Bilimdi akparattandyru indd



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet59/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

Электрондық пошта (E-mail) – 
компьютерлік желіге кіруге 
мүмкіндігі бар адамдар арасындағы мəліметтерді сақтауға жəне 
тасымалдауға арналған жүйе. Электрондық пошта арқылы кез кел-
ген ақпаратты (мəтіндік құжаттар, бейнелер, сандық мəліметтер, 
дыбыстық жазбалар жəне т.б.) компьютерлік желімен тасымалдауға 
болады. 
Электрондық поштаның жалпы дамуы көпқолданушылық 
жүйелердегі қолданушылардың локальді ара қатынысының да-
муы арқылы жүрді. Қолданушылар mail бағдарламасын қолдану 
арқылы бір мейнфрейм (үлкен компьютер) шегінде бір-біріне хабар-
лама жібере алады. Келесі қадам басқа машинадағы қолданушыға 
хабарлама жіберу мүмкіндігі болды – ол үшін машина атының 
көрсеткіші жəне машинадағы қолданушы аты қолданылады. 
Мекенжай (адрес) foo!joe түрінде жазылады. Электрондық 
поштаның үшінші қадамы үшінші компьютер арқылы хаттар-
ды жіберудің құрылуы кезінде шықты. UUCP-адрес қолданған 
жағдайда қолданушы бірнеше аралықтағы машиналардан кейінгі 
қолданушыға дейін өзіне бағдар қосады (мысалы, gate1! Gate2! 
Foo!joe - арналған хат, gate1! Gate2! машиналары арқылы foo ма-
шинасына). Мұндай адресаттың кемшілігі болып, қолданушыға 
машина адресатының нақ жолын білуі керектігі табылады. DNS 
атты үлестірмелі ғаламдық жүйені пайда болуынан кейін, адресті 
көрсету үшін - user£example.com домендік аттары қолданыла бас-
тады (example.com машинасындағы user қолданушысы). Мұнымен 
қатар бір мезгілде «машинада» ұғымының қайта қарастырылуы 
болды: пошта үшін бөлініп шығарылған серверлер қолданыла бас-
тады, оған қарапайым қолданушылардың мүмкіндігі болған жоқ 
(тек əкішілік), ал қолданушылар өздерінің машиналарында жұмыс 
жасайтын, мұнымен бірге пошта қолданушылардың жұмыс маши-
наларына емес, пошталық серверге келетін. Сол жақтан қолданушы 
əртүрлі желілік хаттамалар арқылы өздерінің пошталарын алатын 
(қазіргі уақытта үлестірімдердің арасында POP3, Imap, Mapi, веб-
интерфейстер). DNS-ң пайда болуымен қатар бір мезгілдері пош-
таны жеткізіп тастау бағдарламаларының резервті жүйесі ойлап 
табылды, ал пошталық адрестегі домендік ат нақты компьютер аты 


159
болудан қалды жəне пошталық адрестің қарапайым фрагменті бо-
лып саналады. Доменнің қызмет көрсетуіне көптеген серверлер жа-
уап бере алады, ал бір доменнің қолданушыларының арасында ортақ 
ештеңе болмауы қажет. Сонымен қатар, басқа да электрондық пошта 
жүйелері бар: Netmail - Фидонет желісінде, X.400-X.25 желісінде. 
Оларға интернеттен жəне пошталық шлюз арқылы қайта жүзеге 
асырылуы мүмкіндігі беріледі. Поштаның маршрутизациясы үшін 
X.25 желісіндегі DNS-де арнайы ресурсты жазу қарастырылған.
Мұндай сервистік қызмет:
- тасымалдау алдында құжатты редакциялауды;
- құжаттарды жəне мəліметтерді сақтауды;
- корреспонденцияларды тасымалдауды;
- ақпаратты тасымалдауда пайда болатын қателерді тексеруді 
жəне түзетуді;

адресаттың корреспонденциясының алғандығы туралы 
мəліметті алуды;
- ақпаратты алуды жəне сақтауды;
- алынған коррекпонденцияны қарастыруды жүзеге асырады.
Электрондық пошта оқыту үдерісіне қатысушылармен қарым-
қатынаста жəне оқу-əдістемелік материалдарды тасымалдауда 
қолданылады. Жалпы орта білім беруге тартатын электрондық 
поштаның маңызды қасиеті, ақпаратпен асинхронды түрде ал-
масуды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Электрондық поштаны 
қолдану үшін, ақпаратты жіберу, қабылдау жəне өңдеуге арналған 
пошталық клиенттің бірнеше командасын меңгеру жеткілікті. 
Электрондық пошта құралдарымен қатынас жасауда техникалықтан 
гөрі, психологиялық-педагогикалық проблемалар көп кездеседі. 
Ақпарат үзіліссіз қарым-қатынас жасаудан сөз арқылы емес, соны-
мен қатар мимика, жест немесе т.б. қатынас жасаудың басқа түрлері 
де қамтылады. Эмоцияны беруде «Смайликтерді» қолдануға болады, 
бірақ бұл бетпе-бет қарым-қатынас жасаумен қамтамасыз етпейді. 
Соған қарамастан, жазбаша сөздерден осындай мүмкіндіктерді 
қолдану, жағымды дəлдік, ойды жеткізудің қысқалығы жəне 
ұқыптылыққа тəрбиелейді. 
Электрондық пошта педагогтармен қосымша мəлімет алу, 
бақылау жұмыстарын жіберу жəне жұмтастарымен кəсіби қарым-
қатынас жасау үшін қолданыла алады. Соныман қатар асинхрон-
ды режимде электрондық сабақтарды өткізуге қолдануға болады, 
сондай-ақ алдын ала сабақтың мəтіні, ұсынылатын əдебиеттер 


160
жəне басқа да оқу материалдары оқушыларға электрондық түрде 
беріледі де, содан кейін электрондық пошта арқылы қосымшалар 
жүргізіледі. 
Электрондық поштаның ыңғайлылығы жəне ерекшеліні бір 
мəліметті бірнеше адресатқа жірбеуге болатындығында. 
Осыған ұқсас жіберу принципі Интернет желісінің басқа 
қызметінде 

Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish