Тилини ривожлантириш департаменти ўзбекистон республикаси олий ва ўрта махсус таълим вазирлиги



Download 8,89 Mb.
Pdf ko'rish
bet166/398
Sana02.06.2023
Hajmi8,89 Mb.
#948061
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   398
Alisher Navoiy nomidagi Toshkent 
davlat o‘zbek tili va adabiyoti 
universiteti 
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY 
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY 
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021) 
139 
Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны 
қолдануға негізделген жүйе болып табылады. Электронды оқулықтағы сан алуан қызықты 
материалдар, тест түрлері, диалогтық оқу түрлері, кестелер, сәйкестендіру тапсырмалары, бейне 
көріністер, мәтін түрлері және құрылымына байланысты тапсырмалар тіл үйренушінің 
қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа жетелейтіні анық. Студент электронды оқулықпен 
сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан, олардың бiлiм сапасын бақылау жүйесі де оңайға 
түседі. Дәстүрлi оқытуда әр студентті оқытушы тарапынан бағалауға уақыт жетпей қалуы мүмкін, 
ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде 
тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың 
тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. 
Университетіміздің кітапхана қорындағы үш деңгейден тұратын «Жаңа толқын» мемлекеттік тілді 
жеделдете деңгейлік оқытуға арналған электронды оқу құралы, «Қазақ тілі» орыс бөлімдеріне 
арналған электронды оқулығы, «Кең байтақ Қазақстан» мәтіндер жинағынан тұратын электронды 
оқулығы компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс 
меншіктеуді, гиперсілтеме көріністерін пайдалана отырып жасалған, білім беру үрдісінде көп 
көмегі тиіп жүрген оқу құралдары болып табылады. Бұл оқулықтарды қолдану арқылы сабақта 
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, тіл үйренушінің пәнге 
қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, 
бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады.
Өткен тақырыпты қайталау мақсатында тест тапсырмаларын көп өткіземіз, бұл жағдайда 
бізге көмекке келетін бағдарлама – Kahoot. Ол – мобильді құрылғыларда дұрыс жауабы бар 
онлайн викторина құруға мүмкіндік беретін сервис. Бұл құралдың тиімділігі студенттердің
жауаптары бірден бағаланады. Сондай-ақ оларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді. Әр 
сұраққа байланысты фото және видео көрсету арқылы тест тапсырмалары экраннан көрсетіледі. 
Ал студенттер мобильді құрылғылары арқылы виртуалды кабинетке кіріп, тіркеліп, сұрақтарға 
жауап береді. Әр студент жауаптарын құпия түрде бере алатындықтан, бір-бірінен көшіру деген 
болмайды. Тест аяқталғанда жалпы экранда олардың жауап қорытындылары көрсетіледі. Тез әрі 
дұрыс жауап берген студент жеңімпаз атанып, дұрыс жауапқа сәйкесінше балл алады. Олардың 
жауаптары бойынша есепті оқытушы өз электронды поштасына жолдай алады. Сервис арқылы 
құрылған бір викторинаға жалпы саны 30-ға дейін тіл үйренуші қатыса алады. Веб сервис олардың 
әр тақырып бойынша білімін бекітуге, тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қашықтан 
оқыту мақсатында да қолдануға болады. Құрылған тестті әлеуметтік желілер арқылы немесе 
электронды пошта арқылы сілтемесін жіберіп, басқа әріптестермен бөлісуге болады. Бұл 
бағдарламаның мүмкіндіктерін сабақта қолдану оқытушының уақытын үнемдеп, студенттерді 
қазақ тілін білуге қызықтыра түседі. 
Қазақ тілі пәнінде интерактивті әдістерді және түрлі ақпараттық технологияларды жаңа 
сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта 
қолданамын. Бұл әдістер бойынша сабақ барысында студенттер көп сөйлеп, оқытушылар аз 
сөйлеуге тиісті болады. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдіс студенттердің 
жоғары белсенділік танытуын талап етеді. Сабақ кезінде оқытушының көбінесе тыңдаушы рөлін 
атқаруы оның оқу үрдісінен шет қалуы болып саналмайды. Оқытушы студенттердің іс-әрекетін 
алға қойған мақсатқа жетуге бағыттайтын басқарушының міндетін атқарады. Ақпараттық 
құралдардың озық үлгісі болып табылатын лингофондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені 
тіл үйренушілердің ауызша және жазбаша аударудағы білімін жетілдіру, сөздік қорын жаңа 
сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту 
процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, 
педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту 
элементтері кең қолданылады. Сонымен қатар оқытушы да қазіргі қолданыстағы ақпараттық 
құралдарды жетік меңгеріп, Power Point, Active Studio, Kahoot бағдарламаларымен жұмыс істеп 
қана қоймай, үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне 
қолдана білуге, әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек.
Қазіргі студенттер кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек 
қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір 
жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, 



Download 8,89 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   398




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish