Құрал-жабдықтар, көрнекілік:
|
1. Интербелсенді тақта
2. Дербес компьютер
3. Сиқырлы қалам
4. Суретті үлестірмелер
5. Бағдаршамдар
6. Глобус
7. Дүние жүзінің жартышарлар картасы
8. Плокаттар, суреттер
9. Смайликтер
10. Рефлексия парағы
|
Пән аралық байланыс:
|
1. География
2. Жаратылыстану
3. Бейнелеу өнері
|
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:
Қосымша әдебиет:
Баспа көздері, Интернет ресурс:
|
1. «Дүниетану» оқулығы – 4 сынып. Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011ж.
2. . К. Жұнісова, Ә. Б. Бірмағанбетов, Қ. А.Аймағанбетова, И.Н.Нұғманова, Қ.М.. Жүкешев «Дүниетану оқыту әдістемесі» 4-сынып Алматы «Атамұра» 2000ж
3. «Жаратылыстану» оқулығы 5- сынып Алматы «Атамұра» 2005ж
4. «Мұхиттар мен өзендер» балаларға арналған танымдық энциклопедия Алматы: «Аруна» баспасы
5. «Сұрақ және жауап» энциклопедиясы Алматы «Алматы кітап» баспасы 2012ж
6. «Менің алғашқы энциклопедиям»
9. Wiki беттері
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушынның іс-әрекеті
|
Мақсаты
|
Кіріспе
|
5 минут
|
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
«Сиқырлы қалам» әдісі
- Бүгінгі көңіл-күйлеріңді, сабаққа даярлықтарыңды және бүгінгі сабақтан не күтетініңді «сиқырлы қалам» арқылы білдірейікші
Оқушыларды 4 топқа біріктіру. (Оқушыларға Жер шары бейнеленген үлестірмелер таратылады, әр үлестірменің артында топтардың реті көрсетілген. Сол реттілік бойынша оқушылар орналасады )
|
Оқушылар сәлемдеседі.
«Сиқырлы қалам» арқылы өздерінің көңіл-күйін, жалпы сабаққа дайындығы туралы айтып өтеді.
Оқушылар берілген үлестірме бойынша топтарға бірігіп отырады.
|
Психологиялық ахуал туғызу.
Топтық жұмысты ұйымдастыру
|
Тұсау кесер
|
5 минут
|
«Ой қозғау» әдісі арқылы диалог жүргізу (Түрткі сұрақтар қою)
- Балалар, мен сендерге ненің суреттерін бердім?
- Онда біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
- Жер шары туралы не білеміз?
- Жарайсыңдар балалар!
- Жер қандай дене? Оның пішіні қандай?
- Жер шар тәрізді дене екенін қалай білген? Қалай дәлелдеген?
- Жер неліктен бізге тегіс болып көрінеді?
- Сендер мен қойған сұрақтарға толық жауап алғыларың келе ме? Онда оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайық.
- Бүгінгі жер туралы сабағымыздың тақырыбы не ?
-Жарайсыңдар, балалар!
|
(Балалар сұраққа жауап береді)
- Жер шарының
- Жер туралы
- Жер біздің тұрып жатқан дүние. т.с.с.
- Жер шар тәрізді, дөңгелек пішінді дене
Оқушылар әр түрлі нұсқада жауап айтуы мүмкін
Бұл сұраққа дұрыс жауап бере алмауы да мүмкін
Оқушылар оқулықтарын ашып бүгінгі тақырыппен танысады.
- «Жер – шар тәрізді дене. Глобус жердің дәл үлгісі» деп аталады
|
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту
|
|
Do'stlaringiz bilan baham: |