591
“Young Scientist” . # 21 (259) . May 2019
Young Scientist Kazakhstan
Young Scientist Kazakhstan
концентрация деңгейі 2,0-ге артқандығын байқауымызға
болады. Азот диоксидінің негізгі шығу тегі отынның
жоғары температурада жануынан және оттегінің жетіспе-
ушілігінен пайда болады. Көбінесе, оның салдары ретінде
автокөліктердің шығаратын газдарынан болып келеді.
4-сурет.
Алматы қаласы бойынша 2010–2018 жылдар аралығындағы азот диоксидінің шекті мүмкіндік
концентрациясы
Келесі суретте Алматы қаласы бойынша 2010–2018 жылдар аралығындағы азот оксидінің шекті мүмкіндік концен-
трациясы берілген (5-сурет).
5-сурет.
Алматы қаласы бойынша 2010–2018 жылдар аралығындағы азот оксидінің шекті мүмкіндік
концентрациясы
5-суретте көрсетілгендей, азот оксидінің 2011–2018
жылдар аралығында шекті мүмкіндік концентрациясы
берілген нормадан асқандығы байқалады. 2010 мен 2017
жылдары шекті мүмкіндік концентрациясы нормаға жақын-
даған болып келеді, 0,07 мен 0,09. Шекті мүмкіндік кон-
центрация мөлшері азот оксиді үшін 0,06-ға тең болып та-
былады. Ең жоғары көрсеткіш болып, 2014 жыл саналады,
2,3-ке тең болып келеді, ал төменгі көрсеткіш 2010 жылы
0,07-ге тең. Азот оксидінің шығатын негізгі көздері азот
диоксидімен бірдей болып келеді, яғни жылу электр стан-
цияларынан шығатын түтін, автомобильдерден шығатын
улы газдар, қатты тасталымдарды жағу және газдың жа-
нуы болып табылады.
3 Алматы қаласының ауа бассейнінің автотранспорт
қалдықтарымен ластану ерекшеліктері
Автомобильдердің магистраль бойымен қозғалысы
кезінде транспортты құралдардың артында турбулентті
араласу аймағы пайда болады. Сол кезде барлық механи-
калық араласу аймағындағы зиянды заттардың концентра-
циясын тегістейтін турбуленттілік аймақ, метеорологиялық
жағдайлардың параметрлеріне (жел жылдамдығына, күн
радиациясының арқасында пайда болатын турбуленттілікке
және т.б) жағдай туғызады. Механикалық араласу аймағы
зиянды заттардың концентрациясы бірдей болатын және
ауа жақсы араласқан барлық нүктелерде туннель ретінде
көрсетілуі мүмкін.
Алматы қаласында Қытай және Орта Азия, Ресей,
Қырғызстан және Тәжікстан республикалары арасында
маңызды көлік дәлізі болып саналады. Достық теміржол
стансасы және Қорғас автокөліктер өтетін жолдар арқылы
Қытайға және басқа да әлем елдеріне қазақстандық тауар-
ларды экспортқа шығаруды жүзеге асырады.
Алматы қаласының статистиканы басқару мәліметі
бойынша тұрақты көздердің жалпы тасталымы 1 қаңтар
2010 жылға 13176 тонна зиянды заттарды құрады,
ол 2009 жылмен салыстырғанда 1824 тоннаға аз деп
есептелінеді.
Сонымен қатар, автокөліктерден келетін зиянды таста-
лымдардың саны 19 мың тоннаға төмендеген болып есеп-
теледі. Жол полиция басқармасының мәліметі бойынша
2010 жылдың 1 желтоқсанында қала бойынша тіркелген ав-
токөліктерден шығатын жалпы тасталым мөлшері 496982
бірлікті құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 11479
бірлікке аз екенін көрсетіп тұр.
Do'stlaringiz bilan baham: |