Bilimdi akparattandyru indd


Компьютерлік техникаға негізделген



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet16/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

2.2 Компьютерлік техникаға негізделген 
ақпараттық технологиялар
Компьютерлермен ақпараттық технологиялар білімді 
ақпараттандырудың негізі болып табылады. Сондықтан əдетте 
аппараттық қамтамасыз ету деп аталатын компьютерлермен олар-
ды басқаратын құрылғылар білімді ақпараттандыру үдерісінде 
қарастырылуы тиіс. Сонымен бірге құрылғылардың ерекшеліктері 
мен аппараттық қамтамасыз ету түрлі құралдарының функционалда-
нуы информатика жəне ақпараттық-қатынастық технологиялардың 
пəндік аумағына соңғы онжылдықта берік кірді. Осыны ескере 
отырып, білімді ақпараттандыру үшін аса маңызды компьютерлер 
мен басқа аппараттық қамтамасыз ету ерекшеліктеріне тоқталу 
қажет.
Өздерінің жаңа екеніне қарамастан компьютерлердің жетерліктей 
бай тарихы бар. Алғашқы қосу машинасын 1642 жылы атақты 


41
француз физигі, математик, инженер – Блез Паскаль құрастырды. 
Оның есептеу машинасы бүгінгі күнге дейін сақталған. Бастапқыда 
есептеуді автоматтандыру механикалық аспаптар мен құрал-
саймандардың көмегімен іске асырылғанына қарамастан, мұндай 
құрылғыларды ақпаратты өңдеу құралдары ретінде қарастыруға бо-
лады. Олай болса, оларды адам əрекетінің, сонымен қатар білімнің 
əртүрлі аймағындағы жаңа ақпараттандыру құралдарының түбірі 
деп айтуға болады.
Осыдан төрт онжылдық бұрын механикалық арифмометрлер, 
электрлімеханикалық пернелі есептеу машиналары, электронды 
есептеу машиналары (ЭЕМ) жиі қолданылды. Бірақ, өзінің қолайсыз 
үлкендігі, қолданудағы қиындығы, қымбатшылығы, ақпаратты 
өңдеудегі төмен жылдамдығы жəне ЭЕМ-ның тағы да басқа бірқатар 
себептері білім саласында тиісті пайдалануын таба алмады. Тек 
қана кейбір оқу орындарында есептеу жəне оларды өңдеуді авто-
маттандырумен байланысты мамандарды дайындауда ЭЕМ қажет 
екендігін дəлелдеді. Осы орайда барлық педагогтар мен студент-
тер бір есептеу машинасымен жұмыс істеді. Дəл осы институт пен 
университеттерде білімді ақпараттандырудың тұңғыш тəжірибесі 
туындады. 
Білім əрекетінің барлық түріне ақпараттандыру құралдарының 
енуін дербес ЭЕМ мүмкіндіктерін кеңейтетін, төмен бағадағы, 
жоғары жылдамдықтағы, ықшамдылығы, бір адам ғана 
жұмыс істейтін сияқты ерекшеліктері бар дербес ЭЕМ-ді өткен 
ғасырдың 80-жылдардың басында пайда болуымен байланыстыруға 
болады.
Дербес ЭЕМ-нің дамуындағы басты бағыт əртүрлі типтегі 
ақпараттарды өңдеу мүмкіндіктерінің кеңейтілуі болып табыла-
ды. Кейін келе мұндай аппараттық құралдар адамдарға мəтіндерді, 
графикалық бейнелерді, сурет жəне бейне-үзінділерді, дыбысты 
құруға, сақтауға, өңдеуге жəне тасымалдауға жағдай туғызды. 
Осыған байланысты жаңа дербес ЭЕМ-ді əдеттегі есептеу машина-
лары деп атауға болмайды. Мұндай құрылғыларға «компьютерлер» 
деген атау берілді.
Бірақ, ағылшын тілінен «компьютер» сөзін аударғанда 
«есептеуіш» деген мағынаны білдіреді. Жəне де «компьютер» 
сөзі көптеген əлем тілдері арасында əртүрлі типтегі ақпараттарды 
өңдейтін 
дербес ЭЕМ
деген ұғымды білдіруде. 


42
Компьютер əмбебап. Осы жерде компьютердің əмбебаптылығын 
еске түсірсек, яғни, ол əртүрлі типтегі ақпараттары өңдеумен қатар, 
бір типтегі ақпаратқа əртүрлі іс-əрекетті орындайды. 
Өздерінің əмбебаптығының арқасында дербес компьютерлердің 
білімді ақпараттандыру жағынан бірнеше артықшылықтары бар. 
Көптеген педагогтар мен үйренушілер қазіргі кезде барлық оқу 
орындарында дербес компьютерлермен жұмыс істейді. Осы дербес 
компьютерлердің көмегімен лекциялар оқылады жəне тəжірибелік 
сабақтар жүргізіледі, білімнің деңгейі тексеріледі, ғылыми-зерттеу 
жұмыстары жүргізіледі, оқу жүктемесі таратылады, оқудан тыс іс-
шаралар жоспарланады, курстық жəне дипломдық жұмыстар орын-
далады, өзіндік білім алу іске асырылады. 
Осыған байланысты 
компьютерлік аппараттық қамтамасыз 
ету
анықтама бойынша білімді ақпараттандыру құралдарының 
ажыратылмас бөлігі мақсатқа сай дербес компьютерлер жəне олар-
мен бірігіп жұмыс істейтін басқа да аппараттық құрылғылар болып 
табылады. 
Дəрежесінен, моделінен, құрылу уақытынан жəне қолдану аясы-
нан тыс білім беруде қолданылатын барлық дербес компьютерлердің 
ортақ түпкі (фундаменталды) ерекшеліктері бар, олардың ішінде:
1. Бір қолданушымен жұмыс істеу, бұл жағдайда уақыттың əр 
кезінде компьютермен тек бір адам жұмыс істейді. Соны-
мен бірге ақпараттарды өңдеуде біруақытта бірнеше əрекетті 
орындауға болады; 
2. 
Мəтін, сандық мəліметтер, графикалық бейнелер, дыбыс 
секілді жəне т.б. ақпараттардың əртүрлі типтерін өңдеу, сақтау, 
ұсыну жəне тасымалдау мүмкіндігі;
3. Табиғилыққа жақын, қолданушымен біркелкі тілде араласу;
4. Əртүрлі типтегі ақпараттарды өңдеуде, сақтауда, ұсыну мен та-
сымалдауда дербес компьютердің мүмкіндігін елеулі кеңейтетін 
əртүрлі аппараттық құрылғылардың бірлесіп жұмыс істеуі;
5. 
Компьютердің түрлі жүйелік функциясының жұмысын 
қолдауға мақсатталған, сонымен адам əрекетіндегі 
ақпараттандыру үшін маңызды қолданбалы есептерді шешетін 
арнайы өңделген компьютерлік бағдарламаларды басқаруда 
ақпараттарды өңдеудегі əреттердің орындалуы. Бұл тəрізді 
жүйелік жəне қолданбалы бағдарламалардың жиынтығы 
дербес компьютерлердің бағдарламалық қамтамасыз етуін
құрайды. 


43
Кейбір дербес компьютерлердің ерекше өзгешеліктері, ол 
– компьютердің шағын өлшемі мен салмағының нəтижесінде 
адам өзінің тұрған жеріне тəуелді емес жерлерде қолдана алатын 
мүмкіншілігі бар олардың жылдамдығы. 
Компьютердің адаммен өзара байланысы мен талап етілетін 
бағдарламалық қамтамасыз ету типінің тəсілі компьютердің 
аппараттық тұғырнамасына (платформасына) тəуелді. Бұл 
түсінікке таңбасына жəне нақтылы аппараттық қамтамасыз етуді 
əзірлеуші-фирмаға лайық компьютердің техникалық жүзеге асыру 
ерекшеліктерінің жиынтығы кіреді. Білімнің жаңа жүйесінде бұл 
тəрізді екі платформа қолданылады. 1976 жылы американдық инже-
нерлер Стив Возняк пен Стив Джобс ең алғашқы Apple Macintosh 
компьютерін жасады. Мұндай компьютерлердің көптеп жасалуы 
дербес компьютерлер өнеркəсібінің қалыптасуына негізгі түрткі бол-
ды. 1981 жылы IBM фирмасымен IBM PC (PC - personal computer) 
дербес компьютері ұсынылды. Оның моделі PC XT, PC AT, сонымен 
қатар Pentium үрдіссорлы моделі дербес компьютерлердің əлемдік 
саудасында өз уақытында ең жоғары сатыда болды. Атап айтқанда 
IBM PC пен Apple Macintosh компьютерлер сыбайластығы жəне 
оларға сəйкес аппараттық платформалары көптеген əлем елдерінің 
білім жүйесіндегі кең таралғандары болып табылады. 
Мамандарды дайындаудың тиімділігін көтеру дербес 
компьютерлердің аппараттық платформалар типіне тəуелді емес 
екенін жəне білімді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін бір 
дəрежеде қолданыла алатынын түсінуміз қажет. 
Сонымен бірге бір аппараттық платформаға жататын дербес 
компьютерлер білімге компьютерлерді енгізудегі практикалық 
əрекеттері барысындағы бірқатар белгілеріне (көрінуіне) байланыс-
ты бір-бірінен өзгешелігі болуы мүмкін.
Осыған байланысты білімді ақпараттандыру барысында пай-
да болған сұрақ білім əрекетінің тиімділігін көтеруде нақты 
компьютерді қолдану үшін белгілерінің жеткіліктілігі болып табыла-
ды. Көбінесе бұл сұрақтың шешуі педагогтар мен оқу орындарының 
əкімшілігіне жүктеледі. Белгілердің жеткіліктілігін анықтаудың 
дұрыс жолдарының бірі білім берудің нақты бір түріндегі оларды 
қолданудағы мақсат алдын ала анықталады, қажет компьютерлік 
бағдарламалық құралдар жəне олардың мазмұндық толтырулары 
таңдалынады, білімді ақпараттандыру құралдарының қолдану шарт-
тары анықталады. Дербес компьютерлердің параметрлері берілген 


44
шарттарда ақпараттандыру мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, 
таңдалынып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету айтарлықтай 
жұмыс істесе 
жеткілікті
болып табылады.
Білімді ақпараттандыру тұрғысынан ең ыңғайлы жаңа, 
күшті жəне қымбат компьютерлер жеткілікті бола бермейді. Оқу 
үдерісінің тиімділігін арттыру үшін он жыл бұрын өндірілген 
күші аз компьютерлерді қолдану кейде жеткілікті болып табыла-
ды. Осыдан оларды компьютерлердің соңғы үлгісімен айырбастау 
оқытудың тиімділігіне əсерін тигізбейді. Мысалы, ретінде инфор-
матика курсындағы бағдарламалау негіздерінде Turbo сыбайластық 
қабығын қолданып оқытуды келтіруге болады.
Аппараттық қамтамасыз етудің жеткіліктілігін анықтау 
үшін білімді ақпараттандыру мақсатына жетудегі олардың 
белгілерінің талаптарымен, бағдарламалық қамтамасыз етуімен 
салыстырылу қажет. Осыған байланысты педагогтың қарауындағы 
компьютерлердің қандай белгілері болу керек екенін білу қажет.
Ол белгілердің қатарына мыналар жатады:

Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish