Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet22/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралау. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау.
Әдебиеттер тізімі:
1.Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). – Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. – 302 б
2.Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. – 1992. - №3. – 23 – 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 – кітап – Алматы, 1996. – 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. – 2003. - №3. – 28 – 34 б.
4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. – 2003. - №1. – 1 – 4 б.


4-семинар. Абай –қазақ поэзиясының реформаторы
Сабақтың мақсаты: Абайдық қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарына тоқталу, ақын тыңнан енгізген өлеңіндегі жаңа түрлердің сыр-сипатын жете таныту. Абай философиясының дамуы мен қалыптасуына кеңінен тоқталу.
Сабақтың жоспары:
1.Абай қазақ поэзиясының реформаторы
2.Абай әкелген жаңалықтар.
Абай – азамат , қайраткер, санаткер, ойшыл , ақын.Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы.Ол өз дәуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының бәрін топтастырғанда «Абай » деген тұлға туады.Бұл тұлғаны қалайша анықтауға , қалайша мүсіндеуге керек? Дәуір арқылы Абайды ашамызба, яки болмаса дәуір арқылы Абайды ашамызба? Әдебиет зерттеу тәсілі жағынан келгенде , бұның мәні айрықша . Психологияны анықтайтын ғылым бір бейімді адамды талант тобына телісе , бірнеше бейімнің басын қосқан кісіні данышпан деп таниды. Абай Құнанбайұлы осының соңғысына жатады. Дара жазушы және әдебиетші Т.Әлімқұловтың «Жұмбақ жан» кітабынан Абайдың ақындық шеберлігі, жаңашылдығы жайлы тұжырымдаған тың пікірлері аталған тақырыпты толығымен ашады.
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
Абай.
Әр ұлымыз бен қызымыз Абай аңсағандай азамат атанса халқымыз адамзат көшінде әркез ардақты орында болатыны һақ делінген М.Әлімбаевтың «Ұлы ақынның аңсағаны қандай азамат? » атты эссесі пайдаланылды.
Қазақтың ысылған классикасы Абайдан басталса , оған күні бүгінге шейін бірде – бір ақын тіркелмесе. Абай туралы еңбек жазудың жауапкершілігі өзінен – өзі түсінікті.Асқар таудың түбі тұншықтырады. Оның биіктігін аңғару үшін алыстан қарау керек. Көз жазып жазуға және болмайды. Бұл жағынан келгенде , мүше мерекелер қонақтаған жолаушыны толғандырарлық белестерге пара – пар. Абай – азамат , қайраткер, санаткер, ойшыл , ақын.Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы.Ол өз дәуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының бәрін топтастырғанда «Абай » деген тұлға туады.Бұл тұлғаны қалайша анықтауға , қалайша мүсіндеуге керек? Дәуір арқылы Абайды ашамызба, яки болмаса дәуір арқылы Абайды ашамызба? Әдебиет зерттеу тәсілі жағынан келгенде , бұның мәні айрықша . Психологияны анықтайтын ғылым бір бейімді адамды талант тобына телісе , бірнеше бейімнің басын қосқан кісіні данышпан деп таниды. Абай Құнанбайұлы осының соңғысына жатады. Өзінің кім екенін білген Абай тоғыз жолдың торабында өнерді , оның ішінде поэзияны таңдады. Соның өзінде «өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр, сырымды тоқтатайын айта бермей» деп теткіді.Жіті ойласаңыз , осында қанщама мағына жатырн ашып, өлеңмен мұң шағады, өлеңмен наз төгеді, өлеңмен сыр шертеді. Поэзияның табиғатын жетік білген ақын жотарттық жасайтын жерде жомарт та, сараңдық жасайтын жерде сараң. Ол кейде төкпе , кейде бүкпе,. Кейде іңкәр, кейде торыққыш.Кейде әсершіл, кейде байқампаз. Кейде ойшыл , кейде ақылгөй. Осының бәрі оның байырғы болмысының, табиғи дарынының үстіне оның мұратынының , мақсатының, мүддесінің кеңдігінен туған қасиеттер еді. Әбден тоқтасқан шағында туған қара сөздерін былай қоя тұрсақ , Абайдың философиясы , эстетикасы ,тұрмыстық толғаныстары оның поэзиясында , жұртқа тез тарайтын ұшқыр жанрда жатыр. Төркіні тым әрідегі қазақ поэзиясының ұлттық өмірде араласпаған саласы жоқ. Сәбидің тілін сындыратын жаңылтпаштан дананың жұмбағына шейін , жар – жардан жоқтау жырына шейін, қаһармандық дастаннан ғашықтық дастанына шейін , тойбастардан қиссаға шейін, ауызекі айтыс пен қағаз жүзіндегі айтысқа шейін поэзия үстемдік жүргізді. Терме, тақпақ, жарапазан жырымен айтылса, жезтаңдай шешендер сөзі ырғаққа құрылды. Осының бәрі қазақ топырағында поэзияны бірде құнды етсе, бірде құнсыз етті. Осындай салт санада ,осындай дәстүрде , осындай қауымда өскен Абай тұңғыш жырын пірге сыйынудан бастап, еліктеуге ұрынса , кейін бірте – бірте поэзияның өмірдегі орнын , ақындық қуаттың құдіретін ұғына бастады. Санаға сіңген шешендік , қанға дарыған қаратілдік сарапқа түсіп , сараланды, сұрыпталды, екшелді. Сөз сұлулыққа құрылмай, шымырлыққа , шыншылдыққа, мағыналыққа , астарлылыққа құрылды. Бұның баршасы Абайдың өзін кәміл танытатынын аңдатады. Шеберлік шіркіннің бойға шымшымдап , шымырлап тарайтынын айтпағанда , Абай мұрасы асығыстықты , ұшқарылықты, дәлсіздікті көтермейді.
Ерте оянып, ерте ойланған, ерте толғанған Абайдың көркем әдебиетпен әбден есейген , толысқан шағында шұғылдануында қайталанбас табиғилық бар. Пешенеге кеш жазылған ырыстың баянындай бұл табиғилыққа өкінуге орын жоқ. Абайдың әлеуметтік – қогғамдық күреске араласып, өмір сырын жіті танып, санасы ұлғайған шағында әдебиетке батыл баруы өткен күнінің орнын толық өтеген. Бұған оның сайын сахарадан , өскен ортадан , жастық дәуреннен алған әсерін, түйген түйінін қоссақ, осы байлықты игеруде орыс әдебиетінен мейлінше мол қаныққан құнарлы мәдениетін, тұңғиық білімін телісек, піскен дарынның жемісін қанағат тұтпасқа шара жоқ.
Абай мұрасының әр тарауы дербес еңбектерге татиды. Осы мұраның ең тереңі , ең бағалысы , ең баяндысы – сыршыл лирика. Бұған азаматтық сарын, көңіл сазы, табиғат толғауы, махаббат жыры жатады. «Жұртым – ай ұқсаңшы сен сөздің ішін » деп келетін шымыр жолдардан басталатын Абай сарыны , Абай сазы , Абай лебі адам жанын әлдилейтін алуан әуендерге ұласқанда , осының баршасының үстінен қарайтын биік тұрады. Бұл жағынан келгенде Абай немістің Гетесін , орыстың Пушкинін еске түсіреді.
Ұлы ақындардың әлемді көоуі айшықты , дүние тануы терең , түйсігі тұңғиық келмек. Бұған ақылдың оралымдылығы қосылмақ. Абайдың өмір сырына қанықтығын мінез құлыққа сыншылығын былай қойғанда туған табиғатты көре , сезе, сезіне білуінде қанша құдіретті нәзіктік жатыр. Бұл ретте Абайдың
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса,
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса.
Күңгірт көңілім сырласар,
Сұрғылт тартқан бейуақта
Төмен қарап мұңдасар
Ой жіберіп әр жаққа!- деп келетін дәріпті өлең дүниежүзі поэзиясына ұялмай қосылатын бұлбұл лирика.

Буын мөлшерінің біркелкілігіне құрылатын қазақтың силабикалық жырына Абай батыл жаңалық енгізді.


Сен мені не етесің
Мені тастап ,
Өнер бастап,
Жайына
Және алдап ,
Арбап,
Өз бетімен сен кетесің
Неге әуре етесің.
Қазақ өлеңінде бұрын болмаған ұйқастар.
Жалғаны жоқ кішіпейілділікке бой ұрып, қолдан келген қораш дүниені Абайдың өз сөзімен түйеміз :
Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын, онына ойла!



Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish