Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet36/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Абайдан сабақ алдым бала жастан,
Тең бар ма ойға терең онан асқан.
Алды бейіш, артына ырыс болсын,
Мен оның шәкірті едім ізін басқан,
-деп, Абайдың ақыл-ой тұңғиығына ешкімнің тең келе алмайтын ұлылық тұлғасын тереңдік, шексіздік ұғымдары арқылы түсіндіріп, өзінің Абайдан сабақ алған шәкірті екендігін мақтанышпен жырласа, енді бір өлеңінде Абаймен бірге жүріп, ақыл – кеңесіне, өсиетіне ләззаттанып, сол арқылы білім жолына түскендігін айтады:
Абаймен бірнеше жыл араластым,
Шешімін әр жұмбақтың ақылдастым.
Мұра етіп өсиетін, ләззаттанып
Жолына білім,өнер қалыптастым,- дейді.
Қаншама жыл Абай қасында болып, ұстазының ақылын бойына дарытқанымен Көкбай өзінің Абайдан алған тәлім-тәрбиесін, дүниетанымдық көзқарасын өзіне аз санайды. Абайдай ғұламаның айтқан ақыл-кеңесін, ой-танымдық өрісін аз ұғып, көп меңгермедім, бардың қадірін білмедім деп өкініш тұтады. Ұстазының дүниеден өткенін естіген талантты шәкірті:
Жаннатта жаның болғыр Абай құтып,
Жаныңда бос жүріппін шатып-бұтып.
Осындай ен дарияны жайлағанда,
Тым болмаса қалмаппын қана жұтып,-деп өлең шығарады.
Көкбай өлеңдерінің негізгі кейіпкерлері – замандастары, туыс-жақындары мен ауылдастары, бір сөзбен айтсақ өз ортасы. Олардың дені арнаулар. Көкбай арнаулары мазмұн жағынан алғанда мақтау және сынау түрінде туған. Мақтап шығарған өлеңдеріне жоғарыда келтірген Абайға, Оспан мен Молдабайға, Базаралыға, Ә.Бөкейханұлына, Ленинге арналған арнауларын жатқызуға болады.
Ал, көптеген өлеңдерінде елге зияны тимейтін, әркімнің өз мінезінің ерекшелігі болып көрінетін одағайлықты жеңілдеу әзіл-қалжыңмен мысқылдап мысал етеді. Көкбай шығармаларына зер салсақ, түрлі адамдар мінезін-құлқын көрсетуге өте шебер екенін, ойын шындыққа, парасатқа сүйеніп айтқандығын байқаймыз. Ақын өз заманындағы әділетсіздіктерді,өсімқор, мейірімсіз байларды ащы сынға алады. Бірде ол елге сараңдығымен әйгілі болған Алдырахметті («Сараң байға»), билік үшін ырылдасқан шен құмарлықты («Күлембай мен Дүтбайға» ), үй ішіне қарамай таң атқаннан ел кезіп жүретін қыдырымпаздықты, еңбексіз ат мініп, ас ішкіш, пәлеқұмар, ашқарақ, қомағай, мешкейлікті («Тоғыз көк»), сауда үшін ар-иманын сатып күн көретін алыпсатарлықты («Ұсақ байларға» ) сынаса, енді бірде өсек десе ішкен асын жерге қоятын, кесел іздеп жүретін ұрыншақтықты («Мұсажанға»), оқу мен өнер-білімде жұмысы жоқ, сергелдең серілікті («Салдарға») тілге тиек етеді. Осы өлеңдердің барлығында да Көкбай аузынан шыққан сөздің қай-қайсысы да нысанаға дәл тиетін шындығымен, тиген жерін осып түсетін өткірлігімен әсерлі естіледі. Көкбай өзінің маңайында, қасында жүрген ауылдастарының бойындағы өзге адамдар байқай бермейтін, суреткер көзімен өзі ғана көре алған оқшау мінез ұшқындарынан жанды бейнелер жасайды. Көкбай өлеңдерін оқи отырып оның ру басы жуандарды, ел ұйтқысын бұзар кейбір болыс-билерді, тілі мен жағына сүйенген теріс пиғылды арамзаларды дәл ұстазынша өткір тілмен әйгілеп, әшкерелеп қайыра өлеңге қосқандығын байқаймыз. «Мұсажанға», «Дүтбайға», «Ағыбайға» сияқты өлеңдерінен Абайдан көп мазмұн, идеялық үлгі алған және оларды өзіне мұрат тұтқан талантты ақын екендігі көрінеді. Көкбай ақын көтерген мәселелер сан алуан. Олар-елдің береке-бірлігі, заман, елді, жерді қорғау, халыққа қызмет ететін ерлерді дәріптеу, адам мінез-құлқындағы жарамсыз қасиет, дағдыны сынау. Сондай үлкен тақырыптың бірі-елдің өзара бірлігі. Ел арасындағы береке-бірлікті,татулықты көздеген Көкбай ақын оны ең алдымен өз туыстарынан, руластарынан, ауылдастарынан бастап жолға қоюды көздейді. Ел ішінде болатын алауыздықты, көре алмаушылық қасиетті, қызғаншақтықты жоюды көксеген ақын, ең алдымен, өз руластарын ынтымаққа шақырады: Байғұс-ау, Мұсабаймен тұрқың бірдей, Олар жұлдыз болғанда, біз үркердей. Аспанда алты жұлдыз бас қосып тұр Жүрсеңші біреуіңді бірің ілмей.
Айналасындағы толып жатқан ұрлық-қарлық, қулық-сұмдық, алаяқтық пен айуандылық ақынды толғандырмай қоймайды. Әділ, тура биліктің құны кетіп, шындық пен адалдықтың аяқ асты болуы, жуанның момынға істеген зорлығы,өктемдігі ақын өлеңдерінде кең көрініс тапқан. «Жақсылыққа», «Арбалы Сарытау», «Хафиз Қабылбековқа» деген өлеңдері осы бағытта туындаған. К.Жанатайұлының «Ұмсындыққа» деген өлеңі әйел бостандығы, қалың мал мәселесіне, «Жаз болса жалқау қазақ жатушы едің» деп басталатын өлеңі еңбек тақырыбына арналған.
Көкбай тек өз ауылдастарының, замандастарының, халқының өміріндегі кездесетін келеңсіздіктерді құр сынаушы ғана емес, оларды бұндай қасиеттерден, әдеттерден арылуға, адамгершілікке, парасаттылыққа шақырушы. Ақын адамгершілік қасиеттерді әрі уағыздаушы, әрі оны бағыт ретінде көрсете білуші. Яғни, ақынның басты мақсаты-кереғарлықты түзету, кемшілікті жою. Көкбай өлеңдерінің түп-төркінінде, негізінде осы мақсат жатыр. Бұл ақынның Абайдан үйренген ізгі қасиеті.

Х х х
Көкбай қағыстары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, мазмұн, мағына жағынан көптеген айтыстардан кемшін түспейді. Көкбай сөздері айтқан жерін ойып түсер өткірлігімен, әзіл-қалжыңды орнымен келістірер тапқырлығымен ерекшеленеді. Көкбайдың ең алғашқы өлеңмен қағысуы, сөз жарыстыруы, айтысуы Семейдегі училищеде оқып жүрген кезінде болады. Ақынның Әріп, Біралы, Саржан, Жүнісхан, Кемпірбай және Міржақыппен қағыстары сақталған. Олардың көбі табан астында суырылып салып айтылған туындылар болса, кейбіреулері екі ақынның бір-бірімен хат арқылы жазысып айтысқандары.


Көкбай Жанатайұлының қағысулары дегенде ең алдымен аузымызға жастайынан Сыбанның жас перісі атанған ақын Әріп Тәңірбергенов түседі. Екі ақынның шығармашылық жолдары бір бастаудан нәр алып, қайта тоғысып кетіп отыратын арналар сияқты әрдайым байланысқа толы. Туыстық жағынан нағашылы-жиенді болып келетін екі ақын бала кездерінен бастап араласып, өнер жолына бірге қанат қағады. Ғұмыр бойы әзіл-қалжыңмен бір-бірін зілсіз сынап өткен ақындардың өмірі кейінгі буынға, ұрпаққа үлгі-өнеге. Көкбай мен Әріптің ең алғашқы айтысы жас кезінде болса, ең соңғы айтысы жиенінің қатты науқастанып, өлім аузында, ауырып жатқанда болады. Осы уақыт аралығында екі ақын бір-біріне қалжың айтудан бір танбай, тату-тәтті құрдастай әзілдесіп өткен. Әріптің жасы Көкбайдан үш-төрт жыл үлкен болғанымен, тең құрбыдай қалжыңдасып, сыйластықтарын жоғары орынға қойған.
Көкбайдың айтыс-қағыстарында ақын аузынан маржандай тізіліп шығып жатқан әрбір түйінді ой әділдігімен, қисындылығымен, көркемдігімен ерекшеленеді. Әлеуметтік тақырыпқа, яки әзіл-қалжыңға құрылған айтыстарының қайсысында да болмасын, Көкбай қашан да шындықты бетке ұстар парасатты жауаптың, әділ әзіл-қалжыңның бел ортасында. Ақын аз сөзбен алғыр ой айтуға шебер екендігін көптеген қағысуларында көрсете алған. Ақын қағысулары айтыс төрінен орын алары сөзсіз.
Х х х
К.Жанатайұлы шығармашылығының көлемді бір саласы – қисса-дастандары, поэмалары. Көкбай – ұзақ оқиғалы үлкен шығармалар жазған эпик ақын. Оның эпикалық туындыларынан Абайдың ақындық дәстүрінің жалғастығы, Абай ықпалы айқын аңғарылады. Абай әңгімелі, оқиғалы жыр-дастандарға өрістеп бармаған. Есесіне талантты шәкірттері тудырған жыр-дастандар қазақ поэзиясындағы жаңа үлгідегі поэмалар шоғыры болды. К.Жанатайұлының қаламынан «Сабалақ» , «Қандыжап», «Құлынды даласы» атты жыр – дастандар, «Ғаділ патша», «һарун Рашид» қиссалары сияқты эпикалық сипаттағы шығармалар туды. Ақын көлемді шығармалары арқылы қазақтың өткен тарихына қалам тербейді. Есімдері тек қана құрметпен аталуға тиіс қазақтың ерлерін жырға қосады. Ал, қиссаларында қызықты оқиғалар арқылы оқырмандарын ертегі әлемге жетелеп, оқиға ішіне енгізе отырып, адамгершілік, имандылықты құлақтарына құяды. Өткен тарихты да білдіру, ұлтын сүюге шақырып, дін жолдарын, адамшылық қасиеттерді уағыздау – ақынның басты мақсаты.
Оның көлемді туындыларының ішіндегі көрнектісі –»Сабалақ» . Жыр қазақ халқының ел болып бірігуіне, халық болып қайраттануына елеулі және басты үлес қосқан, қазақ тарихындағы ірі тұлға Абылай ханның ерлік істеріне арналған.Басты қаһарман да- хан Абылай атанған жетім бала Әбілмансұр. Жырдың басында оның жетім қалып, Төле би аулына келген кездегі «Сабалақ» бейнесін ақын төмендегідей шеберлікпен суреттейді:

Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish