Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet27/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Әдістемелік нұсқау: З.Ахметовтың зерттеулерінен және мезгіл басылымдарынан қарау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі 1995ж
2.Абай энциклопедиясы.- Алматы. Атамұра, 1995 ж


8-семинар. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы
Сабақтың мақсаты: махаббат лирикасын оқыта отырып жастарды адал сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тірек сөздер: махаббат,жан, жар етпес қара көңлім не қылса да, ғашықтық, құштарлық.
Сабақтың жоспары:
1.Абайдың махаббат лириксы
2.Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.
Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат өзгешелігі жағынан да сан алуан. «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»- ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды өлең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлеңдеуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны өлеңнің соңғы шумағынан әсіресе айқын байқаймыз:
Бұл қылған зарым
Барса жардың маңына,
Ол – қылған дәрім
Ғашығымның жанына,
Ойландырып ойды,
Түзетпейме бойды?
Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да айрықша күрделі өлеңінен- «Сен мені не етесің?». Ол ғашық жарға арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық монолог түрінде құрылған. Өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне жалынып-жалбыранған, күдіктенген, күдер үзген сезім күйі – әр сөздің айтылуынан да өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп тұрғандай.
Абай «Ғашықтық, құштарлық пен – ол екі жол» деген өлеңінде:
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын сен аман бол,- десе «Сен мені не етесің » деген өлеңінде:
Серт бұзғанның,біл, орны – шоқ,-дейді. Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны лайық. Біріншісінде ақын адал сезім білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің сүйгеніне мені тастап мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп айтқаны байқалады.
«Сен мені не етесің» өлеңіндегі әр шумағы ұзынды-қысқалы 14 тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа өлеңдерінде қолданбайды.
Жастардың көпшіліктің айтуына лайықтап, жазған өлеңдерін ақын кең тараған 7-8 буынды, немесе 6 буынды өлшеммен шығарған. Олар – әнге салып айтылатын «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы» өлеңдері.
«Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі» бір-біріне жалғас жазылғаны, бұларды қатарынан қоса алып қарастыру лайық екені осы өлеңдерінің мазхмұнынан анық аңғарылады. «Жігіт сөзі» ғашық қызға арнап айтылған сәлем хат түріндегі өлең болса, «Қыз сөзі» соған жауап өлең екені анық.
Махаббат лирикасының ең таңдаулыларының бірі – «Көзімнің қарасы» үнемі әнге салып айтылып жүретін, халық арасында кең тараған өлең. Осы баршаға мәлім көпшілік аузынан түсірмей айтып жүретін өлеңнің жанрлық түрі жағынан ерекшелігі қандай десек, оны бір сөзбен қырынан ғана келіп айта салу жеткіліксіз болар еді. Неге десеңіз бұл өлеңнің өзіндік өзгешелігі мол. Ғашығына ынтызарлығын, махаббат сезімін тебіреніп айтуы, қыздың сұлулығын, жарасымды мінезін көркемдеп бейнелеуі жағынан оның сәлем хат түріндегі өлеңге жақын келетін тұстары аз емес.


Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал қызыл гүл,
Ақ тісің кір шалмас.
Қыр мұрын, қыпша бел
Солқылдар, соқса жел.
Ақ етің үлбіреп өзгеше біткен гүл.

Мұхтар Әуезов «Көзімнің қарасы» қазақтың шешен тілімен шеберлеп айтқан сезімдерді көрсетеді,-деп жазды,-сонымен қатар Шығы поэзиясында Навон, Физули лирикасында көо орына алған үлгілердің әсері де жоқ емес. Мұнда жастар махаббатының нақтылы шындығынан гөрі сұлудың көркін мадақтау көп.





Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish