36
ХІІ ғ. — қала іргесінің қаланып бой көтеруі.
ХІІІ—ХІҮ ғғ. — Алтын Орда өмір сүрген кезеңдегі Еуропаның, Орта
Азия, Қазақстанды манғолдар және қытаймен жалғастырған ірі сауда орталығы
болу, яғни қаланың гүлденіп, өркендеу дәуірі.
ХҮ—ХҮІ ғғ. — Ноғай ордасының орталығы болуы, орыс-
қазақтар шабуылынан күйреп, қирауы. Тарихи үдерістер біздің халқымыздың
санасында тұлғаландыру сипатына ие болады. Қазақ тарихындағы белгілі
тұлғалар бүгінде «Өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы
саналады және сол елдердің халықаралық аренада алға қарай ілгерілеуіне септігін
тигізіп отыр.
Қазақ тарихында терең із қалдырып, заманында қазақ мемлекетін басқарған ұлы
хандардың бірі - Әз Жәнібек хан. Ел ішінде Жәнібек ханның өзі салдырған
Сарайшық қаласының іргесіндегі әйгілі «Секер көлі» туралы деректі әңгіме көп.
Секер көлдің орны қазіргі Сарайшық ауылының орнында қалып қойған. – Теп-
тегіс жерде ойпаңдау болған түбінен, кезінде жиектерін қолмен нығыздап, кейбір
жерлерінің тас, топырақпен, қызыл қышпен көмкерілгені көлдің өз заманында
қолдан жасалғанын дәлелдейді. Кезінде Шамполов деген орыс көпесі 1920
жылдары осы жерден кірпіш зауытын салып жүріп, көлден алып жұмыртқа тауып
алған көрінеді. Көлге аққулар үнемі қонып жүрсін деп Жәнібек хан арнайы секер
төктірген. Аққулардың көп болғаны сондай, Сарайшықтың қыздары көлден су
алғанда, аққуларды ығыстырып жіберіп, шелектерін содан соң ғана суға
батырады екен. Бұл көл “Жәнібек ханның аққу көлі”, “Сарайшықтың аққу көлі”,
“Аққу көлі” аталыпты. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге Әкесі жасатып
берген аққу мүсінді алтын қайығымен (мұражайда сақталған суреті бар) құстарға
жем беріп, кісіден үрікпеуге үйретеді. Құс атаулы жаз бойы Секер көлде еркін
жүзіп жүреді екен. Жәнібек ханның сол қызы ұзатылғалы жатқанда, 15 жасқа
қараған шағында ауырып, кенеттен қайтыс болады. Хан қызын алтын табытпен,
барлық жасауымен, алтын қайығымен қоса жерлеуге Әмір етіпті. “Қызыңыздың
осынша байлықпен қоса жерленгенін білген бір қатыгез моланы ашып, байлықты
тонап кетсе, жалғызыңыздың мүрдесі айдалада қалар. Сондықтан қызыңыздың
денесін жасырын жерлеңіз” деп ақыл айтқандар болыпты. Осы кеңеске құлақ
асқан Жәнібек хан жеті кісіні шақырып, құпия тапсырма беріпті. Қабір қазылып,
түнде қызы жерленген соң, әлгі жеті кісі де сол бойда өлтіріледі. Ал қызының
қабірін ешкім білмесін, ашпасын деген пиғылмен жас қабірдің үстінен түнімен
бірнеше үйір жылқыны өткізіпті. Ат тұяғынан тып-типыл болып тегістелген
жерден ертеңіне ханның өзі де қызының моласын таба алмапты, - деседі аңызда.
Сарайшықтажерленген 7 ханның үшеуі – Алтынорданың хандары. Үшеуі–
Ноғайордасының билері. Біреуі – Қазақ хандығының ханы.
Do'stlaringiz bilan baham: