10 жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық 1-бөлім


Элементтердің электртерістілік кестесі



Download 30,24 Mb.
bet35/120
Sana23.02.2022
Hajmi30,24 Mb.
#143960
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   120
Bog'liq
10 сынып химия

Элементтердің электртерістілік кестесі

бірдей атомдар арасында коваленттік полюссіз байланыс түзілетіні сендерге мәлім. Бұл жағдайда байланыстырушы электрондар жұбы атом ядроларына симметриялы орналасады. Нәтижесінде полюссіз молекулалар түзіледі




Коваленттік байланыс. Коваленттік полюсті байланыс жиі кездеседі­. Ол ЭТ мәнінде айырмашылық аз болатын атомдар арасында түзіледі. Демек ортақ электрон жұбы атомдардың біріне ығысады да, байланыс

полюсті болады. Химиялық байланыстың полюстілігін атомдардың­ за-ряды түрінде көрсетеді, мысалы былай: Н+δ — Cl–δ, δ — ішінара заряд.


Екі атомның электртерістіліктері мәнінің айырмасы үлкен болған сайын байланыс полюсті болады. Химиялық байланыстың полюс­ тілігінің шегі электрондардың бір атомнан екінші атомға түгел ауысуы. Нәтижесінде екі ион түзіліп,иондық байланыс пайда болады. Иондық байланыс электртерістіліктерінде үлкен айырмашылық болатын эле-мент атомдары арасында, яғни металдар мен бейметалдар арасында түзіледі.


Хлор мен күкірт, күкірт пен оттек атомдары арасында байланыс түзілгенде электрон жұбы қалай ығысады және қай атомдар арасындағы байланыстың полюстілігі жоғары болатынын анықтайық.Хлор мен күкірт үшінші периодта орналасқан. Электртерістілік период бойын-ша солдан оңға қарай өседі. Хлордың ЭТ күкірттің ЭТ үлкен,ендеше электрондар күкірттен хлорға қарай ығысады. Күкірт атомының за-ряды оң, ал хлорда — теріс болады:


Sδ+ → Clδ–.



73


Жасаған қорытындымызды Полинг шкаласы бойынша тексерейік. ЭТ(Cl) = 3, ал ЭТ(S) = 2,5. Атомдардың электртерістіліктерінің айыр-масы 0,5. Оттек пен күкірт VIA топшада орналасқан. ЭТ топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді. Оттектің ЭТ күкірттің ЭТ үлкен,ендеше электрондар күкірттен оттекке қарай ығысады. Күкірт атомының за-ряды оң, ал оттекте — теріс болады: Sδ+ → Оδ–.

ЭТ (O) = 3,5.


Ал ЭТ (S) = 2,5. Атомдардың электртерістіліктерінің айырмасы 1,0. Демек, оттек пен күкірт арасында түзілетін химиялық байланыс күкірт пен хлор арасында түзілетін химиялық байланысқа қарағанда полюсті болады.Байланыстың полюстілігі заттың қасиетіне әсер етеді. Полюсті молекулалар бір-біріне әр аттас иондарымен бұрыла алады. Нәтижесінде олардың арасында тартылыс пайда болады. Сондықтан полюсті молекулалардан тұратын заттардың балқу және қайнау темпе-ратуралары полюссіз молекулалы заттарға қарағанда жоғары болады.


Полюсті молекулалы заттардың ерігіштігі де жоғары болады.Еріткіш молекуласының полюстілігі жоғары болған сайын, онда еритін полюсті молекулалы зат пен иондық қосылыстардың ерігіштігі де жоғары бо-лады.Мысалы суда еріген хлорсутектің молекуласы полюсті , электр тогын жақсы өткізеді. Хлорсутектің бензолдағы ерітіндісі электр тогын өткізбейді. Себебі бензол молекуласы полюсті емес. Сондықтан хлор-сутек иондарға ыдырамайды.


Электртерістілік— атомның басты химиялық қа­ сиеті, молекуладағы атомның ортақ электрон жұбын өзіне тарту қабілетінің сандық сипаттамасы. Периодтық жүй­еде элементтердің электртерістілігі әр периодта солдан оңға қарай өседі, ЭТ үлкен мәні — галогендерге,ал ең кіші мәні — сілтілік металдарға тән. Топ бойынша


электр­терістілік жоғарыдан төмен қарай (ішінара жағдайдан басқа) кемиді, демек элементтердің металдық қасиеттері күшейеді. Екі атом­ның ЭТ мәнінің айырмасы үлкен болған сайын байланыс полюсті болады. Химиялық байланыстың полюстілігінің шегі электрондардың бір атомнан екінші атомға түгел ауысып,нәтижесінде иондық байланыс түзілуі.





  1. Электртерістілік деген не? Электртерістілік шкаласы мен периодтық жүйені пай-даланып, берілген элементтердің химиялық таңбаларын ЭТ өсу реті бойынша орналастырыңдар: фосфор, магний, бор, цезий, оттек, кремний, калий, көміртек, сутек, литий, фтор, күкірт, алюминий, кальций.




  1. Атомдар арасында түзілетін химиялық байланысты элемент атомдарының ЭТ сандық мәні бойынша анықтаудың себебі неде? Мысалдармен түсіндіріңдер.




  1. Қосылыстар жұбындағы қай қосылыстың беріктігі жоғары және себебі неде: a) калий йодиді немесе натрий йодиді; ә ) натрий фториді немесе натрий хлориді; б) кальций йодиді немесе кальций бромиді ; в ) кальций фториді немесе калий хлориді?




74



  1. • Иондар

    • Иондардың электростатикалық тартылуы

    • Иондық кристалдық тор

    • иондық байланыстың әр аттас иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетінін түсінетін боламыз


    Download 30,24 Mb.

    Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   120




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish