2. ISPRING SUITE БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ЖАСАУ ҚАДАМДАРЫ
Пәні
|
Қазақ әдебиеті
|
Сынып
|
6 сынып
|
Кітап автор(-лар)ы
|
Ақтанова А., Жүндібаева А., Жұмекенова Л.
|
Баспасы
|
Мектеп
|
Оқу тілі
|
Қазақша
|
Оқу үдерісін ұйымдастыруды оқулықтар мен оқу жұмысы басты назар аудартады.Оқулықтағы мәліметтердің қысқа әрі нақты берілуі оқушылардың уақытын үнемдейді әрі керек ақпаратты лезде таба алады.Бүгін біздер 9-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығындағы «А.Құнанбайұлының шығармашылығы» аталатын ауқымды тақырыбын iSpring suite бағдарламасы арқылы электронды оқу құралын құрайтын боламыз.Ол үшін әуелі мектеп бағдарламасындағы қазақ әдебиеті оқулығын талдаймыз.
7-сурет
Бұл оқулықта әр абзацтан кейін бақылау сұрақтары, қайталау тапсырмалары, жаттығулар, эксперименттік және шығармашылық тапсырмалар берілген және тапсырмалар екі бөлікке бөлінеді: біріншісі сыныпта орындауға арналған, екіншісі –үйде жеке жұмыс жасау үшін қарастырылған.
Оқулықта берілген жаттығуларға жауаптарды оқулықтың соңынан табуға болады.
Біздер дәл осы оқулықтың «А.Құнанбаевтың шығармашылығы» тақырыбында электронды оқулықты жасаймыз.Ол үшін:
Жоғарыда көрсетілгендей iSpring suite программасын жүктеп аламыз.
7-сурет
2.Презентация парағы ашылған соң жұмысты бастай беруге болады.
iSpring suite програмасында электрондық тапсырмаларға суреттер, формулалар салуға және мәтінді дыбыстап, аудиожазбалар мен бейнежазбалар қоюға да болады.
Барлық қажетті ресурстар презентацияға салынып болғаннан кейін «публикация» белгісін басып, «ехе» арқылы сақтасақ, электрондық тапсырмаларды кез келген ақпарат көзінен пайдалануға болады.
8-сурет
Қашықтықтан оқытуға арналған iSpring оқу үдерісін белсенді жүргізуге,оқу нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындаушы оны бірден оқытушының электрондық поштасына жібере алады. Білім алушылар бұл бағдарламаның көмегімен жасалған курсты кез келген күрылғыдан: ноутбук, планшет, телефоннан ашып қарай алады. Кез келген өзіне ыңғайлы уақытта курсты тыңдап, тест, тапсырмаларды орындаумен қатар өтілген материалдарды қайталай алады. iSpring бағдарламасының қашықтықтан оқытуда берер мүмкіндіктері мол. Осы бағдарлама көмегімен жасалған электрондық оқулықтар оқу үдерісінде таптырмас құрал болары анық. Қазір электронды оқулық жасауды мәліметтер енгіземіз.Ол үшін керек ақпараттарды слайдқа салу арқылы жасаймыз.
Бізге Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде ақпараттар қажет болады.
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
9-сурет
Электрондық курстар шынымен "тірі" болуы үшін мұғалімнің қатысуының әсері қажет. ISpring Suite 8 бағдарламасы слайдтардың авторлық дауыстық сүйемелдеуін жазуға немесе слайдтарды бейнекамераның көмегімен түсірілген бейнематериалдармен сүйемелдеуге мүмкіндік береді.
Аудио/бейне сүйемелдеу редакторы аудио, бейне файлдарды жазуға, импорттауға, анимациялармен синхрондауға, сондай-ақ оларды өңдеуге қызмет етеді. Кірістірілген редактор слайдтарды, өтпелі эффектілерді көрсету ұзақтығын өзгертуге, жолдардың басы мен соңын кесуге, дыбыс деңгейін өңдеуге, шуды жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, файлдарды өңдеу сапасы кәсіби редакторлардың сапасынан кем түспейді. Оқу материалын қабылдауды визуализациялау және жақсарту үшін мультимедиялық файлдарды енгізу қолданылады: аудио ( * .wav, *.mp3, *.wma), бейне (*.avi, *.wmv, *.mpg, *.mp4, *.mkv), Youtube бейнелері, flash анимациялары (*.swf, *.flv). iSpringSuite 8 басқа бағдарламалардың көмегіне жүгінбей-ақ, жылдам қатынау тақтасын бір рет нұқу арқылы файлдарды қосуға мүмкіндік береді.
Youtube бейнелерін енгізген кезде, бейне презентацияға енгізілмеген, тек сілтеме орналастырылған жағдайда, мазмұнға көптеген қоңыраулар түскен кезде жергілікті желінің ішкі серверлеріне жүктеме айтарлықтай төмендейді. Ол үшін бейне файлдар компьютерге алдын-ала жүктеледі және Youtube қызметінің көмегімен оңтайландырылады.
Do'stlaringiz bilan baham: |