Alisher Navoiy nomidagi Toshkent
davlat o‘zbek tili va adabiyoti
universiteti
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021)
186
жазу, сызу, тіл қалай және қашан пайда болды? Біз оқып жүрген тарих дұрыс тарих па?» деген
сұрақтардың жауабын іздеп, «артқа шегініс» жасады. Сондай-ақ, ол шынайы өмірінде де «Құдай
бар ма, жоқ па?» деген сауалдың жауабын, яғни «ақиқатты» табу мақсатымен «артқа шегініс»
жасап, өз-өзіне қол жұмсайды. Осы дүниелерді жазуда автор жай ғана баяндау, дәстүрлі
грамматиканы қолданумен шектелмейді. Модаль сөздерді трансформациялап, сонымен қатар,
тілдік модельдерді, әсіресе безендірші стилистикалық белгілерді жиі қолданады. Сол үшін де
шығармалары көпке өтімді. Сонымен қатар Дидар Амантай штамп, клише, стереотип, дайын
шаблон сынды тіркесті сөз оралымдарын да шығарма барысында өте жиі қолданады. Оны алдағы
бөлімдерде нақтылап талдайтын боламыз.
Жазушы Дидар Амантайдың филологиялық танымы тым жоғары. Ол әр шығармасында әр
сөйлемді тірі етіп беруге барын салатын жазушылардың қатарында. Стилистикалық фреймдер,
танымдық-концептуалды бейнелер, синонимдік теңеулер, барлық модус құрайтын бірліктер автор
шығармасының өн бойынан жиі ұшырасады. осы постструктуралистік бағытты ұлттық негізде,
көркем әдеби стилімен бере білген. Романның негізгі ерекшелігі де осында. Романның атауы
оқырман үшін түсініксіз, әрі қызықты. «Гүлдер мен кітаптар». Романды бұлай атау арқылы автор
оқырманына не айтқысы келді? Романның «Шежіре» атты бөлімінде: «Кітап дүниені өзгертпейді.
Бірақ, жетім көңіл жалғыздықта оны өзіне медет тұтады» [1, 50], - дейді. Ал, «Гүлдер» атты
бөлімінде: «Ескі заманда шайыр қыздың сұлуын гүлге теңеді. Қазір ол ізгіліктің бейнесіне
айналып отыр. Қасірет шегіп, бейнет көргенде, шындықты танып, бақыт кешкенде, сіздің
іргеңізден ұдайы гүл табылады. Қайғыңызға ортақтасады, қуанышыңызды бөліседі, жалғыздықта
серік болады» [1, 60] - дейді. Автордың жалғыз ғана мұңдас досы, сырласы бар. Ол – кітап. Гүл де
дәл сондай – жаны нәзік, сезімтал сырлас дос. Ия, мұнда гүлді де, кітапты да жалғыздықтан
құтқаратын жолдас ретінде қарауға болар еді. Алайда, автордың айтайын деген негізгі ойы бұл
емес секілді. Автор шығарманың соңында «Гүлдер ме, кітаптар ма?» деген сұрақ қойып, оны
тарихтың еншісіне қалдыратын секілді. Жазбалар атты бөлімде: «...гүлдер туралы шығарма, әлде
кітаптар жайындағы туынды. Кітап ой ретінде жалғыздықтың аясында дүниеге келетін жұмбақ
құбылыс, ал гүлді серік іздеген жаны нәзік адам өсіреді. Гүл сезімді ой тудырады, кітап ойдың
сезімін дамытады» [1, 120] - деген сөйлемдер арқылы жазушы кітаптың негізгі идеясын жеткізіп
тұр. Автордың өзіне тән стилистикалық коннотациясы басқа жазушылардан сол үшін де басқаша.
Себебі, жазушы шығармаларында мазмұн тізбекті, мәтін желісі сюжет бойынша жүріп
отырмайды. Дидар Амантай шығармаларында байырғы сөздерді де жиі қолданысқа түсірмейді.
Керісінше, жалпы оқырманға ортақ, түсінікті атауларды көркемдеп жеткізу, арнайы репликалық
қос сөздерді, фразеологиялық тіркестерді, автордың өзіне ғана тән теңеу, эпитеттерді туындыға
арқау ету – авторды басқалардан ерекшелейді. Дидар Амантай шығармалары мәтін мен автор
арасындағы байланыста орнатуда өзіндік ерекшеліктерге толы. Осы турасында мәтін шеңберін
зерттеуші структуралист-ғалым, постструктуралистік бағыттың уәкілі Ролан Барттың «Автордың
өлімі» (1967), «Шығармадан мәтінге» (1971) секілді зерттеу еңбектерінде шығарма мен мәтіннің,
сонымен қатар оған автордың тікелей қатынасын толықтай қарастырады. Ол жерде Ролан Барт
шығарма мен мәтін өзара мынадай ерекшеліктерден тұрады дейді: «Шығармалар мен мәтіндердің
аражігін физикалық тұрғыда ашуға талпыну бос әурешілік. Әсіресе, «Шығарма деген – классика,
мәтін – авангард» деу жаңсақтық болар еді... Мәтін ең көне шығармалар да болуы мүмкін, ал
көптеген заманауи туындылар мәтінге мүлде жатпауы мүмкін. Айырмашылық мынада: шығарма –
кітаби кеңістікте (кітапхана каталогында, кітап дүкенінде) қозғалыссыз қалатын, заттық фрагмент
болса, мәтін – белгілі бір ережелерге сәйкес (немесе қарсы) дәлелденетін, әрқашан қозғалыста
болатын, әдіснамалық әрекеттердің алаңы» [3,131]. Бұл жерден аңғаратынымыз мәтіннің өміршең
құбылыс екендігі. Ал автор Дидар Амантайдың туындылары шығарманың да, мәтіннің де
ережесін толықтай қамтып тұр. Шығарманы талдауда көп жағдайда әдебиеттің арнасын ашар
болсақ, ал мәтіннің аясын қарастыру үшін көбіне тілдің мәселелеріне жүгінеміз. Жазушының
шығармаларын түрлі бағытта зерттеп жүрген ғалымдардың өзі автордың «Гүлдер мен кітаптар»
туындысына мынадай баға береді. Шығарма – гүл болса, мәтін – кітап. Екі тарапты да қамту үшін
автор ізденіс үстінде болды. Автордың кей сұхбаттарынан аңғарар болсақ, көне Ашуралық, Римдік
кітаптардағы желілі сюжеттерді өз шығармасына арқау етуге тырысады. Адамзаттық
категорияларды, концепциялардың мәнін ашуға ұмтылады. Шығарма болмасын, мәтін болмасын
Дидар Амантайдың ұзақ ізденістен, жаңашыл көзқарасынан, ұзақ түндерде қалам тербетіп, көзінің
Do'stlaringiz bilan baham: |