«интернаука» Научный журнал №8(231) Март 022 г. Часть Издается с ноября 2016 года Москва 2022 ббк 94 И73 Председатель редакционной коллегии: Еникеев Анатолий Анатольевич


«Пауэрлифтинг» тарауын қорытындылай



Download 1,83 Mb.
Pdf ko'rish
bet22/50
Sana04.04.2022
Hajmi1,83 Mb.
#527267
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Bog'liq
8(231 4)

«Пауэрлифтинг» тарауын қорытындылай 
келе біз соңында мынадай шешімге келдік: 
күштік үш күрес атымен де белгілі
 
пауэрлифтинг 
жеке үш жаттығулармен көрінеді: штангыны жүрелеп 
отырып көтеру, штангыны жатып алып сығымдап 
көтеру және штангыны көтеру (становой көтеру ). 
1.2 Пауэрлифтингте техникалық дайындық 
негіздері
Пауэрлифтингте жетістікке жетудің негізгі 
компоненттері спорттың басқа түрлеріндегідей 
физикалық форма, техникалық және психологиялық 
дайындық болып табылады.
Пауэрлифтингте 
кез 
келген 
физикалық 
жаттығуды орындай отырып адам белгілі бір 
қимыл-қозғалыс міндетін шешуге қатысады: 
штангыны жатып алып сығымдап көтеру, иықтағы 
штангымен штангыны жүрелеп отырып көтеру және 
становой көтеру. Көптеген жағдайларда бір міндет 
бірнеше тәсілдермен шешілуі мүмкін. Осылайша, 
әңгіме қимыл техникасы туралы болмақ. 
Спорттық жаттығулардың техникасы – бұл 
жоғары спорттық жетістікке жетуге ықпал ететін 
жаттығуды орындаудың әлдеқайда рационалды 
және тиімді тәсілдерінің бірі. 
Пауэрлифтингте техника деп біз жаттықтыру 
мен жекпе-жекте арнайы қозғалыс әрекеттерінің 
жиынтығын түсінеміз. 
Техника рациональды және тиімді болып 
табылады. 
Әрі қарай техника спортсменді фундаментальды 
базалық дайындаудың негізі болып табылады және 
жаттықтыру үдерісінде үздіксіз жетілуі мүмкін. Бір 
қозғалыс міндетін шешудің түрлі әдістері мақсаттық 
бағытталуымен бірігеді. Физикалық жаттығудың 
өзара жалпы мағыналық (мақсаттық) бағытымен 
біріккен бұл қимылдар операция деп аталады.
Бағытталған физикалық жаттығуды орындаудың 
әр тәсілінің негізінде өзара байланысты қимылдардың 
жиынтығы жатыр. Аталған әдістің ішіндегі 
техникадағы әлдеқайда қажетті және шешуші 
бөлімі – бұл техниканың негізгі (жетекші) өзегі 
болып табылады. Қимылдарда техниканың жетекші 
өзегін орындау әдетте уақыттың салыстырмалы 
қысқа аралығында болады және үлкен бұлшық ет 
күштенуін талап етеді. Қалған жанама қимылдар 
бірінші дәрежелі болып табылмайды және 
техниканың негізін бұзбайды. Бұл техника 
бөлшектерін анықтайтын қимылдың қосымша 
ерекшеліктері. 
Әрбір жаттығушының жеке индивидуальды 
ерекшеліктерін 
дұрыс 
қолдану 
оның 
индивидуальды техникасын сипаттайды. Кез келген 
әрекетті жаттап алу техниканың негізгі (жетекші) 
өзегіне үлкен мән берілетін оның негізін меңгеруден 
басталады, ал содан кейін оның бөлшектеріне мән 
беріледі.
Физикалық жаттығулардың техникасы үнемі 
жетілдіріледі және жаңаланады; бұл төмендегі 
жағдайлармен келісілген: 

Физикалық дайындық деңгейіне үдеме 
талаптармен; 

Қимылды орындаудың әлдеқайда жетілген 
тәсілдерін іздеумен; 

Дене тәрбиесі мен спортта ғылымның 
рөлінің артуымен; 

Оқыту әдістемесінің жетілуімен; 

