«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet142/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
Тарихи таным. Алматы 1994 ж. 
2.
Ұлы даланың қасиетті күмбезі. Аламаты 2009 
3.
Егемен Қазақстан газеті 28 мамыр 2003 ж. 
Д. Б. Жұқатаева 
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі 
 
АЛТЫН БЕСІК - САРАЙШЫҚ 
 
«... Жалпақ жұртыңды, алашыңды құрметтеу, алдымен, өзің тұрған өлкенің 
тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деген даналық сөз бар. 
Өткенді оралту, тарихты тірілту, келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік 
қасиетті қалыптастыру, өз халқының тұрмыс-тіршілігіне, тарихына көңіл 
аударудан басталады. Ендеше өз өлкеміздің, туған жеріміздің тарихын жас 
ұрпақтарға ұғындыру, ұстаздың шәкірт алдындағы басты парызының бірі деп 
есептеймін. 
Мен осы мақсатта тарих сабақтарында туған өлке материалдарын 
пайдалануды жөн көремін. Сабақ үрдісіндегі жергілікті жерге байланысты 
деректерді тиімді пайдалану білім алушылардың тарихи құбылыс заңдалықтарын 
толық түсініп, адамзаттың материалдық және рухани байлықты жасаушы 
ретіндегі рөлін ғылыми жолмен түсіне білуіне мүмкіндік береді. Әрбір саналы 
азамат төл тарихын жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда, өткен жолын, тар жол 
тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, елдің басын біріктірген тарихи 
тұлғалардың жат жұрттан жерін, суын, даласына қанын төгіп қайсарлықпен 
қорғап қалған ерліктерін қастерлей білгенде ғана Отанға, халқына деген 
мақтаныш сезімі оянады. 


273 
Жер шарының кішкентай бір нүктесінен орын алған әр ауылдың өз тарихы, 
жүріп өткен және жүріп келе жатқан жолы бар. Оны білу – бүгінгі және келер 
ұрпақтың азаматтық парызы. 
Жалпы, қазақ тарихы туралы сөз қылғанда аты аталмай қалмайтын қасиетті 
мекен – Сарайшық. Оның тарихы, өлкеміздегі өзге елді мекендер секілді, беріден 
басталмайтындығымен, өте әріде жатқандығымен ерекше. 
Ұрпаққа ұлағат болар ата қонысымызда елдік пен ерліктің көптеген мұрасы 
жатыр. Солардың бірі – Ұлы Жібек Жолының бойындағы саяси-мәдени, сауда 
орталығы Алтын Орданың, Ноғай, Қазақ хандықтарының алғашқы 
астаналарының бірі болған Сарайшық. Ауылымыз Сарайшық – талай туды 
төбесіне қадап, тағдыр мен тарихты ішке бүккен көне тарихи орын. 
Сарайшық – Атырау қаласының солтүстігінен 55 км жерде Жайық өзенінің 
оң жағалауында орналасқан ортағасырлық қала. [1, 332 б]. 
Көне Сарайшық қаласының салынуы, тарихшылардың есептеуінше, 
шамамен ХІІІ ғасырдың орта кезіне келеді. ХІV ғасырдың бірінші жартысындағы 
тарихи құжаттарда Сарайшықтың аты жиі кездеседі. Бұдан біз қазіргі шағын село 
Сарайшық – облысымыздағы емес, бүкіл Батыс Қазақстандағы ескі тарихтың бір 
көзі екендігін көре аламыз. Сондықтан тарихи деректерге сүйене отырып, ұлы 
даланың ғажайып мекенінің бірі болған – Сарайшықтың тарихына тоқталып 
өтуді жөн көрдім. 
Шыңғыстың немересі Бату басқарған моңғол әскерлері 1237-1240 
жылдарда орыс жеріне ойран салады. Бытыраңқы орыс князьдіктері қанша 
ерлікпен күрессе де, моңғол әскерлеріне төтеп бере алмайды. Батыйтың 
мемлекеті осылайша құрылады. Бұл мемлекетті Шығыс деректерінде Көк Орда 
деп, ал орыс деректерінде Алтын Орда деп атайды. Алтын Ордаға Жетісудың 
оңтүстік бөлігінен өзге қазіргі Қазақстан жері түгел кірген. 
Алтын Орданың экономикасында сауда-саттық ісінің маңызы зор болды. 
Алтын Орданың астанасы Сарай (Сарай Берке) қаласынан шыққан керуен жолы 
қазіргі Сарайшық ауылының тұсынан жүзбелі көпір арқылы Жайықтан өтіп, екі 
бағытқа: бірі шығысқа, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасындағы Отырар 
қаласына, екіншісі оңтүстік-шығысқа, Хорезм бағытына жол тартатын болған. 
Ал Хорезмнен ары қарайғы керуен жолдары Орта Азия мен шығыстың ірі 
қалаларын бір-бірімен қосып жатқан [2, 35 б]. 
Сарайшық керуен жолы үстіндегі жай ғана қала емес. Әсіресе керамикалық 
ыдыстар, құмыра, т.б. жасау ісі мейілінше өрістеген. 
Ішкі өзара феодалдық күрестің нәтижесінде ХІV ғасырдың екінші 
жартысында Алтын Орда әлсірей бастады. Осы кезде Алтын Орданың ту 
сыртынан бір орталыққа біріккен Москва мемлекеті күшейсе, оңтүстік 
шығысында күшті темір империясы құрылады. 1395 жылы Темір Алтын 
Орданың астанасы Сарай-Беркенің талқанын шығарды. Оны билеуші Тоқтамыс 


274 
хан қаза тапты. Содан кейін Алтын Орда бір-біріне тәуелсіз бірнеше иеліктерге 
бөлініп кетті. Қырым, Астрахан, Казан, шығыста Көк Орда хандықтары [3, 90 б]. 
Ресми түрде Алтын Орданың ыдырауы ХІV ғасырдың аяғынан 
басталғанмен, кей жерлерде одан көп бұрын-ақ өз алдына хандық пайда болған. 
Соның бірі – Сарайшық. 
Ноғай Ордасының бытырау кезеңінен бастап Сарайшықтың саяси және 
экономикалық мәні төмендей бастайды. 
Сарайшық қаласының бұдан былайғы құлдырап, төмендеп кетуіне Жайық 
бойы казактарының тигізген әсері аз болмаған. Олар бір кездегі Батыс пен 
Шығысты байланыстырған үлкен керуен жолының бойындағы бай қала, Ноғай 
хандығынығ астанасына талай рет жорықтар жасап, алтын, тағы басқа байлық 
іздеп, тұрғындарды ғана тонап қоймаған, өлгендердің қабіріне дейін ақтарып, 
талқанын шығарған. Бір кездегі гүлденіп тұрған шағын қала адам айтқысыз 
ойрандалған. Содан қала қайтып көтеріле алмаған. 
Кейін гүлденген қала орнына Ресей патшалығы бекініс салды. Ол сол 
мақсатта Қазан төңкерісіне дейін сақталып келді. [2, 333 б]. 
Революция қарсаңында Сарайшық Жайық бойындағы ірі селолардың бірі 
болды. Ол кезде бір ғана Сарайшықтың өзінде ондаған жекеменшік балық 
кәсіпшілігі болған. Селода көпестердің сәнді қарағай үйлері, дүкендері бой 
түзеді. Қаланың алаңында шіркеу, оның жанында бір басқышты орыс мектебі 
салынды. Қалада ноғай байлары да аз болмаған. 
Азамат соғысы жылдарында елімізге қатер төндірген жауға қарсы күресте 
Сарайшық тұрғындарының да қосқан үлесі аз емес. 
Ауыл 
шаруашылығын ұжымдастыру 
кезінде 
Сарайшықта «ІІІ 
интернационал» колхозы құрылды. Колхоздың негізгі экономикасы балық аулау 
кәсібі мен ауыл шаруашылығы болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында «ІІІ 
интернационал» колхозы Отан қоймасына мыңдаған центнер балық және ауыл 
шаруашылық өнімдерін жөнелтіп отырған. 
Сарайшық топырағының ауыл шаруашылығына қолайлылығы сонау ХІІІ 
ғасырдан бастап елдің назарын аударған еді. Сол заманнан бастап ол бүкіл дүние 
жүзінде өсетін жеміс-жидек дақылдары, атап айтқанда, алма, алмұрт, шие, өрік, 
алхоры, жүзімдердің көптеген түрлері жергілікті жерге бейімделіп өсірілген бір 
ғажайып өлке болды. Бұл жөнінде осы өңірді көп шарлаған орыс саяхатшысы, 
географ, ботаник Семенов-Тянь-Шанский 1903 жылы жазған еңбегінде: «Гурьев 
қаласынан шығып, солтүстікке қарай Жайықты бойлай жоғары жүргенде 
топырағы құнарлы жерлер бар. Онда жүзім, алма, шие, өрік және басқа жемістер 
жақсы өсіп-жетіледі әрі дәмі мен сапасы да өта жоғары» депті. Атақты бағбандар 
Бородин мен Карелиндер де (1891 жылдары) осыны дәлелдеп жазған болатын. 
Сол кезде Сарайшықтың жемістері Ресей қалалары мен шет мемлекеттерге де 
жеткізіліп тұрған. 


275 
Өткен ғасырдың елуінші жылдарының аяғында бүкіл Кеңес Одағы 
бойынша ұжымдық шаруашылықтар кеңшарларға айналдырылды. Еңбекшілер 
уақытылы жалақы алып, халықтың тұрмысы түзелді. Мемлекет тек 
шаруашылықтарды қаржыландырып қоймай, ауыл шаруашылығы ғылымын 
өркендетуге ден қойды. Осы мақсатта әр облыстан ауыл шаруашылығы тәжірибе 
станциялары ашылды. 
Осындай станцияның алғашқы негізі болып Сарайшық селосында 1929 
жылы «Бақсай тәжірибе алаңы» құрылды. Оған Қазақстан орталық атқару 
комитетінің «Солтүстік және Батыс Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерін 
зерттеп, суландыру туралы» 1927 жылғы қаулысы негіз болды. 
[2, 65 б.] 
Бүгінде округ аумағына Сарайшық, Ескі Сарайшық ауылдары кіреді. 
Жалпы аумағы – 64949 гектар, халқының саны – 2937. Сарайшық ауылдық 
округінде Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектеп, Махамбет көп бейінді ауыл 
шаруашылық колледжі, «Хан ордалы Сарайшық» мұражай қорығы, «Бүлдіршін» 
балалар бақшасы, мәдениет үйі, кітапхана, Сарайшық психиатриялық жүйке 
аурулары интернаты, емхана, пошта бөлімшесі, туризм бағытындағы «Атырау 
Агро Өнімдері» демалыс орны, ауыл шаруашылығы саласында «Асыл тұқымды 
Сарайшық» ЖШС еңбек ететін болашағы зор ауыл. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish