Шаруа немесе фермер қожалықтарының қалыптасу серпіні
Көрсеткіш
Жылдар
1991
2007
2009
2011
2013
2016
2017
2018
2019
Шаруа н/е фермер қожа-
лықтарының саны, бірлік
2 480
169326
170193
182986
158583
219759
222004
213528
217217
Ауданы, мың га
1 615, 1
40992,7
45140,4
48 691,3
53 981,2
60097,4
61612,3
62619, 7
63676,3
1-кестеде шаруа қожалықтарының мөлшерінің сара-
лануы байқалады: олардың ұлғаюы негізінен реформа-
лардың басында құрылған, белгілі бір мемлекеттік қолдау
алған, бастапқы капиталы бар және салыстырмалы түрде
тиімді экономиканы құра алатын ірі шаруашылықтардың
кеңеюіне байланысты. Зерттеулер бойынша жер көлемі
үлкен (800–1500 га және одан да көп) кооперациялана-
тын шаруашылықтар неғұрлым тиімді болып табылады.
Осыған байланысты жерді пайдаланудың неғұрлым икемді
және үнемді нысаны ретінде ұзақ мерзімді жалға алуға ба-
сымдық бере отырып, жер пайдалану мөлшерін кеңейтуді
ынталандыру қажет.
Соңғы жылдары шаруа немесе фермер қожалықтарын-
дағы өндірістің өсу қарқыны соншалықты өсті, оларды
тұрақты динамикалық деп сипаттауға болады. Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің
деректері бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығының
жалпы өнімінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда
0,9 %-ға ұлғайды және 5 239,9 млрд теңгені құрады. Бұл
ретте мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 4 %-ға ұлғайды,
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру 1,7 %-ға төмен-
деді. Сондықтан көрсеткіштерге сүйене отырып, рес-
публиканы азық-түлікпен қамтамасыз етуде шаруа не-
месе фермер қожалықтарының рөлінің артқанын атап
өтуге болады.
Шаруа немесе фермер қожалықтарының 50 %-дан
астамы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге ма-
манданған. Олардың мемлекеттегі негізгі қызметі дәнді
дақылдарды нақты белгіленген өндірістік бағдарсыз және
мамандандырусыз бір бейінді өсіру түрінде жүзеге асыры-
лады. Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер
қожалықтарының қазіргі жай-күйі олардың мамандануы
мен мөлшерінің оңтайлы бағытын таңдау талаптарына әлі
де жауап бермейді. Көптеген шаруашылықтарда ғылыми
негізделген ауыспалы егіс енгізілмеген, егіс алқаптары-
ның құрылымы ең жоғары табыс алу есебінде ғана қалып-
тасады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі төмен күйінде
қалып отыр. Жануарларды негізінен жеке тұтынуға ғана
ұстайды. Шаруашылықтардың аз ғана бөлігі тауарлы фер-
маларға ие. Бұл үй-жайларды салуға, мал сатып алуға қара-
жаттың болмауына, сондай-ақ осы өнімді өндіруге жұмса-
латын шығындардың жоғары болуына және сатып алу
бағасының төмен болуына байланысты. Бірақ, соңғы жыл-
дары мал шаруашылығын дамыту қолға алынып, әртүрлі
мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. 2019 жылы
мал шаруашылығы өнімдерін өткізуден дара кәсіпкерлер
және шаруа немесе фермер қожалықтарында жалпы пайда
642,3 млн теңге құрады. Өткізілген тірі салмақтағы мал мен
құс етінен 501,6 млн теңге, сиыр сүтінен — 115,1 млн теңге,
жұмыртқадан 18 млн теңге жалпы пайда алынды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан
Республикасының шаруа немесе фермер қожалықтарының
көпшілігі тиімді даму сипатына ие емес деп айтуға болады,
осыған байланысты шаруа немесе фермер қожалықтары-
ның жұмыс істеу тиімділігі мен орнықтылығын олардың
мөлшері мен өндіріс құрылымын оңтайландыру, ресурстық
әлеуетті ұтымды пайдалану арқылы арттыру проблемасы
өткір тұр. Бұл мәселенің өзектілігі шаруа қожалықтарының
одан әрі экономикалық дамуын қиындататын бірқатар фак-
торлардың әсерімен байланысты:
— салыстырмалы шектеулермен материалды
қ
ресур-
старды
ң
жо
ғ
ары
құ
ны;
— шаруа
қ
ожалы
қ
тарын мемлекеттік реттеу және
қ
ол-
дау ж
ү
йесіні
ң
болмауы;
— ке
ң
ейтілген
ө
ндіріс
ү
шін
қ
ажетті
қ
аражат, сондай-а
қ
әлсіз материалды
қ
-техникалы
қ
база және жер аз-
ды
ғ
ы;
— дайын кадрларды
ң
жетіспеушілігі;
—
ө
з
ө
німдерін сатуда
ғ
ы
ү
лкен
қ
иынды
қ
тар фермер-
лерге тиімді
қ
ызметті орнату
ғ
а м
ү
мкіндік бермейді.
Шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі халықты
азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұлғайту тұрғысынан ғана
емес, ауылда қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыс-
Do'stlaringiz bilan baham: |