Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау.
Әдебиеттер тізімі:
1.Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). – Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. – 302 б.
2..Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. – 1992. - №3. – 23 – 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 – кітап – Алматы, 1996. – 39-58 б.
3.Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. – 2003. - №3. – 28 – 34 б.
5-семинар. Абай- ойшыл, философ ақын. Әл-Фараби және Абай.
Сабақтың мақсаты: Абайдың философиялық шығармаларын талдау,олардың мәнін ашу және Абай мен Әл-Фараби арасындағы үндестікті ашу
Сабақтың жоспары:
1.Абай ойшыл, философ ақын
2.Әл-Фараби және Абай
Абай – қазақтың ұлы ойшыл философы. Оның өлеңдері мен қара сөздерінің дені терең философиялық ойларға құрылған. Абай философиялық ойдың заңғар биігіне оқудан гөрі өмір мен болмыстың өзінен тоқу арқылы жеткен таза табиғат тудырған ғұлама десек керек.
Грецияда идеалистік философияның негізін салған атақты математик Пифагор дүниетанымында санды ерекше көкке көтеріп, оның рөлін айрықшалап абсолютке айналдырған. Кеңістіктегі ең кіші өлшем нүкте болса, 1 санын соған теңеп барлық санның маңызды негізгі элементі етіп қарастырады. Мұндай ойды Абай да айтады:
Единица- жақсысы,
Ерген елі бейне нөл,
Единица –нөлсіз-ақ,
Өз басындық болар сол
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?!-деп пайымдайды.
Абай философиясы дүниеге идеалистік көзқарасты қалыптастырған. Платон философиясы материя мен болмысты екінші кезекке қояды. Ал бірінші алғы орынға идеялар әлемін тұрғызады. Алдымен идея туып, сол идея бойынша табиғат жаратылған дейді. Бұдан дүниені жаратқан жаратушы деген қорытынды шығады. Сонда жаратушымыз бір құдай деген сөз. Абайдың дүниетанымында бұдан өзгешелік жоқ, жер-дүниені, табиғатты бір жаратушы жаратқанына, алланың ақиқаттығына шәк келтірмейді. Демек, Абай – идеалист философ.
Платон тән өлгенмен жан өлмей мәңгі жасайды деп білді. Ол тән тірлігінде білімді болған жандар тән өлген соң, дүниеге жаңадан келген болашақ данышпандар мен игі жақсылардың денесіне көшетіндігіне сенді. Ал білімі шамалы жандар қарапайым адамдарға көшеді деді. Абай да осылай деп ашық айтады:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес.
«Мен» мен «менікінің» айрылғанын
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес,- деп, ертең тәні өлгенмен жаны өлмейтініне кәміл сенеді. Мұндағы Абайдың «мен» деп отырғаны жаны да, «менікі» -тәні.
Платон мен оның ұстаған идеалист философтар табиғатты, материяны екінші орынға қоюмен бірге, оларды баянсыз, жетілмеген өзгермелі деп есептейді. Абай солардың еңбектерін түгін қалырмай зерделеп оқып, зерттеп шыққан адамдай «өлсе өлер табиғат» деп, Платон тұжырымының үстінен дәл түсіп айтады. Бұл мәселеде Абай мен платоншылардың ой-пікірлерінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Шынында табиғаттың, жердің апатқа ұшырауы әбден мүмкін екенін қазір ғылым да жоққа шығармайды. Клиникалық өлім кезінде жанның денеден ұшып шығып, бірер минут уақыт ішінде ғарыш кеңістігіне барып оралатынын медицина ғылымы да мойындай бастады.
Біздің дәуірімізден арғы бес ғасыр бұрын кешкен грек философы Гераклит жаратылыс үнемі динамикалық қозғалыста болаиынын, дүние пайда болу мен жоғалудан тұратынын, тұрақты ештеңе жоқ екенін, бәрі өзгеріп ауысып отыратынын дәлелдеп жазған. «Бір өзенді екі рет кешіп өтуге болмайды» дегенді дәлелдеген де осы Гераклит болатын. «Өйткені сіз өткен кездегі су ағып кетеді де, орнын басқа су басады» - дейді. Сөйтіп табиғатта бәрі құбылып тұратынын өзінің философиялық еңбектеріне арқау еткен. Гераклиттің бұл пайымдаулары Абай өлеңдерінде де бар:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Do'stlaringiz bilan baham: |