«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ


ӨЗ ӨЛКЕМІЗДІ ТАНУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet138/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

ӨЗ ӨЛКЕМІЗДІ ТАНУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР 

Тәрбие саласында жас ұрпақ тәрбиесінде жоба жұмысының маңызы зор 
екені айқын болды. Тәрбие жобалары талапты да талантты жас буынды ізденіске 
жетелеп, шығармашылығын шыңдап, жарқын болашағына жол ашады. 
Жобаны ұйымдастыру барысында ізденіс, зерттеушілік, шығармашылық, 
өлкетану экспедициясы, экскурсия бағытында жұмыс жүріп, саяхат, аялдама, 
сыр-сұхбат, рөлдік ойындар, кезбе тілші секілді әдіс-тәсілдер тиімді болды. 
Тәрбие жобасын ұйымдастыруда сыныптың білім алушылары жекелей, 
жұптық, 
топтық, 
ұжымдық 
түрде 
қатыса 
алады.Тәрбие 
жобасын 
ұйымдастырғанда сынып оқушылары мен жетекші бірге жоспарлап, іске 
асырады. Оқушылар жоба барысында жұмысты бөліп алып, жүзеге асырушы 
болса, сынып жетекші көшбасшылық қызмет атқарып, ұйымдастырып, бағыт- 
бағдар береді, ресурстармен қамтып, сарапшы, үйлестіруші, бақылаушы, 
бағалаушы болады. 
Жобаны орындауда оқушыларға талап қойылады: өз ынтасымен, 
ықыласымен, өз бетімен, шығармашылық сезіммен мәселені шешу. Ал оның 
жобалық қызметі өнімді жұмыс болып табылады. 
Жобаны құрылымы төмендегідей 3 кезеңнен тұрады: 
1.Дайындық кезеңі 
2.Іске асыру кезеңі. 
3. Шешуші кезең .Түйін. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын 
көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды 
құжат. Бұл мақалада сананы жаңғыртып, ұлттық болмыстан айырылып қалмай, 
оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату 


263 
жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтерілген.[1]Ұстаз 
ретінде Елбасының осы ойын құптап, рухани мәдениеттің дамуы үшін 
тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтарды 
бойына жиған жас өренді тәрбиелеуге үлес қосудамын. Егер жаңғыру елдің 
ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса,ол адасуға бастайды. 
Рухани жаңғыру - мәңгілік ел болудың кепілі. Бұл - тәуелсіз еліміздің 
бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан игі бастама. 
Өйткені,рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, 
әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.[2] 
Аталған бағдарламада Елбасы «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы 
әлемдік,өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық 
тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болатынын атап көрсеткен. Осы орайда туған 
жерін тану, өз өлкесін білудің адамзат үшін маңызды екені аңғарылады. 
Өлкетанудың зерттеу нысандарын 4 топқа бөліп қарастыруға болады. 
Өлкенің табиғатын, табиғи ерекшеліктерін, жеке компанеттердің олардың өзгеру 
деңгейі мен сипатын, табиғатта жүретін үрдістерді зерттеу; Өлкенің 
шаруашылығын, онда тұрып жатқан кәсіптік ерекшекліктерін анықтау; Өлкенін 
және онда тұрып жатқан халықтарының тарихы жайлы деректер, экспонаттар 
жинау, көне қалалар қалдықтарын, тарихи ескерткіштерді оқып-тану және 
оларды халық тарихымен, тарихи кезеңдермен байланыстыру; 
Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы негізінде «Өткенді білмей, болашақты 
бағдарлай алмайсың» деген, өткенімізді біліп, өшкенімізді жағу мақсатымен 
патриоттық және зерттеу жобасын құрып, «Туған жер-тұнған шежіре» 
тақырыбында экспедицияға шықтық. Бұл біздің өлке тарихын танып-білуге, 
зерттеп-зерделеуге жасалған алғашқы қадамымыз. 
Елін сүйген ер тәрбиелеуіміз үшін жас ұрпаққа туған жер,өскен өлкені 
танытуымыз керек. Сонда ғана тәуелсіздік нұрымен көркейген өлкеміздің 
болашағы бұдан да арайлы болмақ. 
Ел шежіресі-жер шежіресі. Бұл өңір-киелі қазығымыз, ата жұртымыз. Біз 
озық өркениетке,адами құндылшықтарға ұмтыламыз. Бұл өлке де бүкіл қазақ елі 
сынды тарихқа толы, айтар сыры мол өңір. Халық керілген кер даласын «өскен 
елім, кіндік кескен жерім» дейді.[3] 
Жобаның логикалық сызбасы төмендегідей 
Мақсаты: 
-
Шешу талаптарының кешенін анықтау 
-
Күтілетін нәтижені болжау 
-
Қойылған мақсатқа жету бойынша іс-әрекеттерді жоспарлау 
-
Жүзеге асыру 
-
Бағалау 
Мектепте 
ұйымдастырылған 
тәрбие
жобасы оқушылардың 
қызығушылығын ұштап,тың бастамаға жол ашты. Осы орайда сынып 


