345
Young scientist Kazakhstan
бадан, Райхан туған. Ділдә анамыздың мазары Аралтөбедегі
Әйгерім басына тұрғызылған төрт құлақты тамға жерленген.
Ділдә бәйбішеден туған балаларына тоқталсақ.
Ақылбай Абайұлы (1861–1904) Абайдың бәйбішесі Діл-
дәдан туған тұңғыш баласы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным
өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз
бауырына басады. 9–10 жас шамасында Құнанбайдың указной
молдасы Ғабитханнан білім алып, ол 4–5 жылдан әрі оқы-
майды. Құнанбай өзімен тең жерден қыз айттырып, Ақыл-
байды үйлендіріп, еншісін береді. Жеке ауыл болған Ақылбай
сауық-сайран құрып, сері-мырза атанады. Домбыра тартып, ән
салады. Жас күнінен әкесі Абайдан аулақ өскенін, ақкөңіл аңқа-
улығын пайдаланып, Абай дұшпандары әке мен баланың ара-
сына от жағады, ажыратпақ болады. Абай баласына «Ата-анаға
көз қуаныш» деген өлең жазады. Өлең Ақылбайға ой салып,
толғантты. Жігіт ағасы болған Ақылбай Абай алдында, ақын-
шәкірт ретінде жақындап, домбыра, сырнай, скрипкада шебер
ойнайтын мақтаулы өнерпаз болып, «Құнанбайдың мыр-
засы» атанады. Қазақтың ескі күйлері «Азаматқожа», «Бұлаң
жігіт», «Бес төре», «Асыл қалша» деген күйлерді, скрипкада
Мұқадан үйренген бірнеше орыс музыкасын таратқан. Ақыл-
байдың жастық-шақ, махаббат тақырыбына жазған көптеген
өлеңдері болған. 1895 жылы бауыры Әбдірахман өліміне ар-
найы жоқтау — өлең шығарған. 1904 жылы інісі Мағауия қайтыс
болғанда шығарған жоқтауы сақталған. Ақылбайды ақын
ретінде танытқан шығармалары-дастандары қатарында —
«Дағыстан», «Кәрі Жүсіп», «Зұлыс», «Жаррах батыр» сақтал-
маған. Орыс мәдениеті мен әдебиетінен алған үлгі-өнегісі арқа-
сында, А. Пушкин, Ю. Лермонтов шығармаларымен таныс
болған. Ақылбай қазақ әдебиетінде Кавказды тұңғыш жыр-
лаған ақын. Тау халқы өмірінен «Дағыстан», Африкадағы зұлы-
стар жайлы «Зұлыс» сияқты дастандар жазған. Әкесі Абаймен
бірге 1893–94 жылдары Семей қаласындағы бастауыш білім
беру ісіне қамқорлық жасайтын Қоғамның толық мүшесі
болды. Ақылбайдың бейіті қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданындағы өз қыстауы — Тышқан бұлағының қасына
жерленген. 1993 жылы Ақылбай бейітінің басына ұлу тастан
ескерткіш — мазар тұрғызылды.
Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869–1895) Абайдың Діл-
дәдан туған баласы. Семей қаласындағы уездік мектепке бе-
реді. Әбдірахман 1886–89 жылдары Түмен қаласындағы Алек-
сандров реалдық училищенің 5, 6, 7-кластарын оқып бітіреді.
1889–1892 жылдары Санкт-Петербургте Михайлов артиллерия
училищесінде 3 жыл оқып білім алады. Училищеге әуелі қа-
тардағы юнкер дәрежесінде түскен Әбдірахманға 1890 жылы
унтер-офицер, 1892 жылы портупей-юнкер, сол жылы та-
мызда подпоручик деген әскери атақ береді. Училищені өте
жақсы деген бағамен бітіріп, 1892 жылы Ташкенттегі бекініс
горнизонының артиллериясына қызметке жібереді. Мінезде-
меде Әбдірахманның мінез-құлқы өте жақсы, ашық ақжарқын,
әскери қызметіне жауапты қарайтыны, таңдаулы офицер бо-
лады тұрғанын, бірақ денсаулығының нашар екені жазылған.
1892 жылы Әбдірахман елге демалысқа келгенде Мағри-
паға (Мағыш) үйленеді, олардан Рахила деген қыз туылады.
Орыс ақындары — Г. Державин, Н. Карамзин, В. Жуковский,
И. Крылов, М. Лермонтов, А. Пушкин, Н. Гоголь, А. Грибоедов,
И. Гете шығармаларымен таныс болған. Әкесіне қажетті кітап-
тарды жіберіп тұрған. Өзінің ой-қиялына, әлеуметтік көзқара-
сына, ақындық шабытына рухани дем беріп, ақылшысы, сы-
рласы бола білген Әбдірахманға Абай зор үміт артқан. Абай
Әбдірахманға арнап «Алланың рахматын», «Орынсызды айт-
паған», «Көзімнің нұрысыз», «Тілім саған айтайын», «Кешегі
өткен ер Әбіш», «Жылағанды тоқтатып», «Бермеген құлға, қай-
тесің» тағы басқа хат-өлеңдер, жоқтаулар жазған. 1895 жылы 15
қарашада Әбдірахман Ташкентте қайтыс болып, сүйегі Ақмо-
лаға жерленеді.
Күлбадан Абайқызы (1862–1932) Абайдың бәйбішесі Діл-
дәдан туған қызы. Абай қызы Күлбаданды жастайынан Семей-
дегі орыс мектебіне оқытқан. Күлбадан Дүтбай Уандықұлының
інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүйсеке өлген соң, Күл-
бадамды әмеңгерлік жолмен Дүтбай алған. Күлбадан Дүй-
секеден — Хамза, ал Дүтбайдан — Мүкен, Мұхтар, Муштар,
Мәкен, Хадиша деген балалары тараған. Күлбадан туралы
толық мәліметтер Абайдың Семейдегі әдеби-мемориал музейі
қорында сақтаулы.
Әкімбай Абайұлы (Хакімбай) (1866–1873) Абайдың Діл-
дәдан туған баласы. 7 жасында қайтыс болған. Абай жинақта-
рының кейбір басылымдарында «Әкімбай өлгенде» деген
атпен жарияланып жүрген өлеңнің Әкімбайға еш қатысы жоқ,
өйткені өлең Әкімбай қайтыс болғаннан кейін 22 жылдан соң,
1895 жылы жазылған.
Мағауия Абайұлы Құнанбаев (1870–1904) Абайдың 25 жа-
сында, Ділдәдан туған кенже ұлы. Жас шағында ауылда мұ-
сылманша аз оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское учи-
лище дейтін орысша мектепке түсіреді. Мағауия екі-үш жыл
оқығаннан кейін жұқарып, науқасқа шалдыға бастайды, амал-
сыздан оқуын тоқтатып, ауылға қайтады. Үнемі Абайдың қа-
сынан қалмай, әкесінің өз тәрбиесінде болады. Әкесіне ілесіп
орысша кітапты Абайша қатты зер салып оқиды, оқымысты
жастың бірі болады. Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп,
жақсы білген, ұғынған Мағауия өзі де, Ақылбай, Көкбай сияқты
ақындық еңбекке беріледі. Ол жазған поэмалар «Еңлік-Кебек»,
«Абылай» поэмалары қолжазба күйінде сақталса да, оқушы-
ларға тарамаған. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы да
қазақтан жырақ, алыс елдер өмірінен алынған. Ақылбай із-
денген жолмен жүріп, мейірсіз байдың ер құлдан саза тартқанын
әңгіме етемін деп, ақын өз тақырыбының айшығын танытады.
«Медғат-Қасым» поэмасында өлең, теңеу, сөздік жағынан өз
шығармасының төркін-тегін аңғартып, білікті ақын екенін көр-
сетеді. «Еңлік-Кебек» поэмасында Кеңгірбайдың образын, ісін
бейнелеуде айқын суреттеп, жаңа буынға надан заманның қа-
раңғы ортаның қатал мінездерін — Кеңгірбайдің билігін батыл-
дықпен ашып, әшкерелеп жырлайды. Мағауиянің бейіті Жиде-
байдағы қорымда.
Райхан Абайқызы (1871–1896) Абайдың бәйбішесі Ділдәдан
туған қызы. Найман еліндегі Серікбай байдың ұлы Құдайбер-
генге тұрмысқа шыққан. Райханның естелігіне қарағанда Абай
осы ауылда талай рет болып, дойбы ойнаған. Өзі ұтса, «ми
ұтады ғой» қарсы жағы ұтса «тақтай баққан, ойын аңдыған қу
ұтады ғой» деп, елді күлдіріп отырады екен. Райханның әкесі
туралы естеліктері Абайдың республикалық әдеби мемори-
алдық музейінде сақтаулы.
«Молодой учёный» . № 7 (297) . Февраль 2020 г.
Do'stlaringiz bilan baham: |