Жаңа спорт инвентарі мен құрылғының 
(қорғаныс 
жабдықтары, 
тренажерлар, 
арнайыландырылған снарядтар) пайда болуымен. 
Пауэрлифтингтегі 
барлық 
үш 
жарыс 
жаттығуларында дайындық бөлімі болып старттық 
жағдай тәсілі болып табылады. Жарыс жаттығуын 
орындаудың басты, негізгі бөлімі: штангыны 
жүрелеп отырып көтеру, штангыны жатып алып 
сығымдап көтеру немесе тарту. Барлық үш 
жаттығуда да қорытынды бөлім соңғы қалыпты 
фиксациялау болып табылады. 
Максимальды күшті қажет ететін спортта 
дұрыс таңдалған қалып үлкен нәтижені қамтамасыз 
етуі мүмкін. жеке жағдайларда топ жағдайының 
мардымсыз өзгерісі күште айтарлықтай өзгерістерге 
әкелуі мүмкін. осылайша мысалы штангыны көтеру 
кезінде қолды аздап бүгу көтермелі күшті 40%-ға 
төмендетеді, еңкейген кеудені – 13,3%-ға, басты 
еңкейту – орташа есеппен 9%-ға төмендетеді. 
Сондықтан да кез келген спорт жаттығуды орындау 
техникасын меңгеруде негізгі әрекеттен бұрын 
болатын дененің бастапқы қалпына, сондай-ақ 
көбінесе жаттығуды орындаудың жақсы жағдайын 
қамтамасыз ететін дайындық жаттығуларына қатаң 
қарау керек. Шеберліктің өсуімен, қозғалыс 
тәжірибесінің жинақталуымен спортсмендерде 
үйреншікті техникадан ауытқушылықтарды түсіну 
қабілеттілігі ғана емес, олардың шегі мен сипатын 
бағалау 
қабілеттілігі 
де 
жақсарады. 
Бұл 
спортсмендерге 
өз 
техникалық 
шеберлігін 
жетілдіруге, кейінгі әрекеттерде ғана емес, әрекет 
барысында қимылдарды түзетуге де көмектеседі. 
Әдетте спорт техникасын меңгеру үдерісін екі 
кезеңге жіктейді – оқыту және жетілдіру. Әрі, егер 
оқыту кезеңі орташа есеппен екі-үш айдан бір 
жылға дейін созылса, онда спорт техникасының 
жетілдіру кезеңі спортсменнің бөлімі мен атағына 
тәуелсіз, барлық жаттықтыру үдерісінің бойында 
болады.
Қимыл техникасының негізін, оның анықтаушы 
тобын және бөлшектерін ажыратады. Техниканың 
негіздері, сөзсіз, белгілі бір әдіспен қозғалыс 
міндеттерін шешу үшін қажетті қимылдың 
динамикалық, кинематикалық және ырғақтық 
құрылымының топтары мен белгілерінің жиынтығы 
(бұлшықет күштерін көрсету үшін қажетті бірізділік; 
уақыт пен кеңістікте келісілген қимылдың қажетті 
құрамы). Бұл жиынтықтағы ең құрғанда бір 
бөлшегінің немесе қарым-қатысының түсіп қалуы 
немесе бұзылуы қозғалыс міндетін шешудің өзін 
мүмкін емес етеді. 
Техникаға кеңістіктік сипаттамалар әсер етеді. 
Пауэрлифтингтегі 
кеңістіктік 
сипаттамалар 
мыналардан тұрады: 

Дене қалпы; 

Қимылдың траекториясынан (жолы); 


Журнал «Интернаука» 
№ 8 (231), 2022 г. 
25

Бөгеттерден (қарсылас, көрермендер, әділ-
қазылар); 
Уақытша 
сипаттамалар 
мыналарды 
іске 
қосады: қимылдың ұзақтығы және қарқыны. 
Қимылдың ұзақтығы – бұл оның орындалуына 
жұмсалған уақыт. Пауэрлифтинг техникасында 
жеке бөліктердің, цикльдерінің (екі және одан да 
көп қимылдардың сериясы), қимыл элементтері 
немесе дененің жеке бөліктерінің қимылдарының 
ұзақтығы үлкен мәнге ие болады. ұзақтықтан 
көптеген қозғалыс әрекеттерде практикалық 
жетістіктер байланысты болады.
Жаттығудағы әрбір фазаның, кезеңнің, циклдің 
ұзақтығынан нәтижеге оның әсерін өлшеуге және 
анықтауға болады (мысалы, соққы жасау 
жылдамдығы). 
Қозғалыс 
әрекетін орындау 
уақытының өзгерісі жаттығушылардың ағзасының 
сәйкес мүшелері мен жүйелерінің әрекетіне әсер 
етуі мүмкін.
Қимылдың қарқыны – бұл қандай да бір 
қимылды салыстырмалы біртекті қайталау жиілігі. Бір 
мәрте жасалатын қимылдарда қарқын, шынында да 
байқалмайды.
Қимыл қарқыны (темпі) пауэрлифтингтің 
көптеген бөлімдерінде, бір жағынан, күшті дамыту 
деңгейін көрсетсе, ал екінші жағынан – техниканы 
меңгеру деңгейін, дәрежесін көрсетеді.
Тиімді қарқынды табу – пауэрлифтингте 
жаттығу техникасын меңгеруде негізгі міндеттердің 
бірі болып табылады. Нақты жаттығумен 
айналысатын әрқайсысы үшін қимылдың тиімді 
қарқыны қимылдың түрлі жиілігімен қимылды көп 
мәрте қайталау жолымен анықталады. Мұндайда 
көрсетілген уақыт есепке алынады. Әлдеқайда 
жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қарқын 
индивидуальды-тиімді ретінде анықталады. 
Кеңістіктік-уақыт сипаттамалары. Олардың 
ішіндегі негізгісі қимылдың жылдамдығы болып 
табылады. 
Қимылдың жылдамдығы – бұл денемен (немесе 
дененің қандай да бір бөлігімен) жүргізілген жолдың 
ұзындығының бұл жолға жұмсалған уақытқа 
қатынасы. 
Үдемелі жаттығуда жылдамдықты анықтауда оны 
әдетте м-с'-пен өлшейді (сызықтық жылдамдық), ал 
айналмалыда рад-с ' –пен өлшейді (бұрыш; 
жылдамдық). 
Егер қимыл жылдамдығы үнемі болса, онда 
мұндай қимыл біртекті деп аталады, ал егер ол 
өзгерсе – біртекті емес деп аталады. Бірлік 
уақытына жылдамдықтың өзгерісі жылдамдау деп 
аталады. Ол жылдамдықпен бірдей бағытқа ие 
болса,оң болуы мүмкін; жылдамдық бағытына 
қарама-қарсы бағыт болса – теріс болады – 
жылдамдық кемиді. 
Күштік сипаттамалар. Практикада қимылдың 
күштік сипаттамасы үшін қимылдың күші ұғымымен 
қолданады. Қимылдың күші – бұл қозғалатын дене 
бөлігінің (немесе барлық дененің) қандай да бір 
материалды нысанға физикалық әсерінің шегі.
Адамның қимыл күші ішкі және сыртқы 
күштердің жиынтықталған өзара әрекетінің нәтижесі 
болып табылады. 
Адамға әсер ететін күшті білу физикалық 
жаттығу техникасын түсінуді және оның тиімді 
нұсқалараын іздеуді жеңілдетеді.
Жаттығуды орындаудың тиімді және рационалды 
тәсілдері туралы қалыптасқан түсініктерге сәйкес 
пауэрлифтингте жарыс жаттығуларының қимыл 
техникасының негіздеріне төмендегідей талаптарды 
жатқызуға болады: 
1. Жұмыс істеуші буындарда тиімді бұрыштық 
қатынастарды құру, әсіресе штангыны көтеру 
жолының әлдеқайда қиын жерлерінде (мысалы, «өлі 
нүктелерде») оның қимылдарын инерция бойынша 
қолдану мүмкін емес жағдайларда қолдану. Белгілі 
бір бұлшықет топтарын біртіндеп іске қосу, 
алдымен әлдеқайда күштілерді, содан кейін – 
күштілігі төмендерді.
2. штангыны көтеру жолының әрбір бөлігін 
оның қимылының әлдеқайда рациональды бағытымен 
қамтамасыз ету және оған тиімді жылдамдықты 
хабарлау.
3. штангыны ң финалды жолын орындаудың 
тиімділігін қамтамасыз еттін қажетті жағдайларды 
құру.
4. Жарыс жаттығуын орындаудың барлық 
аралығында штангыны ң бұлшықет күштенуінің 
әлдеқайда ұзақ және тиімді жіберу мақсатымен 
атлет денесіне және оның түрлі топтарына қажетті 
тіреуші жағдайларды құру. 
Техниканы 
жетілдіру 
– 
тіпті 
қозғалыс 
құрылымы бойынша жеткілікті қарапайым жарыс 
жаттығуларын меңгеру жағдайында пауэрлифтинг 
сипатталатын әлдеқайда қиын және көпеңбекті 
үдеріс болып табылады. Алайда, бұл спорттық 
шеберлік өсуінің ұзақ мерзімді үдерісінің ажырамас 
бөлігі болып табылады.
Штангыны 
жауырын 
өзегінен 
жоғары 
трапецияның үстіне қоятын ауыр атлетшілерге 
қарағанда, үш күресшілер штангыны иық сүйектерін 
жалғастырып тұратын бұлшық еттердің артқы 
бөлігіне және трапецияның ортасына қояды, 
мұндай жағдайда арқаны сәл алға қарай еңкейтеді. 
Штангыны арқаның осы бөлігінде ұстап тұру 
қиынға соғатындықтан, оны қолмен қатты 
белгілейді. Мұндай техника рычагтың омыртқа 
иығын анық қысқартады және арқа бұлшық 
еттеріндегі жүктемені төмендетеді. 
Техниканы анықтаушы түйін – бұл қозғалыс 
міндетін орындаудың аталған тәсілінің әлдеқайда 
маңызды, шешуші бөлігі. Мысалы, штангыны 
жатып алып сығымдап көтеру үшін техниканың 
негізгі түйіні штангыны кеудеден сығымдау болып 
есептеледі. Спорт әрекеттерінде негізгі түйінді 
орындау әдетте уақыттың салыстырмалы қысқа 
мерізімінде болады және үлкен бұлшық ет күштенуін 
қажет етеді. Қандай да бір жаңа физикалық 
жаттығуды 
сәтті 
меңгеру 
индивидуальды 
ерекшеліктерге тәуелсіз барлық адамдарға бірдей 
ұстауды талап ететін тек техниканың параллель 
негіздерін меңгергеннен кейін ғана мүмкін болады.

Download 1,83 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish