Bilimdi akparattandyru indd


- əрбір оқушы бойынша оқуды бақылау мен нəтиже өлшемі; -



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet110/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

-
əрбір оқушы бойынша оқуды бақылау мен нəтиже өлшемі;
-
оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу кезінде туындайтын ата-
аналар мен мектеп басқармасын жедел ақпараттандыру;
-
есеп беруші іс-қағаздарды жүргізу мен құрастыру.
Оқытушы еңбегін автоматтандыруда қолданылатын ақпарат-
тандырудың барлық құралдары мен технологиялары негізгі 
мақсаттың жоғарылауына бағытталған оқытушылар оқушылармен 
байланыс жасамайтын қиын жəне ескі жұмыстардан барынша 
босатылу. Осындай құралдар мен технологияларды қолданудың 
арқасында оқытушылардың жеке кəсіби өсуіне арнайтын, жаңа 
оқу жəне əдістемелік құралдарды жасау, сонымен қатар оқу-
шыларды қосымша оқыту мен тəрбиелеуге уақыты мен күшін 
үнемдей алады.
Жыл өткен сайын көптеген адамдар компьютерлік теле-
коммуникациялар, Интернет желісіне, ақпараттық-қатынастық 
технологияларының түрлі құралдарына қол жеткізіп жүр. Бұл 
компьютерлік жəне бағдарламалық қамтамасыз етудің көбеюімен, 
үй жағдайындағы компьютер санының көбеюімен, ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологиялар аясында қолданылатын 
адамның кəсіби əрекетінің өсуімен байланысты. 


249
Егер бұрында адам компьютерлік техника мен интернет желі-
сінің ресурстарына толық қолжеткізе алмаса, жыл өткен сайын 
ол өзінің кəсіби міндеттерін атқару барысында немесе компьютер 
мен бағдарламалық қамтамасыз етуді үйінде жұмыс істеу үшін 
орнатса, осындай қолжетімділікке ие бола алады. Бұл айғақты 
ақпараттық жəне коммуникацялық технологияларды қолданатын 
оқушылар ата-аналарының санын көбейту ретінде қарастыруға 
болады. Мысалы, оқушылар, ақпараттық ресустар мен интернет 
желісіне қол жеткізе алатын бір немесе екі ата-ана саны геометриялық 
прогрессияда өсетіні анық. 
Сонымен бірге ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гиялар оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу кезіндегі ата-аналар мен 
мектептегі педагогикалық ұжымның қарым-қатынасын тиімді түрде 
жоғарылатуға қабілетті. 
Бірінші кезекте телекоммуникацияның қолданылуы, оның 
ішінде электрондық поштаны қолдану оқытушылар əрбір оқушының 
білімі мен тəрбиесі жайлы ата-аналармен жеке диалог ұйымдастыру 
арқылы ақпарат бере алады. Ата-аналар да оқытушыларға əрбір 
оқушының білімін қуаттандыру мүмкіндіктерін айтуға мүмкін-
діктері бар. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының күрделі 
түрлері ата-аналармен виртуалды жиналыстар өткізуге мүмкіндік 
береді. Осындай мақсатта сілтемелер мен телеконференциялар 
тізімін қолдану мектепке ата-ана келмей-ақ, жиналыстарға қатыспай-
ақ көптеген мерекелік шаралар мен ақпарат алмасуға мүмкіндік 
береді. 
Мектептің интернет желісінде жеке сайтының болуы ата-
аналарға мектеп өмірі, сынып, параллельдер, сабақ кестесі, өткізіл-
ген оқу жəне оқудан тыс шаралар туралы ақпарат бере алады.
Мұндай режим конфиденциал жəне жеке (индивидуал) ақпарат 
алмасуға кедергі келтірмейді. Əрбір жеке тұлғаның мектептің ар-
найы жеке сайтында кіруге құқы болу керек, ал ата-аналардың 
сайтқа ену үшін жеке «кілті» болуы тиіс. 
Сонымен қатар, мектеп сайты немесе басқа да білім беру 
орталары ата-аналар үшін баланың сабағын қадағалауда жəне 
мектептің оқу əдістемелік құралдарымен танысуда немесе 
тəрбиелілік мақсатымен танысудағы негізгі ақпарат көзі болып та-
была алады. Мұндай сайт беттерінен ата-ана баланың денсаулығы 
жайлы, қауіпсіздігі, отбасында немесе қоғамда өзін-өзі қалай ұстау 


250
керектігін, тəрбиелік мақсатта жəне оқуға арнайы кеңестер жайлы 
ақпараттар ала алады. 
Телекомуникациялар ата-аналарға өз балаларының оқу үлге-
рімін қадағалауда, мектепте туындаған қиындықтар жайлы, 
мұғаліммен кеңесе отырып бала оқуына жəне тəрбиесімен жұмыс 
жасауға мүмкіндік ашты. Ақпараттық-қатынастық техноло-
гияларды қолдана отырып, ата-аналар оқытудағы бағытты жəне 
баланың үй тапсырмасын қадағалауына болады. Мобильдік ақпарат 
алмасудың пайда болуы, мобильдік телефондар, қалталы интер-
неттер немесе бүкіл əлемдік желіге қосылған интернет тораптары 
мұғалім мен ата-ана арасында қосымша ақпарат алмасуға кеңінен 
мүмкіндік ашты. 
Қазіргі кезеңде көптеген оқу орындарында ата-аналарға мек-
теп жайлы, оқу əдістемелік құралдар жайлы жəне т.б көптеген 
ақпараттардан хабардар болып отыруын қамтамасыз ететін интер-
нет сервистері ашылып жатыр. Осы мақсатта мобильдік пошта жəне 
СМС-хат алмасу сервистері де пайда болды. Көптеген жағдайда 
оқушының тəрбиесі мен оқу үлгерімінің нəтижелілігіне ата-ана мен 
педагог арасындағы өзара қарым-қатынас əсер етеді. 
Ереже бойынша оқытушы мен ата-ана арасындағы, ата-ана 
мен мектеп арасындағы мұндай виртуалды қарым-қатынас жасау 
оқушының үй мен мектеп арасындағы байланысты күшейтуіне де 
үлкен əсерін тигізеді. 

Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish