2.2. Ғарышкерлерге қойылатын негізгі талаптар
Ғарышкер жоғары білімді болуы қажет: инженер немесе ұшқыш маманы
Мамандық бойынша еңбек өтілі – 3 жыл
Салмағы 50-90 кг аралығында
Бойының ұзындығы 150-190 см аралығында
Отырған кезде бойының ұзындығы 80-99 см аралығында
Бәтеңке табанының ұзындығы – 29,5 см –ге дейін, 46 размерге дейін
Жауырыны 52 см-ге дейін
Кеудесі 94-112 см аралығында
Сонымен қатар, ғарышкерлердің бойында төмендегідей қасиеттер болуы қажет:
Жоғары білімді маман болуы;
Өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы;
Экипаж мүшелерімен үйлесімдікте болуы;
патриоттық сезімнің жоғары деңгейде болуы;
ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы;
уақытты тиімді пайдалана алуы;
апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы,
шу, діріл, үдеу, салмақсыздық т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы,
тұрақты бірқалыпты салмақты ұстап тұруы;
бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі,
ғарышкерге қойылатын барлық талаптарды орындай алуы;[22]
2.3. Скафандрдың құрылысы
Скафандр (фр. scaphandre гр. skaphe — қайық және aner, andros — адам) — адамның қалыпты өмір сүруінен өзгеше жағдайдағы тіршілігі мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін бір кісілік герметикалық жабдық. Ол сыртқы қаптан, шлемнен және қолғап пен бәтеңкеден құралады. Дем алатын ауа қоспасын дайындау тәсіліне қарай скафандр:
желдеткішті (мұнда қоспа баллоннан шланг арқылы келіп отырады)
регенерациялы (мұнда арнаулы патронда көмірқышқыл газы мен ылғалдан тазартылған ауа оттекпен байытылып С-ға қайта пайдаланылады) болып бөлінеді.
Ғарыштық скафандр авариялық-құтқару скафандры, ашық ғарыш кеңістігінде пайдаланылатын скафандр және аспан денесінің бетіне шығуға арналған скафандр болып бөлінеді.Авариялық-құтқару скафандрын ғарышкерлер ғарыш кемесі кабинасындағы атмосфера параметрлерінің есептелген мәннен ауытқуы кезінде пайдаланады. Ашық ғарыш кеңістігінде пайдаланылатын скафандр ғарышкерлерді метеориттерден, аса қызып кетуден не суынудан қорғайды. Аспан денесінің бетіне шығуға арналған скафандрдың көмегімен ғарышкер аспан денесінің бетінде өз бетінше қозғала алады. Оның сыртқы қабы жұмсақ және қатты болатын түрлері бар. Скафандрдың адамның буынына сәйкес келетін жерлерін топсалы етіп жасайды. Суыту жүйесі сумен суытылатын киімнен және суыту агрегаттарынан құралады. Скафандрдың шлемі жарық сүзгісімен жабдықталады.
Камера 35 мм
Шлем сақинасы
Компьютер экраны
Қауіпсіздік белдігі
Фильтр
шлем
Микродвигатель
Түрлі-түсті видеокамера
Басқару панелі
Тапсырмалар тізімі
Скафандр температурасын басқару тетігі
Оттегі қысымын
Автоматты
Қорғаушы қабат
21-сурет
Корабль берік, сенімді, кіретін есік тығыз жабық емес пе? Ендеше оның ішінде неге жай киіммен жүре бермеске?
Жоқ. Олай жүре беруге болмайды. Кеменің кабинасына метеорит тиіп, оны тесіп өтті делік. Мейлі «ғарыш оғы» тескен тесік кіп-кішкентай, тіпті иненің жасуындай болсын, алайда оның тигізер зияны орасан! Кеме ішіндегі күллі ауа иненің жасуындай әлгі тесіктен қасқағым сәтте-ақ сыртқа шығып, ғарыш кеңістігіне тарап кетеді де, адамдар тұншыға бастайды. Ал егер ғарышкерлер скафандр киіп отырса, ешқандай қауіп жоқ, өйткені скафандрдың ішінде ауаның артық қоры сақталады. Немесе баска бір күтпеген кездейсоқ оқиға - кеме іші суытып кетті делік. Үрейленетін ештеңе жоқ! Ғарышкер скафандрдағы бір тетікті баса қойса болғаны, ол жылытқышқа айналады. Ал егер ыстық болса ше? Онда скафандрды шешпей-ак оның ішін желдетіп алуға болады. Дулығаның әйнегі терлеп кетсе? Киім дымқыл тартса? Басқа бір тетікті баса қойыңыз, скафандр лезде кұрғап шыға келеді.
Ал, егер ешқандай кездейсоқ ауытқулар болмай, ғарышкерлер ғарыштағы үйлеріне аман-есен жетсе, ол жерде скафандрдың керегі бар ма? Әрине, бар.
Ғарышкерлерге ашық кеңістікке шығуға тура келеді: станцияны сыртынан көріп бақылаулар жасау керек. Сонда қайтпек? Жерде қыстыгүні суықтан қорғану үшін адамдар тон кисе, жазда жеңіл киіммен жүреді. Ал ғарышта үскірік аяз бен аптап ыстық қатар болып отырады: күннің көзінде - кайнаған ыстық та, көлеңкеде - қақаған суық. Мұндайда жан сақтайтын жалғыз амал - скафандр! Оның ішінде ыстық та, суық та емес, ауаның қысымы бір қалыпты, тыныстауға жеңіл. Егер күн шақырайып, көз қарыса бетке жеңіл перде түсіріп қоюға болады. Скафандр радиомен жабдықталған, сондықтан ғарышкер кемеден қанша алыстап кетсе де, ол кеме ішінде калған жолдастарымен еркін сөйлесе алады. Олар бірін-бірі өте жақсы естиді. Жалпы скафандрды киім демей, жеке кабина деп атаса әлдеқайда дұрысырақ болар еді. Тек бұл кабина металдан емес, жұмсақ, берік әрі сенімді материалдан адамның бойына шақтап тігіледі.[21]
Do'stlaringiz bilan baham: |