Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі



Download 1,46 Mb.
Pdf ko'rish
bet115/188
Sana13.03.2022
Hajmi1,46 Mb.
#492502
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   188
Bog'liq
2 5307809992731005381

құқықтық тәрбиенің басты мақсаты.
Құқықтық тәрбиенің 
міндеттері 
мыналар:
– оқушыларға Конституцияны, мемлекет туралы тағылымды ұғындыру;
– балаларды адлиялық білімдердi игеруге, үкімет заңдарын құрметтеуге 
үйрету; 
– жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талап-
тарына сай қалыптастыру; 
– жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру; 
– халықаралық құқық мәселелерiмен шұғылданатын ұйымдар қызметі-мен 
таныстыру. 
Кейде қоғамдық орындарда балалардың, жасөспірімдердің, жастардың 
былапыт сөздер айтып, бар дауыстарымен даурығып жатқанын көреміз. Авто-
бустарда қол телефонымен айғайлап сөйлесіп жатқанын немесе музыкасын 
қатты қойып төңіректегілерге кедергі келтіріп бара жатқанына куә боламыз. 
Оқушылар арасында топ-топ болып төбелесулер де орын алып тұрады. Бұла-
дың барлығы қоғамның құқықтық нормаларын бұзудың бір көрінісі. Қоғам 
тарапынан белгіленген құқықтық норманы бұзғандар жауапкершілікке 
тартылады. 
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамда жасайтын әрбір адамның өмірін 
қамтиды. Сондықтан әрбір адам құқықтық нормаларды біліп қана қоймастан, 
олардың талаптарын орындауы міндетті болып саналады. Мұның үшін өте ерте 
жастан жеке адамның құқықтың санасын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін 
тәрбиелеу қажет. 
3.6.4. Құқықтық тәрбиені беру жолдары.
Құқықтық тәрбие беру білім беру мекемелерінде арнайы жүргізілетін 
сабақтар, тәрбиелік шаралар арқылы амалға асырылады. Құқықтық тәрбиені 
беруде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі.


136 
Төменгі сынып оқушылары мен жеткіншектер құқықтық білімдерді оқу 
процесінде мемлекет, оның символдары, азаматтардың құқықтары мен мін-
деттері туралы жалпы түсініктер арқылы алады. Бұл жастағы оқушылар кей-
де қарым-қатынас барысында құқықтық норма талаптарын бұзып қояды. Оған 
олардың еркеліктері, эгоизмі, бейбастығы, жалқаулығы себеп болады. Сөйтіп 
басқа бір адамға немесе қоғамдық мүлікке зиян жеткізеді. Егер мұндай 
жағдайда құқықтық профилактика жұмыстары жүргізілмесе, оқушыларда 
құқықбұзушылық мінез-құлық пайда болады. 
Ал жасөспірімдік шақта оқушылар құқықтық және адамилық қарым-
қатынастың мәнін тереңірек түсіне бастайды. Олар әртүрлі қызмет түрлерінде 
азаматтық жауапкершілігін біледі, өзінің құқықтары мен міндеттерін мең-
гереді.
Мектепте оқушының бойында құқықтық сананы қалыптастыру үшін ар-
наулы құқықтық білім берiледi. Мемлекеттік құқық негіздерi және қоғамдық 
пәндер арқылы оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беріледі. 
Оқушыларға сабақтан тыс құқықтық білім конференцияларын, диспут, 
сұхбат, дискуссия ұйымдастыру, Республика Конституциясын, заңдарын 
түсіндіру құқықтық тәрбиенің негізгі бағыттарының бipi болып саналады. 
Оқушыларға республика дәстүрлері, ұлттық ерекшеліктері, этнографиясы, 
демографиясы туралы түсінiктер беру де құқықтық тәрбиенің функциясына 
кіреді.
Сонымен бірге, құқықтық тәрбие беруде ақпарат құралдарының тигізетін 
пайдасы зор. Бүгінгі күнде теле-радио хабарларда, мерзімді баспасөздерде 
оқушылардың құқықтық білімін нығайтатын, құқықтық сана-сезімін дамыта-
тын хабарлар жеткілікті. Одан тиімді пайдалану керек. 
Құқықтық тәрбие беру 
методтары
: лекция, сұхбат, үлгі-өнеге, дәлелдеу, 
насихаттау, бекерге шығару, үйрету, тапсырма беру, талап, жаттықтыру, 
мақтау, мадақтау, марапаттау, жазалау. 

Download 1,46 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   188




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish