«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ


Таскран – шекаралық тарихи белгісі



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet140/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Таскран – шекаралық тарихи белгісі. 
Атырау облысындағы жергілікті 
маңызы бар тарих және мәдениет ескерткештерінің бірі. Шекаралық белгі Исатай 
ауданы, Аққыстау ауылынан батысқа қарай 5 км, Атырау – Астрахан тас 
жолының жиегінде орналасқан. 
1870 жылдары жергілікті саздан соққан 10 
мың тас пен 10 мың бау теңіз қамысынан илеп 
тұрғызылған. Бұл мұнара сонымен бірге орыс 
көпестерінің балық батағаларына да бағдар беруші 
саналып, оның басына түнде жанатын шам (маяк) 
қондырылған. Ескерткіштің жобасы төрт қырлы 
шаршы пішінді, пирамида тәріздес қаланған. 
Жоғарғы жағында ағаштан жасалған қада орнатылған. 
Таскран – пішіні жағынан мазарға ұқсас келген тарихи нысан. Мұнара 
белгінің жобасының көлемі 7,8х7,0 м, биіктігі 10,5 м. 
Көне көздердің пайымымен Орынбор губерниясынан Орал губерниясы 
бөлінген кезеңде Астрахан губерниясымен екі арасы жер жырту арқылы арнайы 
шекараларға бөлінген. Сол шекара Каспий теңізіне тірелген тұста, осы белгі 
тұрғызылған. Белгінің тұрғызылуына Беріш, Жайық, Тумаш атасының өкілі 
«Әйіп қажы» демеушілік, әрі басшылық жасаған. Сәулеттендіріп тасын қалаған 
Тумаш Жайық Орынбай деген азамат көрінеді. Ел аузындағы әңгімелерде 
нысанның тасына жылқының жалы мен бие сүтін қосып, жергілікті сазды 
пайдаланылған деген деректер бар. 


268 
Сүгірұлы Насихат ақынның туған жеріндегі белгі – 
Атырау 
облысындағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне 
енген. Ол Исатай ауданы, Мыңтөбе ауылында орналасқан. Ескерткіш белгінің 
биіктігі – 2,5 м, ені – 110 см, кірпіштен қаланған. Алдыңғы бетінде гранит тақтаға 
ақынның суреті, аты мен туған, қайтыс болған жылдары жазылған. 
Насихат Сүгірұлы (1889-1937) Нарын құмы Мыңтөбе ауылында дүниеге 
келген. Өз бетінше сауат ашқан, өлең толғауларын ауызша шығарған. 
Жастайынан Шәлгез (Шалкиіз), Махамбет, Мұрат, Қашаған, Сәттіғұл, Сүгір 
жырларын жаттап өскен. Нұрым ақыннан өнеге алып, 15-16 жасынан 
айтыскерлігімен елге танылған. 
Патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына сәйкес майдан жұмысына 
алынып, 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Румыния, Австрия аумағында болған 
ақынның «Айдады патша жыраққа» (1916) атты дастаны осы тұста жазылған. 
Азапты сапарды бастан өткерген ақынның дүниеге деген әлеуметтік көзқарасы 
мен танымы осыдан кейін өзгеше сипат алды. 1929 жылы қудалауға ұшырап, 
1930 жылдың бас кезінде Астраханның Азауыл жеріндегі туыстарына барып бой 
тасалады. 1930 жылы 22 ақпанда ақын жазықсыз жазаланып, алғаш Астрахан, 
кейін Атырау түрмесіне қамалған. Абақтыда ол «Еділ, Жайық – екі су» атты 
толғауын шығарды, өлең кеңістік түрме жағдайын сипаттаған алғашқы 
шығармалардың бірі еді. Тұтқыннан босап, 1932-1937 жылы Мыңтөбедегі 
«Қызыл ту» ұжымшарында еңбек етті, 1937 жылы қайта тұтқындалып, сол 
жылдың 22 қарашасында ату жазасына кесілді. Насихаттың «Ел құрсауы – ер 
жігіт», «Танысу», «Дүние, шіркін, жел қайық», «Телегей жатқан теңізден», 
«Жүйрікті көпке мақтама», «Мен қиядан ұшқан қырғимын», «Ұяда жатып 
талпынған», «Тұмарланған тұлпар ат», «Шалқыған көлге қу қонар», «Ауыл 
келгенде», «Қазіргі заман түрі», т.б терме, толғаулары бар. Ол өлеңдерінде ел ел 
қамын ойлаған азаматтар ісін өнеге етіп, ақиқат пен жалғандық жайлы 
жырлайды. Өткенге көз жіберіп, келешекке сеніммен қарауға, қайсарлыққа, 
жігерлікке үндейді. Насихаттың өлең, толғаулары «Алқаласа әлеумет» (1991), «- 
Қапаста жазылған хаттар» (1992), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1993), 
«Жыр+дастан» жинақтарында жарияланған. [4] 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish