Скафандр түрлері[23]
22-сурет. Алғашқы ғарыштық скафандр 23-сурет.«Сокол» скафандры
24-сурет 25-сурет 26-сурет
«Орлан-МК» скафандры «A7L» скафандры «EMU»скафандры
27-сурет. Болашақ ғарышкерлер скафандры
Қазіргі таңда ғалымдар ғарышкерлерге скафандрдің жаңа үлгісін даярлауда.
Қорытынды
Экипаж – бұл күрделі ұғым. Бұл экипажға өмірлік тәжірибесі бар түрлі ұлттан құралған әр түрлі жастағы, әр түрлі мамандық иелері кіреді. Әркім өзін әрқалай күйде сезінеді кейбірі мұндай да қатты қорқып, аяғы үрейге ұласып, ісінен бас тартып жатады. (Эмоцияналды шок, стресс) ал енді бірі, басқа типтегі адамдар, мұндай жағдай да сергектігін жоғалтпай ақылмен, мақсатына қарай әрекет етіп жатады.Бірақ ісі әдеттегіден өнімсіз болып шығады. Қауіп төнгенде жинақтылығымен, тапқырлығымен де жауап беретін адамдар да болады, ісі де өнімді болып шығады.
Ғарыштық биология және әуе ғарыштық медицина ғарыштық факторлардың әсерін, адам ағзасының ғарыштағы тіршілік ерекшеліктерін зерттеп, экипаж мүшелерінің денсаулығын сақтауды және (ғарыш кеме және станциясының экипаж) жұмысқа қабілеттілігі әдіс-тәсілдерін, ғарыш кемесі және станциясы құралдарын жасап шығаруды мақсат етеді.
Бұл ғылым ұшу барысындағы сырқаттың емін, тиісінше аурудың алдын-алу шаралары мен олардың кесірінен сақтану әдістерін жетілдіреді;
Ғарыштық ұшу аппараты жабдықтарын басқаруды тіршілікті қамсыздандыру жүйесін, сондай-ақ апатты жағдайда экипаж мүшелерін құтқару жабдықтарын, физиологиялық және гигиеналық талаптарын ұсынады;
Ғарышкерлерді ұшыруға іріктеу, дайындау, ұшу барысында экипажды бақылау клиникалық және психо-физикалық әдістерін дамытады;
Ұшу барысында экипаждың ауру сырқатын алдын-алу шарасын, емін зерттейді.
Міне, сондықтан ғарыштық биология мен әуе ғарыштық медицина, ғарыштық физиология, психо-физиология, ғарыштық гигиена, ғарыштық радиобиология, теоретикалық-клиникалық медицина, дәрігерлік сараптама салаларының бірыңғай кешені болып табылады.
Қиын сұрақтардың шешімін іздегенде қауіпті жағдайларда пайда болатын жеке - психикалық шиеленіс, эмоцияналды әсер ғарышкердің ағзасына тек белгілі жауапты ұшу аумағында ғана елеулі әсер етеді. (Орбитаға шығу, түйісу, кемеден тыс жерде жұмыс істеу, орбитадан түсу т.б) Ғарыштық ұшудың бірден-бір белгісі салмақсыздық, ол қоршаған ортамен ағзаның өзара қарым-қатынасының орнығуына бағытталған елеулі адаптациялық өзгерістер туғызады. Салмақсыздық әсерінен туындайтын ағзадағы қызметтердің ілгерілеуі әсер етуші факторлардың физикалық жаратылысына негізделген ерекше өзгерістер үйлесімі.
Сонымен, ғарышкер мамандығының басқа мамандықтардан айырмашылығы - ғарыш сапарында пайда болатын сыртқы факторлар болып табылады. Бұл факторлар Жердегіден өзгеше, адам ағзасына кері әсер ететін арнайы шараларды алдын-ала жасап ғарышкер денсаулығын сақтай отырып, ұшу сапарындағы түрлі тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Do'stlaringiz bilan baham: |