Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір – бірінен айырылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні; басқа ережесі жоқ. Осныың енді ішкі қасиеті; анықтамасы бар, ол – мазмұн.
жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.
Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен – ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзінен – өзі айқындай алады
Тақырып- өнер туындысының іргетасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процөсі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болайақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”
Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары —өз шығармасының тақырыбы. Ал “тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары ‘қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Та-қырып—тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер ішінде; оны оол арадан іздеп таба біл, төңбекшіген толқын, сарқырама сел астынан тауып алып шыға біл”. Демек, тақырып табу — бір күннің не ‘бірер әрекеттің шаруасы емес, жазушының күллі қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер гворчестволық процестің үш түрлі (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн -бойында тұтас желі тартып жатады.
Идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.Тақырыптан идея, идеядан тақырып туады.Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”.
Жазушыны өмірде болатын кез келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатын да сол — суреткер қызыққан құбылыс.
Do'stlaringiz bilan baham: |