155
6-ТАРАУ ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
6.1 Компьютерлік желілер көмегімен ақпарат алмастыру
Жалпы орта білім берудегі қазіргі жүйе жəне оған кіретін оқу
бағыттары оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін
қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының білім
беруін дамытуға бағытталған артықшылықтары белгіленген көптеген
мемлекеттік бағдарламаларында ақпараттық қоғам жағдайында
оқу мекемелерінін бітірушілердің кəсіби іс-əрекетінің негізгі
стержені, сондай-ақ ақпараттық мəдениеттің қажетті компоненті
болып табылатын оқушылардың ақпаратпен жəне оны өңдеу
құралдарымен жұмыс жасаудың жалпы оқу жəне жалпымəдени
дағдыларын қалыптастыруға ерекше мəн беріледі. Өз кезегінде,
болашақ бітірушілердің ақпараттық мəдениетін қалыптастыруға
ұмтылу оқушылардың телеқатынастар жəне жаппай ақпарат
құралдары, əртүрлі білімді жəне шығармашылық жетілуге мүмкіндік
беретін телекомуникациялық құралдарды қолдану, ақпараттың
шынайылылығының бағасын, сыни тұрғыдан ойлаудың дамуын,
ақпарат жəне білімді салыстыра білуін, ақпараттық үдерісті дұрыс
ұйымдастыруын, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау жəне қамтамасыз
ету туралы білімді меңгеругіне бағытталған жалпы білім беруге
əкеледі.
Телеқатынастық жүйелер жалпы білім беру жүйесінде
алдыңғы орында ғана емес, сонымен қатар практика жүзінде
қоғам өмірінің барлық аясында негізгі рөл атқарады. Телеқаты-
настық ақпараттық кеңістіктің даму деңгейіне сəйкес желілік
ақпараттық технологиялардың байланысы мен дамуы өз белгісін са-
луда, оларды
ақпаратты беру технологиялары
ретінде қарастыруға
болады.
Байланыс желісі
ретінде каналтүзеуші аппаратураға арналған
проводтық, радио-оптикалық жəне басқа байланыс каналдары
жиынтығы, сонымен қатар аталған желінің қызметін қамтамасыз
ететін орталықтар жəне байланыс жүйелері түсіндіріледі. Прак-
тика жүзінде ақпараттық телекомуникациялық жүйелерді құруда
қолданылатын қазіргі байланыс желілерінде, сипаты жағынан
əртүрлі желінің бөліктері біруақытта қатыса жəне жұмыс жасай
алады. Мұндай мүмкіндіктері көп жағынан желілік ақпараттық
156
технологияларды құру жəне қолдану стратегиясы мен тактикасын
анықтайды.
Желілік ақпараттық технологиялар байланыс каналдарының
дамуымен қатар дамыды. Өткен ғасырдың басында телеграфтық
жəне телефон желілерінің негізін ұқсас проводтық жəне
электробайланыстың радиоканалдары құрады, сондай-ақ олар
микроэлектрониканың дамуына байланысты ақпаратты беруі
жөнінен сапасы жəне жылдамдығы жоғары байланыстың
сандық волоконды-оптикалық сымдарымен ауыстырыла баста-
ды. Телеқатынастық жүйенің жұмысын ұйымдастырудың рацио-
налды əдістерін біріктіретін телекомуникациялық технология-
лар ұғымы пайда болды. Бүгінгі күні жалпы білім беру жүйесінде
қолданылатын телекомуникациялық жүйелер, компьютерлердің
өзара жалғастырылуына негізделген. Өзара байланысқан
компьютерлерді əртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады.
Бір жағынан, компьютерлерді біріктіру – бұл
компьютерлік желі
.
Басқаша жағынан – бұл кеңістікте ақпаратты алу құралы, адамдар
арасындағы қатынасты ұйымдастыру құралы. Осы қасиетіне қарай
компьютерлік желілерді олардың құрылғыларының ерекшеліктерін
емес, жұмысын баса айта отырып телекомуникациялық желілер деп
атайды.
Жергілікті жəне ауқымды желілер
деп бөледі. Жергілікті
желі деп бір мекемеде, аудан, қала, ел көлемінде орналасқан
компьютерлерді байланыстыратын желіні айтады. Басқаша
айтқанда, кеңістік жөнінен шектелген желіні жергілікті желі дейміз.
