«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet61/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
М.Жолжанов «Қазақстан тарихы, тіл әдебиеті және топономикасының өзекті 
мәселелері» ЖШС «Ақжар-АБК» 2017 ж 
2.
Атырау облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы» , 
«Атырау-Алматы» 2012 ж 
3.
Ә. Нұрмұханбетұлы «Жер су аты-тарихтың хаты» 
4.
Ө. Әлімгерейұлы «Үстірт пен Үйшік Азау арасы», «Абзал –Ай» баспасы, 
2018 ж 
5.
Ө. Әлімгерейұлы «Үлкен шаңырақтың ұрпақтары» 
6
. https://taisoigan.kz/tarikh-lketanu/article_post/sarayshyk-sazdary 
7
. Әбдірахманов А. Қазақстанның жер-су аттары.- Алматы: Қаз.ССР ҒА 
баспасы, 
Р.А. Жұмагелдиев 
Еңбекші жалпы орта мектебі, 
8 сынып оқушысы 
Құрманғазы ауданы Жұмекен ауылы 
 
 
«ӨЛКЕТАНУДАҒЫ ЭТНОГРАФИЯ» 
 
Менің туып-өскен мекенім қазақ еліндегі Ұлы даланың бір қыры болар - 
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жұмекен ауылы. Атырау қаласы 
Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан. Ал Құрманғазы 
ауданы - тоғыз жолдың торабындағы еліміздің Ресеймен арадағы батыс қақпасы 
саналатын киелі өлкенің шөбі шұрайлы, халқы жылы шырайлы,талай танымал 


99 
тұлғаларды сыйлаған қасиетті мекен. Дүлдүл күйшілер мен бұлбұл 
әншілердің,еңбегімен елге танылған майталман малбегілердің кіндік қаны тамған 
аудан. Сол ауданда әлемді әнімен дүниежүзіне танытқан ақын Жұмекен 
Нәжімеденов ауылы бар. Жұмекен ауылында туып өсіп келе жатқаным мен үшін 
үлкен мақтаныш. 
Өзімнің кіндік қаным тамған жерім, туған өлкемді зерттеу мен үшін –оның 
әсем табиғатын аялау, ата - бабамыз мұра етіп қалдырған кең жасыл өлкенің 
тарихын білу, насихаттау бүгінгі ұрпақтардың парызы екенін ұғыну. 
Мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым: 
1.
Зерттеу тақырыбы бойынша Жұмекен ауылының өлке тарихы туралы 
әдебиеттердегі мәліметтерді талдау. 
2.
Ауылдың тарихымен, мәдениетімен танысу. 
3.
Өлкетанудағы этнография саласы. 
Қазіргі қоғам рухани жаңғыру бағытында - ұлттык; және жалпы адамзаттық 
терең туыстық сезімі арқылы өтіп жатқан, өзін-өзі анықтау мен ұлттық жаңғыру 
процестері өзгеріп жатырған кезең. Ұлттық тарихты бізге білу қажет, себебі онда 
жаңа қоғам құрылысшыларының, қасиетті күш-куаты жинақталған. Патриотизм, 
бабалар ісіне деген мақтаныш әр адамда болуы керек. Өлкетану деп белгілі бір 
аймақты жан-жақты зерттеп тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің 
әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның 
табиғи сипаты нысан болады. Бүгінгі күні мектепте Өлкетану пәні оқыыту 
бағдарламасы қосылды. Бұл пән өлкеміз туралы ақпарат беретін негізгі сала 
болып табылады. Өлкетану оқушылар көзқарасын кеңейтеді. Отаншылдық 
тәрбие қалыптастырады. 
Өлкетану мектеп қабырғасында тәрбиелік мәні бар пән. Оқушылардың 
іздену жұмыстарын дамытады. Оқушылардың ізденушілік, зерттеу жұмыстары 
бағытында мектеп бағдараламасынан тыс тапсырмалар беріледі. Жергілікті 
материалдар отандық тарихтың бөлінбес бөлігі ретінде қарастырылады. 
Әрбір адам үшін оның туып- өскен өлкесі, қаласы немесе ауылы, үйі, 
күнде жүретін көшелері қымбат. Ол өлкеде өзің оқитын сүйікті мектебің, аса 
қымбат достарың бар. Онда ел мақтан тұтатын адамдар өмір сүріп, еңбек етеді. 
Менің ауылым – Жұмекен Еділ өзенінің Өлеңті тармағын бойлай, құрақ, қамыс 
өскен шалғынды-батпақты шөлейтті белдемде орналасқан. Алғаш іргесі 1930 
жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланды. Алғашында 
“Өлеңті” ауылдық кеңесінің орталығы болды. 1976 жылы ұжымшар негізінде 
ұйымдасқан 25-партсъезд атындағы қой кеңшары мен Еңбекші ауылдық 
кеңесінің орталығына айналды. 1996 жылы кеңшар таратылғаннан кейін, 
“Ақжонас” өндірістік кооперативі құрылды да, ауылға ақын Жұмекен 
Нәжімеденов есімі берілді. Өлке тарихы ел тарихымен, сол өлкеде өмір сүретін 
халықтың ана тілімен тығыз байланысты. Туып-өскен жерін, ана тілі мен 
халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қастерлеп, аялау–оқушылардың 


100 
парызы. Өзімнің ауылымдағы өзім оқитын Еңбекші жалпы орта мектебіндегі 
тарих пәні мұғалімі Болдыхан Тілепқызының жетекшілігімен құрылған мектеп 
мұражайы туралы айтқым келеді. Мұражайға саяхат жасауға қалай қарайсыз?... 
Ендеше саяхатымызды бастайық. Мұражай – елдің тарихын, мәдениетін және 
өркениетін айғақтауда маңызды роль атқаратын тәрбиелік орын. Ауылдық жерде 
білім мен тәрбие ошағы-мектеп болса, адам көңілінің ажары болатын мәдени 
орын- мектеп мұражайы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» мақаласында оқушылардың «Туған жер» тарихын тануына 
ықпал жасаған

Мектеп мұражайы өлкетанудың не екенін ұққызарлықтай өлкеміздің 
тарихы мен тыныс тіршілігі туралы да жинақталған этнографиялық тұрмыстық 
құрал – жабдықтар жинағы бар. Солардың кейбіріне тоқталғым келеді. 
Мұражайда осы өлкені мекендеген халықтардың тұрмыстық бұйымдары 
мен киім кешектері, көне қолжазбалар мен нумизматика бөлімі бойынша көне 
ақшалар, ата-бабаларымыздан мұра болған тұрмыстық құрал-жабдықтар жинағы 
орналасқан. 
Мұражайдың бір бұрышы Ұлы Отан соғысына қатысқан өлке 
ардагерлеріне арналыпты. Жергілікті ауылымыздан шыққан ел қорғаған 
азаматтардың есімдері жазылған тақта. Соғыста ерлік көрсеткен адамдардың 
суреттері мен олардың майданнан жазған хаттары, орден-медаль, т.б. заттары 
қойылған. Ардагерлердің соғыстағы ерліктері, соғыстан кейінгі ерен еңбегі 
туралы баяндалған деректермен де осы бөлмеде танысуға болады. Біздің 
еліміздің мақтанышы – Кеңес Одағының Батыры, Мұқат Мусаевтың өмір жолы 
туралы мәліметтер ерекше қызықтырады. Өлкетану музейіне келген адам өз 
өлкесінің өткені мен бүгінгі хал-ахуалынан толығымен хабардар болып, 
тарихына деген үлкен ризашылық сезіммен қайтады. Туған жер жайлы 
жинақтаған мәліметтер біздің өлке туралы білімімізді кеңейтуге мүмкіндік 
береді. Өлкетанудың аса маңызды міндеті – өзіміз тұратын өңірдің табиғаты мен 
мәдени ескерткіштерін қорғау, оларға қамқорлық жасау болып табылады. 
Туған жерді қастерлеген, туған жерін арттыруға, замануи озық өркениет 
үлгілерін дамытуға деген қазақ халқының сүйіспеншілігі зор. Қазақ халқы 
қашанда ұлттық киімдерді қадір тұтқан. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті 
ата тазалығына аса мән берген. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ас 
ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы ата – бабамыз елдігімізді 
таныған. Күнделікті тұрмыс құралдары , дәстүр салт арқылы ұрпағын үздіксіз 
тәрбие бесігінде тербетіп отырған. Қазақ халқы киімге аса мән берген. Ешқандай 
арнайы фабрикасы болмай, ақ ешбір оқу бітірмей – ақ ұл-қызының киім-кешегін 
өздері тіккен. Ұлттық киімдерімізді пайдалану , тұтыну ерекшеліктеріне қарай 
күнделікті, сәндік, жыл мехгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық киімдер 
болып жіктеген. Көне ғасырларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері 
мен үлгілері бізге жеткен. 


101 
Мен әдебиеттер арқылы қалыңдықтың жасауларымен таныстым. Олар: 
сахтиян етік, жасыл жібек шалбар, сары жібек көйлек, кішкене күміс ілгектері 
бар өңірі қызыл, алды ашық, тізеге дейін жететін жапырақ өрнектері бар жібек 
халат. Қалыңдық басына қызыл матадан тігіліп, айналасы қымбат аң терісімен 
жұрындалған, түрлі күміс әшекейлер ілінген, інжу-маржан тастары орнатылған 
бөрік киген екен. Мұндай бөрік тек тойға ғана киіліп, кейінге мұраға 
қалдырылып, болашақ ұзатылатын қыздарға көшіп отырған. Бұл сәукеле болса 
керек. Осы киімдер арасынан мұражайдан кең етек көйлектер, бешпент, әшекей 
бұйымдарынды жинақталғанын байқадым. Ертедегі 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish