Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№12 тақырыбы: Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық тәсілдер мен формалар. Сөз таптары, шығуы мен дамуы
Мақсаты: Негізгі грамматикалық ұғымдар,грамматикалық тәсілдер мен формалар. Сөз таптары, шығуы мен дамуы туралы жан-жақты түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар:Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір – біріне жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді. Грамматикалық негізгі бірліктер – морфема, сөз тіркесі және сөйлем. Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл – тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: афиксация тәсіл, сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады.
Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.
Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі – грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады.
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр.
Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш ұстанымы бар:
семантикалық, морфологиялық, синтаксистік.
С.Исаев қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді:
1. Зат есім 6. Етістік
2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер
3. Сан есім 8. Шылаулар
4. Есімдік 9. Одағай
5. Үстеу 10. Модаль сөздер
Do'stlaringiz bilan baham: |