Жергілікті желілер білім беру аясында көбірек таралған. Көптеген
мектеп жəне басқа оқу орындарының компьютерлері жерігілікті
желімен байланыстырылған. Сонымен қатар, əртүрлі мекеме-
де немесе əртүрлі жерде орналасқан мекемелердегі қазіргі тех-
нологиялар жеке компьютерлерді байланыстыруға мүмкіндік
береді. Компьютерлері жергілікті желіге қосылған əртүрлі елде
филиалы бар оқу орындарын кездестіруге болады. Бұдан басқа,
жергілікті желі білім беру аясында жергілікті желінің барлығын
дəлелдейтін əртүрлі оқу мекемелеріндегі компьютерлерді қосуға
мүмкіндік береді.
Жергілікті желіден ауқымды желінің ерекшелігі кеңістіктік
шектелмейді. Ауқымды желіге кез келген компьютер қосыла алады.
Кез келген адамға осы желіде орналасқан ақпаратты алуға мүмкіндік
туады. Ауқымды телекомуникациялық желінің мысалы Интернет
157
(INTERNET) желісі болып табылады. Интернет жалғыс ауқымды
телекомуникациялық желі болып табылмайды. FIDO немесе SPRINT
желілері сияқты басқа да желілер бар.
Осылайша, жалпы білім беру жүйесінің көптеген мектептері
мен басқа да оқу мекемелерінде жергілікті желілер, сонымен қатар
ауқымды желілерді қолдану мүмкіндігі бар.
Ақпараттық жəне телеқатаныстық технологиялардың
көптүрлілігіне қарай, сонымен қатар оларды Интернет бүкілəлемдік
ақпараттық компьютерлік желісінің байланыс каналдары бойын-
ша тасымалдаудағы ұйымдастыру тəсілдері орталықтандырылған.
Бұдан басқа, бүгінгі күні бұл практикалық бірыңғай ауқымды
телекомуникациялық желісі жалпы білім беру жүйесінде күнделікті
қолданыс табуда. Интернет арқылы əртүрлі форматтағы (мəтін,
графикалық бейнелер, дыбыс, бейне жəне т.б.) мəліметтерді та-
сымалдау жоғарғы жылдамдығы жəне беріктігімен ерекшеленеді.
Интернет желісі оқу материалын ұжымдық түрде алуға мүмкіндік
береді, соның ішінде оқулықтар (электрондық мəтіндер), сонымен
қатар күрделі интербелсендік жүйе, компьютерлік үлгілер, виртуал-
ды оқу орталары жəне т.б.
Интернет желісі ақпаратының көздері мен қолданушылар саны
үзіліссіз артуда. Бұдан басқа, телекомуникациялық көмек көрсетудің
сапасы жақсаруда. Осыған орай Интернетке жоғары дəрежедегі кіру
мүмкіндігін тек қана экономикалық жəне басқа саладағы кəсіпорын
жəне ұйымдар ғана алып қоймайды, сонымен қатар жалпы орта
білім беру мекемелерінің де кіру мүмкіндігі бар.
Қазіргі Интернет ақпаратты іздеуді ұйымдастыру проблемалары-
мен сипатталады. Соның ішінде, қажетті сөз жəне сөйлем тіркестері
арқылы желі беттеріне сілтемелерді табатын іздеу жүйелері
жасалған. Сонымен қатар, іздеу жүйелерінің барлығына қарамастан,
қолданушының ақпаратты іздеуге, алынған мəліметтерді өңдеу жəне
жүйелеу үдерісіне көптеген уақыты кетеді. Білім беруде бұл мəселе
ерекше көрінеді; білім беру ақпараттық ресурстары егер желіде бол-
са да, жүйелі түрде берілмеген болады. Осыған ұқсас ресурстардың
жүйелік тұрғыдан орналаспауынан, сонымен қатар психологиялық-
педагогикалық, технологиялық, эстетикалық, эргономикалық жəне
басқа да Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды жасау мен
жүзеге асырулау мəселелерінің бірыңғай жүйесінің жоқтығынан
телекомуникациялық құралдарды білім беру үдерісінің сапасын арт-
тыру мақсатында практикалық қолданылмауына əкеледі.
158
Өте кең таралған қатынастық технологиялар жəне оған
сəйкесінше компьютерлік желідегі сервис адамдар арасындағы же-
дел байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық мəліметтерді тара-
ту жəне өңдеудің компьютерлік тəсілі технологиясы болып табы-
лады.
Do'stlaringiz bilan baham: |