда бұл температура ре-
жимі мен жауын-шашын мөлшерінің өзгеру себептерін
түсіндірудің күрделілігімен түсіндіріледі [6].
Ақмола облысының аумағында максималды орташа
айлық ауа температурасы шілдеде (19,9 °C) байқалған. Тем-
пература мәні 19,3 °C-дан Ақкөл станциясында 20,7 °C-ға
дейін Есіл станциясында ауытқыған. Минималды орташа
айлық ауа температурасы облыс аумағында қаңтарда (ми-
нус 15,1 °C). Ауа температурасының жылдық жүрісінде бар-
лық станцияларда максимум шілдеде, ал минимум қаңтар
айында байқалған.
Ақмола облысының станцияларында 1986–2018 жж.
қыс мезгілінде (желтоқсан-ақпан) ауа температурасының
төмендеуі минус 0,4 °C/10 жыл тенденциясымен өзгерген.
Ең жоғары орташа айлық жауын-шашын мөлшері
шілдеде 63 мм. Жауын-шашын мөлшерінің ең аз мәндері
қыста (14 мм) болған. Жылдық жауын-шашын мөлшері
үшін орташа мән аумақ бойынша 335 мм құрап, 286 мм-ден
(Есіл станциясы) 393 мм (Ерейментау станциясы) дейін
өзгерген.
Қарастырылған барлық станцияларда қыс мезгілінде
ауа температурасының төмендеу тенденциясы байқалған.
Жауын-шашынның таралуы әркелкі болған.
Соңғы жылдары Қазақстан аумағы бойынша жауын-ша-
шын мөлшерінің өзгеруі ауа температурасына қарағанда
біркелкі емес. Алайда, жалпы 1954–2003 жылдары көптеген
аудандарда жауын-шашынның жылдық сомасы ұлғайып
келеді. Ең жоғары өсім (50 жыл ішінде 60 мм-ден астам)
Қазақстанның солтүстік бөлігінде (Қостанай, Павлодар,
Ақтөбе облыстары) байқалады, ал Шығыс Қазақстан және
Ақмола облыстарында олар 15–60 мм-ге азайды [7].
Атмосфералық жауын-шашын — ең маңызды және бір
мезгілде өзгермелі метеорологиялық шамалардың бірі. Бұл
оның сипаттамаларын зерттеу, талдау және болжау үшін
ғылыми зерттеулер мен басқа да жобалардың сан түрлілігін
түсіндіреді. Атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің
ауытқуын анықтау үшін келесі формула қолданылды:
100 %
i
R
R
R
=
⋅
(1)
мұндағы,
i
R
— жауын-шашын мөлшерінің нақты мәні;
R
— жауын-шашынның орташа айлық мөлшері.
Формула (1) жауын-шашынның аса ылғалды және
тапшы аномалияларын анықтайтын негізгі критерий бо-
лып табылады. Бұл үшін, әр ай үшін және әр станция үшін
бөлек R есептеледі, содан кейін қарастырылып отырған ке-
зеңді жіктеу үшін келесі градациялар қолданылады: R≤80 %
кезінде, таңдалған кезең жауын-шашын тапшылығымен
белгіленді; 80 %≤R≥120 % кезінде, жауын-шашын мөлшері
нормаға сәйкес болды; R≥120 % кезінде, артық жауын-ша-
шын болды. Есептеу нәтижесі кесте 1-де берілген.
Do'stlaringiz bilan baham: |