Alisher Navoiy nomidagi Toshkent
davlat o‘zbek tili va adabiyoti
universiteti
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021)
184
тұр. Жазушы шығармалары бүгінгі заманның көрінісін эмоциялық реңк арқылы өте ықшам береді.
Соған сай кей шығармалары сахналанып, театр тарландарына шабыт беріп жүрсе, кей
шығармалары кино әлеміне сапар шегуде. Автордың мақсаты да – сол. Ол өзінің жазушылық
қолтаңбасын ғана қалдыруды ойламайды. Образдылық пен оқырманға жеткізгісі келетін идеяны
күшейтіп, динамика мен статикалық күйді қатар қолданады.
Автордың «Мен сізді сағынып жүрмін» шығармасын алар болсақ, баяндау барысы бірінші
жақтан өрби келе, арасында екінші, үшінші жақтың да шамасын байқатады. Сонымен қатар
шығарманың өн бойынан элегиялық модус пен драмалық модусты оп-оңай ажырата аламыз. Ал
сөйлемдердің құрылымына келер болсақ, ритмді түрде жай ғана баяндаудың түрі ғана емес,
сипаттау, суреттеу, сөйлету, кейіптеу, оқырман тіпті эмоцияға қай сәтте беріліп кеткендігін де
аңғармай қалып жатады. Бар-жоғы он шақты беттен тұратын шығырманың стилистикалық
тұрғыдан сөйлемдері бір-бірімен қиыспай жататын тұстары өте көп. Диалогтар да реттілікпен
орналаспаған. Диалог өздігінен монологқа, ал монологтар қайта диалогқа айналып кету
заңдылықтары да осы шығармаға тән құбылыстар екендігі мәлім. Сөз тіркесі грамматикалық
тұрғыдан жаңаланып, көнеленіп, қайта қалыптасып жатады. Бұл қаламгердің сөздік қорын
жаңалай алу ерекшелігі. Адьективтену, адвербиалдану, предикат сынды тәсілдер жазушы
шығармашылығының өзіндік қолтаңбасы болуына өз үлесін қосады. Ал «Гүлдер мен кітаптар»
шығармасы болса, бірізділік ретін сақтаған шығармалардың қатарында. Көне Рим, Грек
әдебиетінің детальдарын аңғарамыз. Атаулы сөйлемдер арқылы өріліп, әр сөйлемге нақтылық пен
деректілік үлгісіне сай цифрлық мағына үстейді. Бір оқығаннан ұға қоймаған оқырман бірнеше
мәрте оқыған соң өзінше ой тұжырымдайды. Романды ғалымдар қазақ әдебиетінде бұрын соңды
болмаған модерн мен постмодерндік ағымның ортақтасқан дүниесі деп бағалайды. Бұл деп
отырғанымыз метатеза мен пастиш, симулякр мен символ өте нақты қолданған автордың
шығармасы өн бойы модустың қай категориясын болмасын, толықтай қамтыған. Шығарманың
басталу желісі басты кейіпкер, яғни Әлішер атты жігіттің түс көру процесімен өрбиді. «Жер бетін
тұман басты. Содан кейін аспан салбырап төмен түскен. Еңсені көтеріп жүру мүмкін болмай
қалды, адамдар бойын тіктеп тұра алмаған соң, жер бауырлап еңбектей бастады. Қорлықтың
ауыры құнысқан жауырынды жазып тік жүре алмауда екен. Жорғалап келе жатып ол жердің иісін
таныды, кітаптың иісі шығады. Кәдімгі шаң-топырақ басқан байырғы сары ала қағаздың таңсық
алабөтен иісі тап иегінің астынан аңқып тұр. Аспан мен жердің арасын қалың бозамық тұман
жайлаған» [1, 6].
Түс көру мотиві әдебиетте соңғы уақытта көп шығармаларға арқау болып жүр. Алайда
Дидар Амантай шығармаларындағы түс көру процесі мүлдем бөлек. Ол сол мотивті қолдану
арқылы аталмыш туындының басты идеясын беруді нысанға алады. Тілдік қабатта когнитивті
ұғымдар бар, сол ұғымдардың еншісінде автор бірнеше дүниені концепт арқылы берсе, бірнеше
дүниені символдық бейнелеу арқылы көрсетеді, ал енді кей бөлімде автор ойы мүлдем оқырманға
басқа арнада жылжиды. Автордың жаңалығы да сол – модус тұрғысынан алғанда кез келген
шығармасын жеке-жеке талдау ретінде қарастыруға болады. Автор өзінің бір сұхбатында
тақырыпқа аса мән бермеймін, мен үшін шығарманың идеясы мен оның қоғам арасында
қабылдануы маңызды деген пікірінен ізденімпаз жазушы екендігін көреміз. Қазіргі шығармаларға
лингвистикалық талдау жасаған тұста перифраздарға, адьективтенген есім сөздерге,
номинатталған есім сөздерге, етістіктің есім сөз орнына жұмсалуын көп байқаймыз. Бұл үрдіс
автор шығармаларында да көп кездеседі. Сонымен қатар репликалық қайталау стилі көпке мәлім.
Әсіресе драмалық модуста шығарманың басындағы ой соңында немесе ортасында қайта кезігіп
жатады. Қайталаудың бұл үрдісі оқырманға ой салудың басты шарттарына айналды. Соған сай,
Әлішердің көрген түсі шығарманың композициясын бастаса, сол екі-үш сөйлем трагедиялық
ақиқатта шығарманы аяқтайды. Әлішер көрген түс желісі «аспанның салбырап жерге түсіп, шаң-
тозаңға айналу» тіркесі арқылы бейнеленеді. Алғашында бұл сөйлемдердің легін бастапқы түстің
еншісінде оқимыз. Түс мотивінің өзін көркемдеу, диалогтарды беруде симулякрді қолдану,
мағыналық ұғымдарды қолдануда, оларды оқырманға оңтайлы тәсіл арқылы жеткізуде автордың
ең басты жаңашылдығы – интеллектуалдық провакация жасауында. Автор шығарманы
эксперимент тұрғысында жазбайды. Оның өзінің көркемдік презумициясы бар. Шығарманың
көркемдігінде қаламгер тілдік техникаларды өте қолдана алады. Әлішерді әуелі сабырлы,
парасатты жан етіп, бейнелілігін арттырып, соңында оның психологиялық жан дүниесін элегиялық
Do'stlaringiz bilan baham: |