«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet36/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Мыңтөбе 
- адырлы алқап. Аудан орталығы- Аққыстау селосының 
солтүстік батысында, Нарын құмының қойнауында орналасқан. Ортасында тұщы 
су жиналатын сайы бар. Құмды топырақ қабатында өсімдіктер қалың өседі. Еділ- 
Жайық аралығында Бөкей хандығы орнамас бұрын бұл өңірді қалмақтар 
мекендеген. Жайлы қоныста мың түйе ұстаған бай қалмақ болыпты, мың түйе 
қалмақша-«мин төбе» деген сөз екен. Жер атауы содан шыққан деген жорамал 
бар. 1930 жылдардың басында Мыңтөбеде ұжымшарлар құрылды, кейін 
«Забурын» кеңшарының фермалары орналасып, жайлы қонысқа айналды. Қазір 
Мыңтөбе жекешаруа қожалықтарының иелігінде. 
Мартыши - 
Жәңгірдің қайын аиасы есаул Қарауыл Қожа байлығы, балығы 
мол Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің біраз жерін орыс помещиктері 
Безбородко мен Юсуповке жалға бергенде осы Қарашығанаққа Мартынов деген 
қазақ қожалық жасаған. Соның салдарынан әуелдегі төл аты. «Шығанбай сайы», 
«Шығанбай көлі» деген атаулар бірте-бірте ұмытылып, алғашқыда «Марток», 
одан кейінгі уақытта «Мартыши» атауларына ие болды. Шындығында бұл жердің 
аты «Мартыши», «Шығанбай» көрінеді. Қазіргі «Мартыши» кен орны атауының 
арғы тарихы осыдан туындаған. 
Орпа 
- Нарын құмының бір бөлігі. Новобогат селолық округінің аумағында 
орналасқан. Жері Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шекарасымен шектеседі. 
Разведка 
- елді мекен. 1970 жылдардың ортасында Еділ-Жайық өзендері 
аралығынан мұнай көзін іздеген облыстағы мұнай барлау мекемелерінің 
отбасылары бастап қоныстанған. Аудан орталығы- Аққыстау селосынан 
шығысқа қарай км жерде орналасқан. Разведка мен Чапаев селосы аралығын 
«Атырау-Астрахань» темір жолы бөліп тұр. «Атырау-Астрахань» автомобиль 
жолы да ауылдың үстінен, Боқсақ каналы іргесінен өтеді. 
Сазанқұрақ 
- Нарын құмының оңтүстік жиегіндегі Нарын селолық 
округінің аумағындағы жер атауы. Сазанқұрақ Бөкей хандығы кезінде Беріш- 
ағатай руының қонысы болған. Каспий теңізінің суы өзекшелер арқылы 
Сазанқұрақ аумағындағы сай салаларға құйған бал татыған сазанымен, 
жайқалған көк құрағымен әйгілі болғандықтан халық бұл мекенді «Сазанқұрақ» 
деп атаған. 1992 жылы мұнда кен орны ашылды. «Сазанқұрақ» қазақ-американ 
біріккен кәсіпорны 1999 жылдан бастап, мұнай өндіре бастады. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish