Ғарыш кемесіндегі жалпы жағдай, кемедегі атмосфера, тамақтану, еңбек режимі және тынығу шарттары
Үшінші топ факторлары: Факторлардың үшінші тобы адамның ғарыш кезінде саңылаусыз кабинада болуымен байланысты: жасанды кеме атмосферасы, тамақтану ерекшеліктері, еңбек және демалыс тәртібі, оқшаулану, қоздырғыштардың күрт тиылуы. Осы факторлар тобына сондай-ақ азық-түлік сақтау ерекшелігі, асты әзірлеу, қабылдау ерекшелігі, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету (жуыну, кір жуу, табиғи қажеттілікті өтеу) ерекшелігі және осыларды шағын көлемді аумақта, бекітулі қалыпта, салмақсыздықта орындау жатады.
Ғарыш сапарына ұшар кезінде адам елеулі жүйке-психикалық ауырлығын сезінеді. Жүйке-психикалық шиеленіс сезімі кеме экипажының бірқатар физиологиялық өзгерістеріне әкеледі. Адамның сақтану қаптамасында болып табиғи қажеттілігін өтеуі, жеке бас гигиенесын сақтауы біраз қиындайды.[7]
Ғарышкерлер тамағын әзірлеу - қиын процесс. Оны ойлап табудан әзірлеуге дейін диетолог, инженер ғалымдар барын салады. Ғарышкер тамағы барынша жеңіл, пайдалы болып, оңай сақталуы тиіс (13-сурет).
13-сурет
Ғарышкерлердің рационы алғаш ғарышқа ұшулардан бастап 50 жылда талай өзгерістерге ұшырады. Адамдардың пайдалы тамақ, диета туралы көзқарастарының өзгеруі, ғылыми жаңалықтар ғарыш тағамының тенденциясының ауысуына өз септігін тигізді. Осы өзгерістер, оған қоса технологияның дамуы ғарышкерлер мәзірінің өзгерулерін түсіндіреді. Мысалы 60 жылдары синтетикалық тағамдар пайдалы саналатын. Ал соңғы онжылдықтағы басты тренд - табиғи азық-түлік, көкөніс пен жемістер. Ғарыш тағамы үшін оның сақталуы да үлкен рөл ойнайды. Салмақ пен кеңістік кез келген ғарыш аппаратында құнды дүние. Сондықтан бос орынды барынша тиімді пайдалану керек. Ғарышкер тағамдары барынша аз орын алатын әрі жеңіл болуы тиіс. Сондықтан инженер ғалымдар жылдан-жылға осы мәселені шешуге тырысуда.
14-сурет. Алғашқы ғарышкерлердің тағамы 15-сурет. Ғарышта тамақ әзірлеу пеші
16-сурет. табиғи тағамдар және тәттілер 17-сурет Мұздатылған және
қақталған ет тағамдары
Ғарышкерлер тамағы Мәскеу облысының Ленин ауданында орналасқан Бирюлев тәжірибе зауытында даярланады. Бұл цехта Гагариннен бастап, күні бүгінге дейінгі ғарышкерлердің бәріне тамақ дайындалады. Алғашқыда ғарышкерлер тамағы 165 граммдық түбекшелерде дайындалыпты. Одан алғаш ауыз тиген Гагарин болыпты. Оған көкте 108 минут болса да, белгіленген тәртіп бойынша тоғыз түрлі тамақ – борщ, котлет қосылған картоп, түрлі шырындар берілген. Технологтар мен конструкторлар ғарыш кемесінде сақталатын тамақтардың көп орын алмауына, оларды сақтау кезінде бұзылмауына және оның өте дәмді болуына бастары қатыпты. Ерлерге күнделікті 3200 килокалория, әйел ғарышкерлерге 2800 килокалория тамақ беріліп отырыпты.
Ғарышқа алғашқы іс-сапарлар ұзақ мерзімді қамтымағандықтан, тамақ мәзірі гомогенді сұйық және қою түрінде түбікшеде беріліп келген. Бертін келе ұшу мерзімінің ұзартылуына байланысты арнайы консервіленген тамақтар ойластырылған. ХХ ғасырдың 70-жылдары үй жағдайында дайындалған сублимерленген азық-түліктер беріле бастаған. Азық-түліктер – 70 градустық суықтықта сақталып, +70 градустық ыстықта жылытылып берілетін болған.
Ғарышкерлердің күндік тамақ мәзірі таңертеңгілік, түстік, кешкілік және қалауы бойынша тәттілер, жеміс-жидектер қосымша берілген. Сүт тағамдары мен әйелдер үшін тәтті тоқаштар беру де ескерілген. Тамақ мәзірлері бірін-бірі қайталамайтын болған.
Ғарышқа өзге ұлт өкілдері ұша бастағанда, мәзір мәселесінде тағы қиындық туды. Өйткені әр ұлттың өкілі өз тағамына бүйрегі бұрады. Талғат Мұсабаев Жер бетіне қонған кезінде бірінші алма жеген екен (18-сурет). Сурет Ал, Айдын Айымбетов алғаш рет ұлттық тағам алып ұшқан қазақ ғарышкері. Ол өзімен бірге құртты алып барған екен(19-сурет).[11]
18-сурет 19-сурет
Начало формы
Ғарышта ғарышкерлер қара кофе немесе сүт қосылған кофе, какао, шәй не жеміс сусыны, сұйық сорпа, жартылай сұйық тағамдармен тамақтанады. Олар арнайы сұйықтық құйылатын құтыларда болады. Сосын таңертеңгілік бутерброд ірімшікпен немесе етпен жей алады. Ал тамақтану олардың денсаулығына әсер етеді, себебі тағамдары ұзақ сақталғанымен олар құрамындағы дәрумендерді жоғалтады. Тағамдары жердегідей болмайды. Сосын олардың ағзасына,жүйке-жүйесіне еңбекке жарамдылығына кері әсер етеді екен.
Көлемі шектеулі кабинада, оқшау, шағын көлемді саңылаусыз кабинада ұзақ уақыт психологиялық қиындықтар туғызуы осы мәселені терең зерттеуді талап етеді. Ұзақ уақыт ғарыш сапарында адам күнделікті қоздырушылардың көпшілігінен ажырайды. Қоздырғыштардың күрт тыйылуы күнделікті тіршілік тәртібінің бұзылуы, оқшаулану адамның елеулі психикалық бұзылуына әкеледі; егер,
қажетті іс-шаралар атқарылмаса,
физикалық жаттығулар тәсілдері қарастырылмаса,
мұның бәрі ақырында ағзаның физиологиялық жүйесі қызметінің бұзылуына ықпал етеді. Адам ғарыштық ұзақ уақыт бойғы сапарда экипаж мүшелерімен биологиялық және психологиялық үйлесімде болуы керек.
20-сурет
Осы үйлесімнің кез келген біреуі ауытқыса, әсіресе экипаж мүшелерінің билогиялық психилогиялық үйлесімділігі бұзылса, олардың денсаулығында физиолгиялық шөгуге әкеп соқтырады. Экипаждың ауруы тек жағымсыз фокторлар әсерінен ғана емес ұшу алдындағы індеттен де пайда болады. Жерге оралудың кідіруден азық және су жетіспеушілігі туындайты. Азық пен су ғарыш кемесінің апатты аймағына түсіп кетсе, оны алуға рұқсат етілмейді. Ұзаққа созылған ұшу кезінде су мен азық мерзімінің сақталу уақыты ұзақтығынан олардың бұзылып, жарамсыз болатын жағдайларда кездеседі.
Егер экипаж Жерге оралудан кейін, оларды ұшу кезінде жалықтырып, орнынан көшірмесе елеулі қауіп туындайды. Ғарышта кей жұмыс түрлері ұйқыға арналған уақытта атқаруды талап етеді. Сондай-ақ әуе ғарыш аппаратында жағдай орын алғанда экипаждың осы олқылықты орнына келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұйқысыз демалыссыз бірнеше тәулік бойы қызмет жасауына тура келетін де кездер болады. Қазіргі кезде де, болашақта да ғарыш сапары жалғыз ғарышкермен атқарылмайды, олар ғарышкерлер тобымен, экипажбен атқарылады.
Аз адамнан құрылған топ ғарыш сапары ерекше жағдайында, осы шағын топтың іс-әрекетінің нәтижелілігін анықтау, ұшу барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, кейде орын алатын стресстік сипаттағы шеленісті барынша болдырмау сияқты бір қатар маңызды мәселелерді шешуге мәжбүрлейді.[10]
Do'stlaringiz bilan baham: |