52
Шығатұғын көсіле,
Боз қырқаның басы артық
Насихат Сүгірұлы
Ауылда өсіп табиғатпен қоршаған ортамен етене жақын болған жас
жеткіншек маңайдағы заттар жануарлар мен өсімдіктерді, жер бедері ондағы
құбылыстарды күнделікті көре өсіп ол туралы өзіндік білім жинақтайды. Осы
білімді мектепте ғылыммен ұштастыра білсе алған білімім менің есімде мәңгілік
қалады. Адам баласы үшін басты байлық туған жер елге деген сүйіспеншілік
сезімді қалыптастыру. «Туған жер алтын бесік». Халқымыздың осы қанатты
сөзінде үлкен сыр жатыр.Әркімге алдымен ата-анасы қымбат ал кіндік қаны
тамған қасиетті топырақтың артықшылығы бәрінен басым. Зиялы азаматтардың
барлығы да өз замандарында елім, жерім деп күреске шыққандарын тарих
жасырмайды. Олар өз ата-аналарының жолын қуды, бірақ елдің, жердің,
халқының мүддесін ата-ананың тағдырынан жоғары қойды. Оның басты діңгегі -
Отан деген үлкен ұғым еді. «Қариялардың өлсек сүйегіміз туған топырақта
қалса» деп тілейтін көңіл қалауында да сыр жатыр-ау. Оны жүрегімізбен
сезінеміз. Мен де қазақтың қарапайым ауылдарының бірінде дүниеге келген
перзентпін.Туған жерде бір белгі қалдыру-перзенттік парыз. Біреулер ағаш
отырғызады, кейінгілерге ескерткіш белгі болса дейді. Ал мен Еділ-Жайық
арасында, қасиетті Нарын даласында таныс та бейтаныс өлке тарихы тақырыбын
зерттеуді бастаған едім.Зерттеу жұмысымның тақырыбы «Өлкеміздегі жер-су
атауларының тарихы». Таңдаған себебім - өз туған өлкемнің ертедегі
атауларының ұмытылмай, санада жаңғырығын, кейінгі ұрпаққа да жетуіне өз
үлесімді қосу. Мысалы, XV ғасырда, Асан қайғы өмір сүрген тұста, қазіргі Чапаев
селосы орналасқан мекен үстінен қалмақтар өткен. Чапаев селосы бұрынырақта
«Тұщықұдық» деп аталған, осы біздің өлкемізде Бөкей хан болған сияқты
тарихтағы оқиғаларды негізге ала отырып, туған өлкеміздегі қоныстардың
бұрынғы атауларын зерттедім. Бұл тақырыпқа қызығушылығым ауыл
қарияларынан естіген аңыз-әңгімелер мен тарихи оқиғалардан басталды. Өз
өлкесінің арғы-бергі тарихын көп адамдар білсе де қызығушылық таныта
бермейді. Мен осы тақырыпты зерттеу арқылы басқаларға да түсініктер беріп,
өлкеміздегі жер-су атауларын білуіне өз көмегімді тигіздім.Бұл дала
Құрманғазының бірнеше күйлерінің тұсауы кесілген, Динаның келін боп түскен
жері. Бұл ұлттық әдебиетіміздің мақтаныштарыы- Хамит пен Фаризаның кіндік
қаны тамған топырақ.Өмір мен өлім беттескен Ұлы Отан соғысы жылдарында
мал шаруашылығын өркендетуде жоғары жетістіктерге жетіп, бүкіл елімізге
өнеге болған аудан бұл. Аудан аумағында мұнай өндіріле бастаған,ақиық ерлер
мен небір дүлдүлдер өткен, даласы төрт мүлік малға, қойнауы ғасырға жетер
кенге толы өлкесімен мақтанамыз.
Do'stlaringiz bilan baham: