468
«Молодой учёный» . № 17 (307) . Апрель 2020 г.
Молодой ученый Қазақстан
Молодой ученый Қазақстан
лады. Мұндай әлеуметтік пайдалы қызмет оларға оң әлеу-
меттік мінез-құлық дағдыларын және қылмыс жасамауға
үйретеді [4 с.26].
Полицияны шұғыл шақыру және бейнебақылау жүйелері
де маңызды рөл атқарады. Құқықтық тәртіпті және зорлық-
зомбылық қылмыстарын анықтауды, бақылауды қамтама-
сыз ету мақсатында ҚР-да бағдарлама қабылданған бола-
тын, оған сәйкес мамандар «Қауіпсіз аула» бейнебақылау
жүйесін әзірледі, алайда барлық елді мекендер мен қала
аудандары онымен қамтылмаған. Мәселен, кейбір крими-
ногендік аудандарда бейнебақылау орнатылмаған. Мы-
салы, Алматы қаласының Айнабұлақ-1 және 2 қауіпті шағын
аудандарында бұл шаралар жүзеге асырылмаған. Көпте-
ген елді мекендердің жергілікті билік орындары тәуліктің
түнгі уақытында тиісті жарықтандырылуын қамтамасыз
етуді тиісті түрде бақылауды жүзеге асырмайды, оның бол-
мауы көптеген қылмыстардың жасалуына жағдай туғызады.
Осылайша, қылмыстың өсуіне ықпал ететін осындай құбы-
лыстарды жою қажеттігін айқындайды. Қылмыстылықтың
алдын алудың, оның ішінде жасөспірімдерге қатысты зор-
лық-зомбылық қылмыстың алдын алудың тиімді әдісі бізге
қалалар мен аудандардың аумақтық қылмыс карталарын
құру және олардың негізінде жүріп-тұрудың неғұрлым
қауіпсіз бағыттарын есептеу деп ойлаймыз. Бірқатар шет
елдерде сол жерлерде жасалатын қылмыстардың карта-
сымен ел бойынша қауіпсіз қозғалуға арналған осындай
қосымшалар әзірленді және өзін жақсы көрсетті. Мұндай
қосымшалар адамсыз жерлер мен жарықтандырылмаған
көшелер туралы хабардар ете отырып, жолаушының ең
қауіпсіз жүру бағытын таңдайды. Сондай-ақ, мұндай функ-
цияға полиция мен жедел медициналық жәрдемге, тіпті он-
лайн режимінде автоматты түрде қоңырау шалып, шақыру
кіреді. Қазір Қазақстан Республикасында pravstat.kz интер-
нет платформасында орналасқан «қылмыстық құқық бұзу-
шылықтар картасы» жобасы бар. Бұл жобаның мақсаты
азаматтардың жекелеген аймақтардағы және жалпы елдегі
қылмыстылық жағдайы туралы, криминалдық жағдай ту-
ралы хабардар ету болып табылады. Біздің ойымызша, бұл
картаны электрондық анықтамалық навигатор сияқты та-
нымал қосымшалармен біріктіру қажет. Адамдар өмірінің
динамикалық өзгеріп отыратын жағдайларына қарай, қыл-
мысты, оның себептерін бағалаудың жаңа өлшемдерін
жасау, түрлі құбылыстар мен процестердің өзара бай-
ланыстарын анықтау, сондай-ақ қылмыскердің жеке ба-
сына көңіл бөлу қажет. Кәмелетке толмағандарға қатысты
қылмыстардың алдын алудың қолданыстағы жүйесінің
тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау органдары-
ның жұмысына жаңа технологияларды енгізу, учаскелік по-
лиция инспекторларын, кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі инспекторларды, патрульдік-бекет қызметкер-
лерін қайта даярлау қажет. Бұдан басқа, ішкі істер орган-
дарының жұмыспен қамту орталықтарымен және денсау-
лық сақтау мекемелерімен тығыз жұмс істеулері қажет.
Алайда, құқық қорғау органдарының алдын алу қызметінің
бұл оң өзгерістері қылмыс деңгейінің төмендеуіне ықпал
ететін болса да, бірақ халықтың өмір сүру сапасын жақсарту
жөніндегі жалпы шаралар қатар жүзеге асырылмаса, толық
тиімді және жеткілікті бола алмайды.
Әд
ебиет:
1. Анализ состояния преступности в отношении несовершеннолетних за 2017 год и 3 месяца 2018 года электронный
ресурс: http://pravstat.prokuror.gov.kz
2. Д. В. Ривман. Криминальная виктимология — СПб.: Питер, 2002. — 304 с. — (Серия «Учебники для вузов»).
3. А. И. Савельев. Несовершеннолетние жертвы преступлений как объект виктимологического исследования. Пси-
хопедагогика в правоохранительных органах, 2012, № 1 (48).
4. Бабик О. Н. Культурологические аспекты противодействия преступности // Вестник Краснодарского универси-
тета МВД России, — 2016 — № 2 (32). — С. 26.
Do'stlaringiz bilan baham: |