Тилини ривожлантириш департаменти ўзбекистон республикаси олий ва ўрта махсус таълим вазирлиги



Download 8,89 Mb.
Pdf ko'rish
bet165/398
Sana02.06.2023
Hajmi8,89 Mb.
#948061
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   398
Alisher Navoiy nomidagi Toshkent 
davlat o‘zbek tili va adabiyoti 
universiteti 
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY 
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY 
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021) 
138 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ 
ҚОЛДАНУ 
 
EFFECTIVE USE OF INFORMATION TECHNOLOGIES IN KAZAKH LANGUAGE LESSONS 
Калиева Айгуль Тулегеновна
*
57
Аңдатпа: 
Бұл мақалада қазақ тілі пәні бойынша студенттермен бірлесе отырып, қазіргі 
заманға сай ақпараттық технологияны меңгеріп, ғаламторға шығу, сондай-ақ, электронды 
оқулықтармен жұмыс жасау арқылы үлкен нәтижеге жетуге болатыны айтылады. Осы 
ақпараттық оқыту технологиясы білім алу үрдісін түбегейлі өзгертіп, студенттің өздігінен 
білім алуға, пәнге қызығушылығын арттыруға болатыны сипатталған. 
Кілтті сөздер:
 Инновация, ғаламтор, мультимедия, ақпарат, коммуникация. 
Annotation: 
In this article talks about the use of information technology in Kazakh language 
lessons that not only facilitate the digestion of educational material, but also provide new opportunities 
for developing students creative abilities, increase students’ motivation for learning, activate cognitive 
activity, and develop the students thinking and creative abilities.
Keywords:
 Innovation, internet, media, information, communication. 
Бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялардың білім беру үрдісінде алатын орны ерекше. 
Білім беруді ақпараттандыру мақсаты алға қойылып, білім беру саласында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру 
үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылып жүр. Қазақ тілін екінші тіл ретінде 
орыс тілді аудиторияда оқыту әдістемесінде оқылым, жазылым, тыңдалым және сөйлесім 
дағдыларын online арқылы дамыту маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақ тілі сабағында 
ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, 
есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік 
береді. 
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – тіл үйренушілердің 
коммуникативті мәдениетін қалыптастыру және дамыту, тілді практикада меңгеруіне жағдай 
жасау. Сондықтан оқытушы әр сабаққа жауапкершілікпен дайындалып, олардың қазақ тіліне деген 
қызығушылығын ояту үшін әр түрлі технологияларды қолданғаны жөн. Қазіргі кезде көп 
қолданыста жүрген АКТ құралдарына интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет 
кеңістігі, мультимедиялық материалдарды атауға болады. Интерактивті тақтаның сабақ үдерісінде 
оң нәтижеге жету үшін тигізетін әсері ерекше. Ол Activstudio бағдарламасының мүмкіндіктерін 
қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды 
қызу талқылау үшін жағдаят тудыратын сөйлемдерді, сұрақтарды ерекше бөліп көрсетуге, 
нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың 
қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, 
тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға кең мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ flash–
анимацияларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға (Туған жер, Астана, Қазақстан, т.б. 
тақырыптарға сәйкес), суреттермен слайдтар жасауға; қазақ тілінде сөйлеушілердің дауысымен 
жазылған видео-роликтер көруге (мысалы, Біздің университет, Қазақстан қорықтары, Атақты 
спортшылар, т.б. туралы) сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға (мәселен, Қ.Мырзалиевтің «Қызыл 
кітап» өлеңі, Ұлттық тағамдар, Шағын және орта бизнес тақырыптарына байланысты); суреттерді 
бір фонға қойып, суреттерді қимылдатып сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға (Банкте, 
Мейрамханада, Емханада, т.с.с.); сөзжұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға көп септігін 
тигізеді. Нәтижесінде тіл үйренушілер өз ойларын бағдарлама талаптарына сай үйретіліп отырған 
тілде еркін жеткізе алады, қазақ тілін қатынас құралы ретінде пайдалана біледі, пәнге деген 
қызығушылықтары артады. 
57
* аға оқытушы, филология магистрі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қаласы,
Қазақстан Республикасы, 
aigul_kalieva_80@mail.ru
 



Download 8,89 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   398




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish