Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі



Download 1,46 Mb.
Pdf ko'rish
bet14/188
Sana13.03.2022
Hajmi1,46 Mb.
#492502
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   188
Bog'liq
2 5307809992731005381

оқытушылары 
жатады. Сондай-ақ, 
педагогика және педагогикалық 
психология проблемаларымен шұғылданушы ғылыми қызметкерлер
де 
педагог деп аталады.
Педагогтар екі түрлі болады:
1)
маман-педагогтар
– арнайы дайындығы бар, жалақы алып жұмыс 
істейтін тұлғалар; 
2)
бейресми педагогтар 
– ата-аналар, жетекшілер, шағын топтардың 
лидерлері, т.б. 
Мұғалім (педагог, тәрбиеші, оқытушы)
– бұл мектептегі (оқу орын-
дарындағы) оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушы және оны іске асырушы 
тұлға, арнаулы дайындығы бар және педагогикалық қызметпен кәсіби шұ-
ғылданатын адам. Мұғалімнің қолына халық өзінің перзенттерін білім алуы 
үшін, дұрыс тәрбие алуы үшін сеніп тапсырады. Сондықтан мұғалiм өзiне 
тапсырылған қызметтi ар-ожданымен, бiлiмiмен, парасаттылығымен, асқан 
жауапкершілікпен атқару керек болады. Оқытушы өзі оқытатын пәнді терең 
біліп қана қоймай, оны оқушыларға жеткізу методикасын да білуі керек. 
Оқушыларының көңіліне жол тауып, оларды білім алуға құлшындырып 
отыруы, қоғамның талап-тілектеріне сай тәрбиелеуі, келешекке сеніммен 
қарауға үйретуі де оның міндетіне жатады. 


18 
Оқытушы жеке адамды жан-жақты жетiлдiрудегі басты тұлға болып, ол 
балаға бiлiм бередi, тәрбиелейдi, оны жеке адам ретiнде қалыптастырады. Қо-
ғамның әрi қарай дамуы, өркендеуі оқытушылардың тәрбиелеп, бiлiм берiп, 
еңбек етуге жолдама берген ұл-қыздарына байланысты болады.
1.2.2. Педагогтық мамандықтың қоғамдағы орны және оған 
қойылатын талаптар
.
Сонау отқа табынушылық дәуiрiнен жетiп келген қасиеттi «Авестода» 
оқытушыны қоғамның рухани жетекшiсi деп бағалаған. Ал ортағасырлық 
отандастарымыз Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ибн Сино, Беруни, Жүсіп Баласа-
ғуни, Махмұт Қашқари, Ахмет Йугінеки сияқты ғұламалар адамзаттың жан-
жақты жетiлуiн, мемлекеттiң дамуын iлiм және бiлiм үйренуден деп бiледi. 
Iлiм-бiлiм үйрететiн оқытушыны «ұстаз» деп көкке көтередi.
Ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский: 
«Мұғалiмнiң атқарған қыз-
метi өте құрметтi. Әрі тамашалығы соншалық, күн астында мұндай 
қызмет жоқ» 
деген едi.
Ғұлама ғалым Мырза Ұлықбек оқытушының шәкіртіне ықпалын былай 
көрсетеді: 
«Шәкірт тұлғасында оқытушысының кім екенін көруге болады»
.
Ол оқытушыларды өзінің үстінде істеуге, білімі мен педагогикалық шебер-
лігін жетілдіріп баруға шақырды. 
Атақты қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин 
«Халықтық мектептер үшiн 
барлығы мұғалiмнiң өзiнде, асқан игiлiктi жарлықтар да, өте ұқыпты инс-
пекторлық бақылауды да мұғалiммен салыстыруға болмайды»
деп, оқу жұ-
мысын ұйымдастырудағы басты тұлға мұғалiм екенiн көрсетедi.
Әр дәуiрлерде, әр елде педагогтық мамандыққа берiлген бағаларға қарап, 
қай қоғамда болса да оқытушыға аса құрметпен қарағанын көремiз.
Оқытушы еңбегi тәуелсiз Өзбекстанда да жоғары бағалануда. Творчест-
волық жұмыс iстейтiн мұғалiмдерге «Методист-оқытушы», «Аға оқытушы», 
«Өзбекстан халық оқытушысы» деген атақтар берiлуде. «Жыл оқытушысы», 
«Жыл тәрбиешiсi», «Жыл мектебi» сияқты конкурстар өткiзiліп, жаңашыл 


19 
оқытушылардың еңбегi бағалануда. Оқытушылардың бiлiм беру дәрежесiне 
қарап категориялар белгiлендi.
Президенттiң жарлығымен оқытушылардың жалақысы оқтын-оқтын кө-
бейтіліп тұр.
Iзденiмпаз мұғалiмдердiң шет елдердегi ең жақсы оқу орындарында бi-
лiмiн жетiлдiруге жағдай жасалынған.
Ең қуаныштысы, қазiрше ешқандай мемлекетте жоқ, оқытушылар күнi 
жалпы халықтық мереке ретiнде 1-қазанда атап өтiледi.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы да педагогтық мамандықтың мем-
лекетте аса беделдi екенiн көрсетедi. 
Педагогикалық қызмет жас ұрпақты еңбекке, өмiрге даярлауда халық ал-
дында, мемлекет алдында жауап береді. «Білім беру туралы» (1997 ж.) Заңда 
балаларға тәлім-тәрбие беру бойынша арнайы кәсіптік білім алған, жоғары 
деңгейдегі моралдық қасиеттерге ие болған тұлғаларға ғана педагогикалық 
қызметпен шұғылдану құқықы беріледі дейілген. Соттың үкімімен педагоги-
калық қызметпен шұғылданудан шеттетілген жеке адамдарға білім беру меке-
мелерінде педагогикалық қызметпен айналысуына жол берілмейді. 
Міне, осындай жауапты мiндеттi орындайтын оқытушы терең білімдi, өз 
Отанын шексiз сүйетін және оған адал қызмет ететiн, саяси сауатты, балаға 
құрметпен қарайтын, жоғары моральдық қасиеттерге ие, рухани бай, дені сау, 
мүкiстігi жоқ, қарым-қатынасқа кiрiсе алатын болуы керек.
Оқытушының кәсіби мамандығына мынадай талаптар қойылады:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын меңгеру;
- табиғат, қоғам, адам, қоршаған орта туралы ғылыми білімдi меңгеру;
- педагогика, психология, физиология, анатомия, мектеп гигиенасы 
сияқты педагогикалық-психологиялық пәндерді терең білу;
- оқыту, тәрбиелеу методикасын және өзi оқытатын пәнді жете меңгеру;
- баланы сүю, оның жан-дүниесін түсіну;
- педагогикалық әдептілік пен педагогикалық техниканы меңгеру.

Download 1,46 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   188




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish