Ядролық реакциялардың теңдеулерін құрастыру
1-мысал. Ядролық реакцияның теңдеуін аяқтаңдар:
5234Cr + n → 5223V + ...
Шешуі: Теңдеудің оң және сол жағындағы барлық бөлшектердің зарядтарының қосындысы тең болу керек. Сондықтан зат массасының сақталу заңына сүйенеміз.Теңдеудің сол жағындағы төменгі қосынды 24, оң жағында — 23. Теңдеудің сол жағындағы жоғары индекс 53, оң жағындағы жоғары индекс 52, демек, жетпейтін тұрған сан 1. Белгісіз бөлшек: 11р.
2-мысал. Радиоактивті ыдырау өнімдері X, Y және Z-ті анықтаңдар:
22868Ra α-ыдырау Х α-ыдырау Y β-ыдырау Z.
Шешуі. α-ыдырау кезінде 22868Ra массалық саны А төрт бірлікке кеміп, АX = 226 – 4 = 222 болады. Ядро заряды екі бірлікке кемиді.
ZX = 88 – 2 = 86. Сонымен бірінші ыдырау нәтижесінде радон изотопы 22826Rn түзіледі. Радонның α-ыдырауын да осылай анықтаймыз:
АY = 222 – 4 = 218, ZY = 86 – 2 = 84. Екінші ыдыраудың нәтижесінде полоний изотопы 21884Ро алынады; β-ыдыраудан полонийдің массалық саны өзгермейді, ядросының заряды бір бірлікке артады:
ZZ = 84 + 1 = 85. Ыдырау тізбегінің соңғы өнімі атомдық нөмірі 85 элемент, яғни астат (21885At) түзіледі. Ядролық реакциялардың нәтижесі:
22868Ra α-ыдырау 22826Rn α-ыдырау 21886Ро β-ыдырау 21888At
Ядролық реакция деген не?
Берілген ядролық реакциялардағы белгісіз Х элементін анықтаңдар:
-
а) 199F + 11p = X + 00γ;
|
ә) 4109K + –01e = X;
|
б) 5234Cr + 21D = X + 10n;
|
в) X = –01e + 23994Pu.
|
Литийдің изотопын 73Li дейтерий ядроларымен атқылағанда қандай бөлшек түзіледі?
73Li + 21H → 84Be + ?
Ядролық реакцияға қатысатын бөлшек:
147N + ? → 137N + 201n
5. Ядролық реакцияға қатысатын атқылаушы бөлшек X:
X + 115B → 147N + 01n
6. Ядролық реакция нәтижесінде түзілген азот атомының ядро заряды мен массалық санын анықтаңдар:
105B + 42He → 01n + AZN
7. Ядролық реакция нәтижесінде түзілген марганец атомының ядро заряды мен массалық санын анықтаңдар:
5266Fe + 21H → 42He + AZMn
Ядролық реакция нәтижесінде түзілген оттек атомының ядро заряды мен мас салық санын анықтаңдар:
147N + 42He → 11H + AZO
952U α-бөлшектерін түзіп ыдырағанда қандай химиялық элемент түзіледі?
Уран изотопы 23982U қандай ыдыраудың нәтижесінде 23994Pu-ға айналады? Бұл реакцияның болашағы қандай?
Радиоактивті ыдырау өнімдері X, Y және Z анықтаңдар:23
23859Ас α-ыдырау Х β-ыдырау Y α-ыдырау Z.
12. Ядролық реакция сызбанұсқаларын толықтырыңдар:
-
1237Al + 01n → ? + 24He
|
2555Mn + ? → 2655Fe + 10n
|
? + 11H → 1122Na + 24He
|
1237Al + γ → 1226Mg + ?
|
*13. Бериллийдің изотопы 9Ве бір α-бөлшекті жұтып, нейтрон шығарып басқа эле-мент изотопына айналады. Қандай элемент түзіледі? Ядролық реакция теңдеуін жазыңдар.
*14. Ең ауыр галоген астат At 1940 жылы 209Ві изотопын α-бөлшектермен атқылау
83
нәтижесінде алынды. Реакция нәтижесінде висмут атомының ядросы екі нейтрон бөлетін болса, астаттың қандай изотопы түзіледі? Ядролық реакция теңдеуін жазыңдар.
*15. Табиғатта кездеспейтін резерфордий 120640Rf элементі 24942Рu изотопын неон 1200Ne ядроларымен атқылау арқылы алынды. Реакция нәтижесінде резерфордий атомы нан басқа қандай бөлшектер түзіледі? Осы реакция теңдеуін жазыңдар.
25
• Бас квант саны
• Орбиталь квант саны
• Магнит квант саны
• Спин квант саны
Тірек ұғымдар
• квант сандарының сипаттамасының мәндерін қарастырамыз
Бүгінгі сабақта:
§ 5. ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕР. КВАНТТЫҚ САНДАР ЖӘНЕ ОРБИТАЛЬДАР
Микроәлем және макроәлем. Ғалымдар біздің әлемді әлдеқашан микроәлем және макроәлем деп екіге бөлген. Макроәлем — адамдар өмір сүретін және тіршілік ететін (ғаламшарлар, жердегі денелер, кристалдар, макромолекулалар және басқалар) кәдімгі әлем. Онда бәрі әдеттегідей түсінікті және барлығымызға мәлім физика заңдары орын-далады. Микроәлем мүлде басқа әлемді (атомдар, ядро, қарапайым бөлшектер және басқалар) елестетеді, ондағы объектілердің мөлшері сантиметрдің миллиардтық үлесінен де кіші, ал уақыт аралықтары секундтың
миллиардтық үлесіндей, яғни тікелей бақылау мүмкін емес. Микрос коптық объектілердің қасиеттерін бізге белгілі макроәлемнің физи калық заңдарымен түсіндіру мүмкін емес. Микробөлшектер атомның қазіргі моделін жасауға негіз болған кванттық механика заңдарына бағынады. Микроәлем бөлшектерінің ішінде бізді бәрінен бұрын электрон қызықтырады. Сондықтан біз атомдағы электронның жай-күйімен танысамыз.
Do'stlaringiz bilan baham: |