264 
оқушыларымен бірлесіп құрған жоба жұмыстарын ұсынғым келеді. «Ауыл 
қарттары – қазынамыз» 
(Қариялардан сұхбат алу), «Туған үйдің түтіні» (зерттеу, өлкетану экспедициясы) 
тақырыптарында өлкетану бағытында оң қадамдар жасалды. 
Экскурсия түрінде өткен «Туған елге тағзым» зерттеу өлкетану 
экспедициясы барысында өз туған жеріміздің тарихын танып,елді мекен,ауыл- 
аймақпен жете танысуды көздедік. Бұл экспедицияға сынып оқушылары түгел 
қатысты және ата-аналар да қолдау көрсетті. Табиғаттың ең тамаша мезгілі 
көктем кезі жас өлкетанушыларға шабыт бергендей болды. Атап айтар 
болсам,сәуір айында Ауғайран елді мекенінде тұратын сынып оқушысы 
Дәуренбектің үйіне барып, ауыл өмірімен , тұрмыс-тіршілігімен жете танысып 
қайттық.Бұл сапардан оқушылардың көрген-білгені,жиған-тергені көп болды. 
Ата-бабамыздан бері жалғасын тапқан төрт түлік мал, оның төлі, ауыл өмірі, таза 
ауа, мөлдір су-бәрі-бәрі әсерлі болды. «Туған үйдің түтіні»тақырыбында болған 
бұл сапар сынып оқушыларының есінде қалған ең керемет күн болды. Су 
жағасына тал отырғызып,ұлдар түйеге мініп, қыздар сиыр сауып, ауыл 
тіршілігіне етене араласты.Сынып ұл-қыздарының көгалда доп ойнап, арқан 
тартқаны да қызықты болды. Көнеден жеткен жәдігерлермен танысып, ұстап та 
көрді.Күбідегі шұбаттан дәм татып, ат әбзелдерімен, киіз үй сүйегімен танысты. 
Оқушылар сол жердің топырағын, суын, өсімдігі мен тіршілігін тануға тырысты. 
Қызықпен жүріп күннің қалай тез өте шыққанын білмей де қалдық. Сынып 
оқушылары экскурсия барысында алған әсерін келген соң эссе түрінде жазды. 
Экскурсиядан кейін кері байланыс жасап, ой бөлістік. 
Тәрбие жобасының рефлексиясы: 
1.Жоба қандай өзгерістер әкелді? 
2.
Біз не жасай аламыз? 
3.
Біз нені үйренуіміз қажет? 
4.
Жобаға қатысқан кездегі кедергілер. 
« Үй жанында биік төбең болса, ерттеулі атпен тең, 
Үйіңде білгір қартың болса, жазылған хатпен тең», деген даналық ойдың 
ақиқатына көз жеткізді. Өз өлкеміздің өткені туралы сыр шерткен қарияларға 
құрметпен қарап, тың деректерді білді. 
Өткен оқу жылында сыныпта 
Тәуелсіздік тойының 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тойына тарту» атты жоба 
құрылып, 25 қадам нақтыланып, 25 жұмыс атқарылды.Бұл жобаға сынып 
оқушылары белсене қатысып, қызығушылық танытты. Осы жоба аясында да 
ауылымыздың өткені мен бүгіні туралы біраз нәрсеге қанықтық. «Тәуелсіздік 
жылдарындағы Тұщықұдық»тақырыбында өлкеміздің өткенін саралап, 
ауылымызды көзбен көріп араладық.Қарттарға көрісіп барып,сұхбат алып, біраз 
нәрсе 
түйдік. 
Ауылымыздағы 
қоғамдық 
орындарға-мәдениет 
үйі, 
емхана,кітапхана,ауылдық округ орталығына барып,ондағы қызметкерлермен 
сұхбаттасып,ауылымыздың өткені мен бүгіні туралы біраз жайға қанықтық. 


265 
Атап айтар болсам,сынып оқушысы Бисебаева Аружанның «Тұщықұдық 
тәуелсіздік жылдарында» тақырыбындағы ізденіс жұмысы ,көрсетілім кезіндегі 
дайындығынан –ақ оқушының өз өлкесінің өткені мен бүгініне деген 
қызығушылығымен, танысам деген құштарлығын аңғардық. Бұл күн де ерекше 
күн болды. Сынып оқушылары жоба нәтижесін аудан айнасы «Нарын таңы» 
газетінде жариялады. Осы жобамен бүкіл аудан жұртшылығы таныс болды. Бұл 
жоба арқылы ел тәуелсіздігіне тамшыдай болса да өз үлесімізді қостық деп 
білеміз. 2017-2018 оқу жылы да осы игі істі жалғастырдық. Өлкеміздегі тарихи 
орындар Таскран,Сарайшық,қасиетті мекен Маңғыстау жеріндегі Бекет ата 
басына бару да ойда бар еді. Қазан айында сынып оқушылары қасиетті тарихи 
өлке болып саналатын Сарайшыққа барып, ежелгі қала тарихымен танысып, 
Молдаш атаның айтуымен Сарайшық аталу себебі, Сарайшық атына арқау 
болған аңыз әңгімені естіп, талай адамның өміріне араша, дертіне дауа болған 
қасиетті талды көріп, жеті ханға арналған кесенеде болып, музейді аралап, біраз 
жайға қанықты. Қайтар жолда Нарынның наркескен ақыны Нұралы Әжіғалиевқа 
құран бағыштадық. Бұл сапарымыздан балалардың өз өміріне рухани азық, 
тағылым алғанын айта аламын. Сарайшықтан келген соң оқушылар мектепке 
«Сарайшыққа сәтті сапар» тақырыбында фотокөрме дайындап, өзге 
оқушылармен алған әсерлерін бөлісті. Ата-аналардың тілегімен, сынып 
оқушыларының сұрауымен және жас ерекшелігін ескеріп ақпан айында Атырау 
қаласынадағы оқу орындарына, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғарғы 
колледжі мен Көлік және коммуникация колледждеріне барып,оқу орындарының 
жай-жапсарымен танысып қайттық. Аталған оқу орындарындағы ұстаздармен, 
студенттермен кездесіп, оқу-білімнің маңызын түсініп,түрлі мамандық 
түрлерімен танысты.Сынып оқушыларын оқу орындарынан алған әсерлері 
алдына айқын мақсат қойып,тамаша таңдау жасап, кемел келешекке бастары 
сөзсіз. «Көлік және коммуникация» колледжінде студенттердің қойған 
концертінен бізге деген құрметін,түрлі көлікті жөндеу үстіндегі тәжірибе 
жұмысынан шынайы еңбекті көрдік. Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 
болып, тарихи жәдігерлермен танысып, облыстың өнер, спорт, білім салалары 
жөнінде біраз мәлімет алдық. 
Жоба жұмысы барысында атқарған азды-көпті істерімді саралай келе, 
«Мәңгілік Ел», «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»-ұлттық идеялары аясында 
жеке тұлғаны тәрбиелеуде жобаның тиімді екеніне көз жеткіздім. 
Ұстаз - Ана ретіндегі басты мақсатым - өз елін жанымен сүйетін, өз 
өлкесін танып білетін, атамекенін қастерлеп, туған ел, өскен жер тарихын, 
өлкенің мәдени құндылықтарын білуге құштар, тарихын танитын шәкірт 
тәрбиелеу деп білемін... 


266 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish