«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ


САРАЙШЫҚ ШАҺАРЫНЫҢ ТАРИХИ МӘДЕНИ КЕЛБЕТІ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet17/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

САРАЙШЫҚ ШАҺАРЫНЫҢ ТАРИХИ МӘДЕНИ КЕЛБЕТІ 
 
Қазіргі таңдағы жас ұрпақтың міндеті біздің көпқырлы әрі ауқымды 
тарихымызды нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, дұрыс түсініп, 
қабылдап, жаһандық тарихтағы өз ролімізді байыппен пайымдауға тиіспіз. 
Қазақстан тарихындағы мәдени жетістіктер шоғыры мен тарихи жәдігерлер Ұлы 
Даланы мекен еткен қазақтардың арғы бабаларынан бізге жеткен мұрасы. 


35 
Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
мақаласында «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті 
жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл–рухани дәстүрдің 
басты негіздерінің бірі» деген болатын. Сондай қасиетті жерлеріміздің бірі– 
Сарайшық. Сарайшық, Кіші Сарай–орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда 
және экономикалық орталығы болған қала. Қаланың іргесі Х ғасырда қаланған. 
Қаланың гүлденген дәуірі ХІІІ-ХІҮ ғасырлар аралығы. Алтын Орда дәуірінде 
Сарайшық 
шаһары 
Кавказ 
бен 
Қырымды, 
Қарақорым, 
Қытаймен 
байланыстырып, әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік 
дәліздердің пайда болуына жол ашты. Қала керуен жолының бойында 
орналасқандықтан маңызды діни саяси орталыққа айналды. Алтын Орда 
күйреп, қала әлсірегенмен Ноғай ордасының астанасына айналып, қайта 
көркейді. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы болды. Соңынан 
Қазақ хандығының астанасы болды. 
Сарайшық шаһары туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың 
белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы – Ибн - Батута. Сарайшықты Бағдатпен 
салыстырғанына қарағанда біздің жеріміздегі ғажап шаһар болса керек. Ол өзінің 
саяхаттарының бірінде 1334 ж. «Үлкен Сарай» қаласынан шығып, (Сарай-
Берке — Алтын Орданың бас қаласы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық 
қаласында болған. Бұл жөнінде ол, «Біз Сарай қаласынан ат жеккен арбамен он 
күн жол жүріп. Сарай-жук қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу» деп аталған үлкен, 
терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала және дүние 
жүзіндегі Бағдаттан кейін екінші жүзбелі көпір осында екен». Бұдан кейін 
Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос 
болған ағылшын көпесі - Антоний Дженкинсон. Ол 1558—59 жж. Каспий 
теңізінің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасаған кезінде Сарайшық 
қаласында болғанын былай деп жазған: «Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен 
жағасындағы гүленге Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен 
көңілдес Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен батысты 
байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы 
дамыған қала екен.» 
Сарайшық шаһары туралы ХІІ ғасырдағы. Араб тарихшыларының 
еңбектерінде аталады, орта ғасырдағы археологиялық экспедициясының 
қорытындысы негізінде белгілі археологтар С.П. Толстов пен Г.И. Пацевич 
«Өмір сүрген Саксин қаласының орнында бой көтеріп, жаңа атауға ие болған 
қала. Саксин Х—ХІ ғғ. Хорезм тұтқындарының көмегімен сауда жолының 
бойында салынған еді» деп жазады. 
Қазақ археологиясының атасы Ә.Хақанұлы Марғұлан өзінің 1950 жылдары 
жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде «Қала ХІІғ салынған» деп жазады. 
Сарайшық шаһарының өмір сүрген дәуірін шартты түрде үш кезеңге 
бөледі: 


36 
ХІІ ғ. — қала іргесінің қаланып бой көтеруі. 
ХІІІ—ХІҮ ғғ. — Алтын Орда өмір сүрген кезеңдегі Еуропаның, Орта 
Азия, Қазақстанды манғолдар және қытаймен жалғастырған ірі сауда орталығы 
болу, яғни қаланың гүлденіп, өркендеу дәуірі. 
ХҮ—ХҮІ ғғ. — Ноғай ордасының орталығы болуы, орыс- 
қазақтар шабуылынан күйреп, қирауы. Тарихи үдерістер біздің халқымыздың 
санасында тұлғаландыру сипатына ие болады. Қазақ тарихындағы белгілі 
тұлғалар бүгінде «Өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы 
саналады және сол елдердің халықаралық аренада алға қарай ілгерілеуіне септігін 
тигізіп отыр. 
Қазақ тарихында терең із қалдырып, заманында қазақ мемлекетін басқарған ұлы 
хандардың бірі - Әз Жәнібек хан. Ел ішінде Жәнібек ханның өзі салдырған 
Сарайшық қаласының іргесіндегі әйгілі «Секер көлі» туралы деректі әңгіме көп. 
Секер көлдің орны қазіргі Сарайшық ауылының орнында қалып қойған. – Теп- 
тегіс жерде ойпаңдау болған түбінен, кезінде жиектерін қолмен нығыздап, кейбір 
жерлерінің тас, топырақпен, қызыл қышпен көмкерілгені көлдің өз заманында 
қолдан жасалғанын дәлелдейді. Кезінде Шамполов деген орыс көпесі 1920 
жылдары осы жерден кірпіш зауытын салып жүріп, көлден алып жұмыртқа тауып 
алған көрінеді. Көлге аққулар үнемі қонып жүрсін деп Жәнібек хан арнайы секер 
төктірген. Аққулардың көп болғаны сондай, Сарайшықтың қыздары көлден су 
алғанда, аққуларды ығыстырып жіберіп, шелектерін содан соң ғана суға 
батырады екен. Бұл көл “Жәнібек ханның аққу көлі”, “Сарайшықтың аққу көлі”, 
“Аққу көлі” аталыпты. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге Әкесі жасатып 
берген аққу мүсінді алтын қайығымен (мұражайда сақталған суреті бар) құстарға 
жем беріп, кісіден үрікпеуге үйретеді. Құс атаулы жаз бойы Секер көлде еркін 
жүзіп жүреді екен. Жәнібек ханның сол қызы ұзатылғалы жатқанда, 15 жасқа 
қараған шағында ауырып, кенеттен қайтыс болады. Хан қызын алтын табытпен, 
барлық жасауымен, алтын қайығымен қоса жерлеуге Әмір етіпті. “Қызыңыздың 
осынша байлықпен қоса жерленгенін білген бір қатыгез моланы ашып, байлықты 
тонап кетсе, жалғызыңыздың мүрдесі айдалада қалар. Сондықтан қызыңыздың 
денесін жасырын жерлеңіз” деп ақыл айтқандар болыпты. Осы кеңеске құлақ 
асқан Жәнібек хан жеті кісіні шақырып, құпия тапсырма беріпті. Қабір қазылып, 
түнде қызы жерленген соң, әлгі жеті кісі де сол бойда өлтіріледі. Ал қызының 
қабірін ешкім білмесін, ашпасын деген пиғылмен жас қабірдің үстінен түнімен 
бірнеше үйір жылқыны өткізіпті. Ат тұяғынан тып-типыл болып тегістелген 
жерден ертеңіне ханның өзі де қызының моласын таба алмапты, - деседі аңызда. 
Сарайшықтажерленген 7 ханның үшеуі – Алтынорданың хандары. Үшеуі– 
Ноғайордасының билері. Біреуі – Қазақ хандығының ханы. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish