.
# 5 (295)
.
January 2020
355
Young scientist Kazakhstan
М О Л О Д О Й У Ч Е Н Ы Й Қ А З А Қ С Т А Н
Қоғамдық дискурсты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы когнитивті
эквиваленттікке жету мәселелері (денсаулық сақтау аясында)
Дәулетқұл Әмина Талғатқызы, магистранты
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Қазақстан, Алматы.
Қазіргі дамыған заманда аудармашылар екі мемлекетті байланыстыратын «көпір» рөлін атқарады. Со-
нымен қатар, кейінгі жылдары лингвистер мен аударматанушылардың назары лингвистикадағы жаңа
бағыт «когнитивистикаға» көптеп аударуда. Бұл мақалада біз медицинадағы терминдердің ағылшын тілі
мен қазақ тіліндегі ерекшеліктерін анықтап, олардың когнитивті эквиваленттікке жету мәселелерін қа-
растырамыз.
Түйін сөздер
: когнитивті лингвистика, аударма, эквивалент, медициналық терминдер.
Проблемы когнитивной эквивалентности при переводе социального дискурса
с английского языка на казахский язык (в сфере здравоохранения)
Даулеткул Амина Талгаткызы, студент магистратуры
Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана (г. Алматы, Казахстан)
В современном мире переводчики являются «мостом», соединяющие две страны. К тому же последнее
время лингвисты и переводоведы начали всерьёз исследовать «когнитивистику», новое направление в линг-
вистике. В данной статье мы определим особенности медицинских терминов в английском и казахском
языках, а также рассмотрим проблемы когнитивной эквивалентности.
Ключевые слова:
когнитивная лингвистика, перевод, эквивалент, медицинские термины.
А
ударма адамдардың мәдениетаралық коммуникация-
сындағы іс-әрекеттердегі аспектілерінің алғашқысы
және негізі болып табылады. Сондықтан адамның ког-
нитивті дағдыларын «түпнұсқа мен аударма тілдерінің
когнитивті құрылымдарын біріктіретін, интеграциялық
құрылымдарының құрылуын қамтамасыз ететін, меха-
низмдер жиынтығы» ретінде түсіну қажет [1; 12].
Аударманың когнитивті мәселелері — аудармашының
белгілі әлеуметтік-мәдени және тарихи тәжірбиесі бар
болуы. Бұндай тәжірбиелердің әртүрлілігі және айыр-
машылығы интеллектуалды, эмоционалды, әлеуметтік
бейнелерін және стереотиптерін, әлеуметтік-мәдени және
этномәдениеттік қағидаттарын, сонымен қатар тілдесудің
дискурсивті стратегияларын құруға өз үлесін қосады.
Лингвистика саласында когнитивизм жаңа бағдар-
лардың бірі және қазіргі уақытта көптеп лингвисттердің
назарын аударуда. Ал, аударма барысында когнитивті
эквиваленттікке жету мәселелері аударматануда әлі де
өзекті болып қалуда. Сонымен қатар, «Аударманы» зерт-
телінетін — қолданбалы жұмыстарда функционалды-мақ-
сатты бағыт бойынша сараланған «интеллектуалды» қы-
змет ретінде тану және аударманың әдістері мен тәсілдерін
айқындау, түпнұсқадағы мәтіннің коммуникативті-интен-
сионалды векторларын сақтау және тілдің өзіндік стильдік
түрін және аударылып жатқан мәтіннің ұлттық-мәдени
ерекшелігін аударудағы қиындықтарды өткеріп, түп-
нұсқа мәтініндегі ақпаратты аударма мәтініне құрылымдау
кезінде рационалды компрессияны қамтамасыз ететін —
аудармашының классификациялар формаларының әді-
стері мен тәсілдері қолданылған жұмыстары өте аз. Со-
нымен бірге, көптеген жылдар бойы аударма аясындағы
зерттеулер тек лингвистика шеңберінде жүргізілген,
тек 80-жылдардың басында ғана ғалымдарда «Аударма
кезінде аудармашының қандай миында қандай процесстер
орын алады?» деген сұрақ туды. Осы орайда ғалымдар
когнитивті лингвистикаға назарларын бөле бастады.
«Молодой учёный»
Do'stlaringiz bilan baham: |