Alisher Navoiy nomidagi Toshkent davlat o‘zbek tili va adabiyoti universiteti



Download 7,21 Mb.
Pdf ko'rish
bet220/398
Sana26.02.2022
Hajmi7,21 Mb.
#467559
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   398
Bog'liq
Тайёр Миллий корпус тўплам 17.05

Alisher Navoiy nomidagi Toshkent 
davlat o‘zbek tili va adabiyoti 
universiteti 
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY 
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY 
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021) 
185 
модус арқылы көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсау формасына әкеледі. Оқырман эмоциясы мен автор 
идеясы осы тұста бір-бірімен қатарласып отырады. Бұл да автордың – көркемдік танымының 
көкжиегі кең екендігінің көрінісі. Дидар Амантай жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға қарай 
тұрақты форманы сақтай алу шеберлігімен де ерекшеленетін жазушы. 
«Аспан мен жер». «Аспан салбырап жерге түседі». Гүлдердің жекелей атауы. Кітаптардың 
жекелей атауы. Жазушының фразеологизмдерді қолдануы, екі дүниенің салыстырмалы реңкін 
ашуда арнайы сөздерді қолдануы символикалық бейнелеу арқылы көрініс береді. Аспан – 
биіктіктің символикасы болса, жер – төмендіктің белгісі. Бірақ екі ұғымның астарында тек қана 
биіктік пен төмендік қана емес, сонымен қатар философиялық мағыналылық, грамматикалық 
мағынаның күрделенген сәттері арқылы суреттелген. Автор сатқындықты, жамандықты, 
адамдықты, пенде бойындағы қасиеттерді ашуда метанизациялау, метафоралық бейнелеу, 
кейіптеу, теңеу, эпитет арқылы жаңаша сананы ояту деңгейіне көтеріледі. Автор мен оқырман 
полемикаға түсетін жерлер де бар. Аңыздық сананы көрсетуде автордың коллаж жасау шеберлігі 
іске қосылады. Әр бөлім бір кітап. Құдайлар бөлімі, ақындар бөлімі, жазушылар бөлімі, әр 
бөлімдегі атаулардың өзінен бір ғана мағына ұғып қоймаймыз. Бір ұғымды беру арқылы көп 
мағыналылық деңгейін де көрсетеді. Автодың жаңашылдығы сол – стильдік ассоциация. Оқырман 
жазушының атаулары арқылы белгілі бір дүниеге ассоциация жасап, соңында визуализацияны 
оңай сезіне алады. Мекен мен мезгіл, уақыт пен кеңістік, естелікке толы сағыныштар оқырманды 
артық сөйлем оқуға мәжбүрлемейді. 
Дидар Амантай шығармаларының тағы бір жаңашыл тұсы - аңыздық сана. Бұл деп 
отырғанымыз көркем шығармада мифологияның көрініс беріп, сол көріністі тілдік бірліктердің 
желісінде ақпарат арқылы жеткізе алуы. Кез келген қаламгер үшін бұл үрдіс те үлкен еңбекті 
талап етеді. Көп қаламгерлер сол үшін де мифологиядан іргесін аулаққа салады. Ал жазушы Дидар 
Амантай болса аңыздық сана арқылы шығарманың бедерін одан ары әрлендіре түседі. 
Мифологияда дүние, тіршілік құдайлар арқылы пайда болды делінеді. ОЛ сонау Аристотель 
шығармаларынан бастау алып, адамның наным-сенім интуициясымен әлі күнге дейін қолданыста 
жүрген техникалардың бірі. Яғни ер мен әйелді аспан мен жер құдайларына теңестіріп, солардың 
бірігуінің салдарынан дүние жаратылды, - деп беріледі. Ең әуелі, Мысыр мифологиясында жер, 
аталық бастау – Геб, аспан, аналық бастау – Нут. Қытай мифологиясында керісінше, әйел, жер, 
қара түсті – Инь, еркек, аспан, ақ түсті – Ян. Грек мифологиясында биіктік пен аспан құдайы – 
Зевс, ал, жер мен құнарлылық құдайы – Артемида болып саналады. Ізгілік пен зұлымдықтың, яғни 
ақ пен қараның арасы қанша алшақ болғанымен, кейде солардың аражігін айыру сонша қиын 
болатыны рас. Дүниеде зұлымдық болмаса, мейірімділіктің бар екенін, жамандық болмаса 
жақсылықтың бар екенін адамзат білмес еді. Тиісінше, адам қанша биіктеп, жоғары көтерілгенмен 
оның баратын орны – жер. Осы идея романның өн бойынан көрініп тұрады. Шығарманың «жер 
мен аспанның» бірігуінен басталып, «жер мен аспанның» түйісуінен аяқталуы осындай ойға алып 
келеді. 
Әлем пайда болғаннан бастап, адамзат ақиқатты іздей бастады. Сол ақиқатты іздеу 
барысында әр түрлі ғылым салалары пайда болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында 
ғылым зерттелу объектісіне қарай гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, - деп екіге 
бөлінгені белгілі. Алайда, қандай ғылымды алып қарасақ та, оның бір ғана миссиясы бар – ол 
ақиқатты тану. Сол ақиқатты тануда «ретроспекция» деген әдістің атқарар рөлі ерекше. 
«Ретроспекция – «өткенге назар аудару» («өткеннің тірілуі», «өткенді іздеу») [2]. Аталған пікірден 
аңғаратынымыз өткен шақта шығарманы сөйлету үшін үлкен ізденіс керек. Жазушы бұл 
қиындықты да өз шығармаларында оңай еңсереді. Психологияда синестезия мен кинестезия, 
сенсибилизация сынды терминдер автор туындысына арқау болып тұр. «Гүлдер мен кітаптар» 
романындағы басты қаһарман Әлішер ретроспекциялық әдісті пайдалану арқылы өзінің үш томды 
қамтитын толық романын өмірге әкеледі. Ол жерде түркі әлемінің қалай пайда болғандығы, қай 
уақытта өмір сүргені, ықылым замандағы пайғамбарлар мен сахабалардың іс-әрекет желісі, жалпы 
адамзаттың тәңіршілдігі, бір Құдайға сену инстинкті, пайғамбарлардың хадистері мен ұлы 
ойшылдардың тарих парағынан алар орны, әртүрлі уақыт аралығын қамтитын қоғамдық 
өзгерістер, сілкінулер, дүрбелеңдер мен соғыстар, барлығы дерлік тарихи аспектілік тұрғыда 
баяндалады. Кейіпкер Әлішердің өмірі мен әрекеті «Гүлдер мен кітаптар» ұғымымен үйлесін 
тапқан. Яғни, Әлішер кітабында «Әлем қалай пайда болы? Адамзат қалай пайда болды? Алғашқы 



Download 7,21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   398




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish