Орыс тілінен аударған М. Мағауин



Download 431,78 Kb.
bet8/15
Sana20.04.2022
Hajmi431,78 Kb.
#564919
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Bog'liq
Сүлеймен патшаның кеніші 8-12

БІЗ КУКУАН ЕЛІНЕ КЕЛДІК


Сол күні ертеден қара кешке дейін ешқайда бұрылмай, тура солтүстік- батысқа қарай беттеген тамаша жолмен жүре бердік. Инфадус пен Скрагга бізбен бірге болды, ал олардың нөкерлері сап түзеген қалпында жүз қадамдай алда отырды.

  • Айтшы, Инфадус, – деп сұрадым мен біз бірталай уақыт үнсіз жүрген соң, – мына жолды кім салғанын білемісің?

  • Бұл жол бағзы, бағзы замандарда салыныпты, əмірші ием, – деді ол.

  • Нақты қашан салынғанын жəне кім салғанын тірі жан білмейді. Бұдан, тіпті талай ұрпақпен бірге жасасқан дана əйел Гагула да бейхабар. Біздің арамызда бұл жолды кім салғанын білерліктей дəрежеде көп жасаған адам жоқ. Қазір ешкім де мұндай жол сала алмайды. Сондықтан оны корольдің өзі қамқорлыққа алған. Шөп шығып, топырақ баспауын қадағалап, күтіп отырамыз.

  • Ал жол өткен тескентаудың ішіндегі бейнелерді кім қашаған? – деп сұрадым.

Менің айтқаным – біз мана үңгіртаудың ішінен көрген, көне египеттіктерге ұқсас адамдар бейнеленген барельефтер еді.

  • Тастардың бетін қашап, ғажайып суреттерді мүсіндеген де осы жолды салған адамдар, əмірші ием. Кім екенін біз білмейміз.

  • Ал кукуан халқы бұл өлкені қашаннан бері мекен етіп келеді?

  • Əмірші ием, біздің халқымыз дауылдың лебіндей, жолындағының бəрін апырып-жапырып бұл өлкеге осыдан он мың ай бұрын анау жақта жатқан, – ол солтүстік бағытты нұсқады, – ұлан-байтақ жерлерден келген. Арғы бабаларымыздың бізге жеткен көне сөздеріне қарағанда, дуагерлерді аулаушы дана əйел Гагуланың айтуына қарағанда, кукуандар бұдан ары қарай өте алмай тоқтаса керек, өйткені осы өлкені шеңберлей қоршаған сеңгір таулар, – ол басын қар басқан биік таулар сілемін көрсетті, – олардың жолын бөгепті. Өлке əрі құнарлы, əрі көрікті болғандықтан кукуандар осы араға қоныс тепкен. Содан соң біздің халқымыздың айбары асқан, күш-құдіреті артқан, ал қазір біздің санымыз теңіз жағасындағы құмның санына пара-пар.

Короліміз Твала өзінің бар əскерін жиып, сапқа тұрғызған кезде жауынгер-лердің басына қадаған қауырсындары қалың орман сияқты, көз жетер көкжиекке дейінгі алапты тегіс жауып кетеді.

  • Егер ел жан-жағынан таумен қоршалған болса, бұл əскер кіммен соғысады?

  • Жоқ, мырза, елдің ана жақ беті ашық, – деді ол қолын солтүстікке қарай нұсқап. – Ауық-ауық белгісіз өңірден шыққан, қара бұлттай жөңкілген қисапсыз əскер шабуыл жасайды бізге. Үнемі қырып- жойып, бетін қайтарып келеміз. Біз соңғы рет соғысқаннан бері адам өмірінің үштен біріндей уақыт өтті. Бұл соғыста біз сан мың жауынгерден айрылып, үлкен шығынға ұшырадық. Əйткенмен өзімізді тапап, құртып жібермек боп келген дұшпанды тегіс қырғын таптырдық. Одан бері соғыс болған жоқ.

  • Сірə, іс-əрекетсіз отыра бергеннен сендердің жауынгерлеріңнің сүңгілерін тот, көздерін ұйқы басқан болар?

  • Жоқ, əмірші ием. Өзімізге шабуыл жасаған жат жерлік қолды харап еткен соң, көп ұзамай бұл арада тағы да үлкен соғыс болды. Бірақ бұл

  • өзара соғыс еді. Ағайын адамдар бірін-бірі иттей талады, қан сел дария боп ақты.

  • Соғыс неден шықты?

  • Оның да жайын айтып берейін, əмірші ием. Біздің қазіргі короліміз – менің туған ағам, бірақ екеуіміздің əкеміз бір де, шешеміз бөлек. Бұл корольдің бір анадан туған бауыры болған, екеуі бір күнде дүниеге келіпті. Еліміздің рəсімі бойынша егіз баланы қатар асырауға

болмайды, əлжуаз, нашары өлтірілуте тиіс. Алайда король анасы екінші боп туған əлжуаз баланы ешкімге білдірмей жасырып қалыпты, сірə, алдыңғысынан осы соңғысын тəуір көрсе керек. Міне, сол бала – біздің қазіргі короліміз Твала. Ал мен оның басқа бір анадан туған інісімін.

  • Ал содан соң не болды?

  • Əкеміз Кафа біз ер жеткен кезде дүние салды да, менің ағам Имоту оның орнына король боп таққа отырды. Жаңа король біраз уақыт ел биледі, жақсы көретін бəйбішесінен ұл сүйді. Бала үш жасқа келген шақта – бұл əлгі елдің берекесін кетірген, жұрт егінін еге алмаған қырғын соғыстан соңғы жыл еді, елді аштық жайлады. Жоқшылық жұрттың пейілін бұзды, халық аштық қысып, кімге соқтығарын білмеді, аласұрған ашулы арыстан сияқты, бойын ыза буып, жан- жағына алақ-жұлақ қарап, тиісер қара іздей бастады. Міне, дəл осы кезде Гагула, жұрт айбарынан ығатын, өлімнен шет дана əйел Гагула жұрт алдына шығып: “Имоту – заңсыз король!” деген сөз таратты. Бұл кезде Имоту соғыста алған жарақат əсерінен сыртқа шыға алмай, үйде төсек тартып жатқан. Содан соң Гагула аулақтағы үйлердің біріне кірді де, менің бір атадан туған ағам, ал король Имотудың бір ата, бір анадан туған інісі Тваланы жетектеп алып шықты. Туған күнінен бастап иесіз тау арасындағы үңгірге сақтап, бағып-қағып, өз қолымен өсірген екен. Жұрт алдына шықан соң Гагула Тваланың мучасын жұлып алып, кукуан халқына оның беліндегі қасиетті жылан бейнесін көрсетті.

Біздің елде корольдің жаңа туған үлкен ұлының белін орай қасиетті жылан суреті салынады, ал бұл – мұрагерліктің белгісі.
Сонымен, Гагула Тваланың белін ораған жылан бейнесін халыққа көрсетіп: “Міне, сендердің нағыз корольдерің. Мен қанша жыл бойы жұрттан жасырып, сендер үшін оның өмірін сақтап келдім. Енді корольге өз орнын əперетін күн туды!” деп жар салды.
Сол кезде аштық ақылынан алжастырған, əділдік дегеннің не екенін ұмытқан жұрт:
“Король! Король!” деп айқайлай бастады.
Бірақ мен олай емесін білетінмін. Өйткені менің ағам Имоту егіздердің үлкені еді, яғни нағыз заңды король сол болатын. У-шу күшейіп, жұрттың бейбастақтығы шектен асқан кезде төсек тартып жатқан
король Имоту əйеліне сүйеніп, амалсыз сыртқа шықты, соңында кішкентай ұлы Игнози (Игнози – найзағай деген сөз) бар.
“Бұл не шу? – деп сұрады Имоту. – Неге “Король, король” деп даурығып жүрсіңдер?”
Міне, сол кезде корольдің бір əке, бір анадан туған інісі оның қасына жетіп барды да, бір қолымен шашынан ұстай алып, екінші қолымен қақ жүрекке бойлата қанжар салды.
Адамға тəн басты мінез – тұрақсыздық қой, жұрт қашанда жаңа туып келе жатқан күнге табынуға бейім тұрады.
“Біздің короліміз – Твала! Короліміздің кім екенін жаңа білдік, король

  • Твала!” – деп, қол соғып, айқайлай берді жұрт.

  • Ал Имотудың əйелі мен əлгі Игнози деген баласы не болды? Твала оларды да өлтірді ме?

  • Жоқ, əмірші ием. Өзінің мырзасының қаза тапқанын көрісімен əйел жанұшыра айқайлап, баласын көтеріп ала сала қашты. Екі-үш күн далада жасырынып жүріп, аштық əбден қысқан кезде əлдебір краальға барған екен, жұрт кімнің басына бақытсыздық төнсе, содан безбей ме, тірі жан бір жапырақ нан, не бір жұтым су бермепті. Тек қараңғы түскен кезде бір кішкене қыз жұрттан жасырынып, ішіп жемдік аз-маз тамақ апарып берсе керек. Өлген корольдің қашқын əйелі қызға алғыс айтыпты да, баласын көтеріп алып, сол түні қайтадан бой тасалапты. Тау жаққа кетіпті дейді. Сірə, сонда өлген болар. Содан бері ешкім əйелді де, оның ұлы Игнозиді де көрген жоқ.

  • Яғни осы Игнози деген бала тірі қалса, кукуан халқының заңды королі болып саналады екен ғой?

  • Дəл солай, əмірші ием. Денесін ораған қасиетті жылан бейнесі бұған ешқандай күмəн қалдырмайды. Егер тірі болса, нағыз король – сол.

Бірақ амал не, ол əлдеқашан өліп қалды. Былай қара, əмірші ием, – деді ол қолымен еңіс жақты нұсқап. Жазықта үйме-жүйме салынған лашықтардан құралып, сыртынан шарбақпен қоршалған, оның сыртынан терең ор қазылып, топырақ үйілген үлкен деревня тұр екен.

  • Имотудың əйелі мен баласы Игнозиді жұрт ең соңғы рет көрген крааль – осы. Біз бүгін түнде сол араға қоналқаға аялдап, ұйықтап,

тынығамыз. Əрине, – деді ол содан соң күмəнді үнмен, – менің əмірші иелерім жай жұрт сияқты ұйқы дегеннің не екенін білетін болса.

  • Мейірбан досым Инфадус, кукуан елінде жүрген шағымызда біз осы кукуандарша өмір сүреміз, – дедім мен тəкаппар, асқақ үнмен.

Содан соң, етегін жел үрлеп, туша желбірей берген көйлегімен əуре боп, манадан бері тұнжырап артта келе жатқан Гудқа бірдеңе айтпақ оймен кері бұрылдым. Бұрылған бетте Омбопамен соқтығысып қала жаздадым. Тура менің өкшемді басып келе жатыр екен. Инфадус екеуміздің əңгімемізге құлақ түріп, тың тыңдап келе жатқаны анық еді. Əлденені білуге құмартқан сыңайы түр-тұлғасынан анық танылады.
Баяғыда көрген, енді мүлде ұмытылған елестерді қайтадан есіне алғысы келген, бірақ еміс-еміс бірдеңелерді ғана жадына түсіріп, одан артық ештеңе шығара алмай, берекесі кеткен адамға ұқсайды.
Зұлыстың бұл мінезі мені қатты таңырқатты.
Төменде керіліп жатқан белес-белес адырлы кең өлкеге қарай жіті адымдап, ешбір бөгеліссіз жүріп келеміз. Біз басып өткен биік тау сілемдері артта қалды, бұлтпен астаса мұнартып, көкке таласып тұр. Сау-ханшаның қос Анарын тұман басыпты, бейəдеп, сұғанақ көзден жасырғысы келгендей.
Алға қарай жылжыған сайын жер бедері құбылып, түрлене берді. Өсімдік əлемі тропикалық болмағанымен, аса бай əрі əсем. Күн сəулесі жылы, мейірлі, бірақ шыжыған ыстық емес. Жұпар иісі аңқыған тау бөктерін көбелей самал жел есіп тұр.
Бұл – шынында да жер бетіндегі ұжмақ мекен еді. Бұдан бұрын талай өлкені араласақ та, ешқайсысынан дəл мұндай көрікті, дəл мұндай жанға жайлы, табиғи жағынан бай, ауа райы тамаша абат бақты көрмегенбіз. Трансвааль – тамаша ел, бірақ соның өзі Кукуанстанға тең келе алмас еді.
Жолға аттанған бетте Инфадус біздің келе жатқанымызды крааль тұрғындарына хабарлау үшін (бұл крааль оның қарауындағы əскери бекініс саналады екен) шапқыншы жіберген, хабаршы сол сəтінде-ақ желдей ұшып жүгіре жөнелген еді. Инфадустың айтуынша, ол жол
бойы осы жүгірісінен бір де танбайды. Өйткені кукуандардың барлығы да жүгіруге, жаяу жарысқа ерекше мəн беретін көрінеді.
Хабаршымыздың өз міндетін ойдағыдай орындағанына көп ұзамай-ақ куəгер болдық: біз краальге екі мильдей қалғанда қақпадан лек- легімен əскер шығып, бері қарай бет алды.
Сэр Генри қолын менің иығыма салды да, сірə, мынаған қарағанда, кукуандар бізді “жылы жүзбен” қарсы алатын тəрізді дегенді айтты.
Ұқпаса да бұл сөздің қандай əуенмен айтылғанын аңдап қалса керек:

  • Əмірші иелерім бекерге мазасызданбасын, – деді Инфадус асыға сөйлеп. – Менің жүрегімде қаяу жоқ. Бұлардың бəрі – маған бағынышты жауынгерлер. Менің əмірім бойынша, сіздерді салтанатпен қарсы алуға шыққан беттері.

Мен немқұрайды бас изедім. Ал шындығында, ішім алай-түлей еді.
Краальдің дарбазасынан жарты мильдей жерде тура жол табанынан бастап көтерілетін көлденең қырқа бар еді; жауынгерлер сол қырқаның бетіне сапқа тұра бастады.
Бұл – жан таң қаларлықтай əсем көрініс болды. Əрқайсысы шамамен үш жүз адамнан құралған отрядтар бірінен соң бірі қырқаға жүгіріп шығып, өздеріне тиесілі жерде қатар түзеп жатыр; қимылсыз сіресіп тұрған жауынгерлердің найзалары күнге шағылысып жарқ-жұрқ етеді, бастарына қадаған қауырсындар желмен тербетіле ойнайды.
Біз келген шақта қырқаға көтеріліп, сапқа тұрған осындай отрядтардың саны он екі болды, бұл – сақадай сай үш мың алты жүз жауынгер деген сөз.
Əскердің алдыңғы сапына жеткен бетте-ақ амалсыз таңырқауға, амалсыз сүйсінуге мəжбүр болдық.
Отряд басынан аяғына дейін тегіс еңгезердей ұзын бойлы, зор денелі, сымбатты жауынгерлерден құралған еді. Бұл тəрізді сайдың тасындай атпал азаматтардан жасақталған мол əскерді бұрын-соңды ешқайсымыз көрмегенбіз.
Əскер тегіс жігіт ағасы жасындағы азаматтардан құралыпты. Көбі – қырықтар шамасындағы байырғы жауынгерлер. Бұлардың арасынан бойы алты футтан кем бірде-бір адам көрінбеді, тіпті көпшілігі бұдан үш-төрт дюйм биік екен. Бастарына тегіс біздің нөкерлеріміз тəрізді, сакобула құстың қап-қара қауырсындарынан жасалған айдарлы қалпақ киген. Бəрі де белдерін ақ буйволдың құйрықтарымен буынып алыпты; дəл осындай құйрықпен тізеден төменірек жерден аяқтарын да білезіктеп қойыпты. Сол қолдарына ені мен көлденеңі жиырма дюймнен келетін дөңгелек қалқан ұстаған.
Бұл қалқандардың құрылысы қызық еді. Жұқа жапырақ темірден жасалып, сыртынан ақшыл түсті буйвол терісімен қапталады екен. Жауынгерлердің қарулары өте қарапайым, бірақ аса айбарлы еді. Ең басты қару – екі жүзді, ауыр шолақ найза көрінеді, найзаның сүңгісі ең енді жерінде алты дюймге жетеді жəне ұңғысынан қысқа ағашқа сапталған. Бұл – лақтыруға емес, зұлыстардың бангвандары немесе қанжар-найзалары сияқты, бетпе-бет ұрысқа арналған қару боп шықты. Тиген жерін жан шошырлық етіп жаралайтынын кейін өз көзіммен көрдім.
Бангванға қоса, əрбір жауынгер əрқайсысының салмағы екі фунттан келетін ауыр əрі қарымы ұзын, үш бірдей пышақпен қаруланыпты.
Селебелердің біреуі буйвол құйрығынан жасалған белдікке қыстырылып, қалған екеуі дөңгелек қалқанның ішкі бетіне бекітілген. Өздері толл деп атайтын мұндай селебелерді кукуандар зұлыстардың лақтырғыш ассегайының орнына қолданатын көрінеді. Кукуан жауынгерлері бұл пышақтарын елу ярдқа дейінгі аралықта жұмсайды жəне тегіс көздеген жеріне дəл тигізетін мерген. Бетпе-бет ұрыс бастала бергенде жауға қарсы қардай бората селебе лақтырып, майданды содан соң ғана ашады екен.
Жауынгерлер қоладан құйған мүсіндердей қимылсыз, тілсіз қалыпта сап-сабымен лек-лек боп сіресіп тұр. Қасына жақындаған кезде қабылан терісінен тігілген жақы киген сардарының белгісі бойынша отряд бірнеше қадам алға шығып, қолындағы найзаларын көкке көтере бере жер-дүниені жаңғырықтыра: “Куум!” деп, бейнебір корольді қарсы алғандай құттықтады бізді. Біз қасынан өте бергенде отряд жаңаша сап түзеп, соңымыздан ерді. Келесі отрядқа жеткенімізде осы
көрініс тағы қайталанды. Көп ұзамай, жер топырлата, бір адамдай адымдап, бүкіл полк біздің соңымыздан келе жатты. Қалқандарының түсі сұрғылт болған себепті “Сұр сарбаздар” аталған бұл полк бүкіл кукуан армиясындағы ең таңдаулы құрама деп есептелінетін көрінеді.
Сүлеймен патшаның Даңғыл жолынан шығып, краальге де келдік. Аумағы бір шаршы мильдей жер алып жатқан крааль биік бөрене дуалмен қоршалыпты, қоршаудың сыртынан терең əрі енді ор қазылған. Крааль дарбазасына көтерме көпір арқылы ғана өтуте болады екен. Біз келген кезде сақшылар көпірді түсірді.
Крааль құрылысы тамаша жоспарланғаны байқалады. Краальді қақ жарған үлкен қара жолды тік бұрыш арқылы толып жатқан енсіз көшелер кесіп өтеді, осының нəтижесінде крааль өзара шамалас бірнеше кварталға бөлініпті. Əр кварталға бір-бір отряд орналасатын көрінеді.
Дөңгелек шатырлы лашықтар зұлыс балағандарына ұқсас: мұнда да үйдің талдан құралған тор көз қаңқасы шөппен тоқылып, бүтінделеді екен. Зұлыс лашықтарынан айырмасы – есігі биік, ішке еңкеймей кіресің. Оның үстіне əжептəуір кең əрі күресінінде еденіне əбден тапталған қиыршық құм төселген шағын сенегі бар.
Краальді кесіп өтетін қара жолдың екі жағын ала жапырлап тұрған қатын-қалаш. Бізді көруге жиналыпты.
Басқа жердегі, біздің көзіміз үйренген түземдіктермен салыстырғанда бұл əйелдер айта қаларлықтай көрікті боп шықты. Ұзын бойлы, əсем бейнелі. Дене бітімдері аса келісті. Шаштары қысқа болғанымен бұйралана төгіліп тұр.
Көбінің бет-пішіндері аса нəзік, ал еріндері көптеген африка халықтарынікіндей қалың емес, қаймыжықтай жұқа.
Əйткенмен олардың үлкен сабыр сақтап, өз құнын білетін тəкаппар кейіпте тұруы бізді бəрінен де қатты таңырқатты. Өздерінше жақсы тəрбие алған жандар екені танылады. Бұл ретте зиялы қауым өкілдерінен кем түспейтіндей. Ал зұлыс əйелдерінен, олардың аталас ағайындары, Занзибардың оңтүстік бетін мекендеген мазаи əйелдерінен артықшылығы көзге ұрып тұр. Бұл араға тек əуесқойлық
жетегінде – жат жерлік ғажайып жандарды көру үшін ғана келгенімен, біз сүйретіле басып алдарынан өткен шақта не бір таңырқаған оғаш қимыл, не бір іліп-шалма бұралқы сөз естілген жоқ. Тіпті кəрі Инфадус қолының ұшымен болмашы ғана ишара жасап, олардың назарын барлық ғажайыптардың ішіндегі ерегі – Гуд байғұстың “əдемі аппақ аяғына” аударған шақта да ешбір əйел дəл сол сəтте бойын билеген шексіз таңырқау, асқақ сүйсініс сезімін сыртқа шығармады. “Аппақ қардай əсем аяқтан” жалтыраған қара көздерін айыра алмаған, сұлулық тəңірісіне табынған үнсіз қалыпта тұрды да қойды. Алайда табиғатында биязы Гуд үшін осының өзі-ақ жеткілікті еді.
Краальдің қақ ортасына келген шақта Инфадус жан-жағын шағын лашықтар қоралай қоршаған үлкен үйдің есігінің алдына тоқтады.

  • Төрге шығыңыздар, жұлдыз ұлдары! – деді ол салтанатты үнмен. – Біздің қарапайым мекенжайымызға тізе бүгіп, дəм татыңыздар, О, əмірші иелерім, сендердің қарындарың ашып, белбеулерің босап кетпес үшін қазір осында тамақ жеткізіледі. Аз ғана бал келеді, аз ғана сүт келеді, бір-екі өгіз, он-он бес қой сойылады. Əрине, шамалы ғана нəрсе, əйткенмен адал ас.

  • Жақсы, – дедім мен. – Ал енді, Инфадус, біз дем алайық. Көк пен ортадағы ұзақ жол үстінде қатты шаршадық.

Лашықтың ішіне ендік. Дем алуға қолайлы боп шықты. Жақсылап жабдықталған. Біздің жатып, тынығуымызға арнап жасалған, үстіне иленген жұмсақ тері жайылған төсектері бар.
Кешікпей, біз жуынып-шайыну үшін су əкелінді. Кір, шаңнан бір қабат арылып, жадырап қалдық.
Кенет сырттан айқай естілді. Есікке тақап келіп далаға қарап едік, қаздай тізілген, бұрала басқан қыздарға көзіміз түсті. Бізге сүт, маис ұнынан пісірілген бірнеше таба нан, жəне бір қыш құмыра толы бал əкеле жатыр. Қыздардың соңын ала бірнеше бала жігіт бір семіз өгізше айдап келеді.
Біз сыйды тегіс қабыл алдық. Сол сəтінде-ақ жігіттердің бірі беліндегі селебе пышағын суырып алып, лып еткізіп, өгізшені тамақтан орып жіберді.
Арада бес-он минут өтер-өтпесте жігіттер өгіздің терісін сыпырып, етін боршалап тастады. Мен еттің ең қоңды жерлерін сылытып алғыздым да, қалғанын біздің бəріміздің атымыздан тамашаға жиналған жауынгерлерге тарттым. Олар “ақ адамдардың сыйын” тəңірінің өз қолымен тартқан дəміндей пышақ үстінде бөлісіп əкетті.
Омбопа түр-тұлғасы тəп-тəуір бір жас келіншекті көмекшілікке алып, ас жабдығына кірісті.
Лашықтың алдына от жағып, үлкен қыш қазанға қайнатқан етіміз пісуге жақындаған шақта біз Инфадусқа кісі жібердік. Корольдің ұлы Скрагга екеуін ас ішуге шақырғамыз.
Екеуі де бөгелмей келді. Аласа орындықтарға отырып (лашықтың ішінде мұндай орындықтардың бірнешеуі бар еді; кукуандар əдетте зұлыстар құсап жүрелеп отырмайды) бізбен бірге ет жеді.
Кəрі джентльмен өзін өте əдепті, əрі сыпайы ұстады, бірақ жас жігіттің бізге шүбəмен қарай бергеніне таңырқаған едік. Басқа жұрт сияқты ол да түсіміздің бөлектігінен, толып жатқан сиқырлы қасиеттерімізден зəресі ұшып, бізге бас ұра табынған. Менің байқауымша, енді бізді де кəдімгі адамдарша ас ішетінімізді, біздің де кəдімгі адамдарша ұйықтайты-нымызды білген кезде оның қорқынышы сейіліп, көңілін бұлдыр күмəн жайлай бастаса керек. Бұған қарағанда біздің де сақ тұруымыз қажет.
Тамақ үстінде сэр Генри інім туралы сұрастырғанымыз теріс болмас еді дегенді айтты. Мүмкін, біреу-міреу ғайыптан көрген шығар, мүмкін, біреу-міреу əлдебір кезде ұзынқұлақтан естіген шығар. Алайда мен əзірге бұл мəселе жайын қоя тұрған жөн деп шештім.
Астан соң біз қалиянымызды темекіге толтырып алып, шылым шегуге кірістік. Инфадус пен Скрагга бұған қатты таңырқады. Кукуандар темекі түтінінің жан жадыратар ғажайып қасиетінен мүлде бейхабар тəрізді. Кейін білдік, бұл елде темекі өте мол өседі екен, бірақ кукуандар да зұлыстар сияқты, оны тек насыбай ретінде ғана пайдаланатын көрінеді, ал шылым тарту – олардың əдетінде болмаған іс екен.
Инфадустан саяхатымызды қашан жалғастыратынымыз жайында сұраған едім. Қазірдің өзінде жолға əзірлік жүріп жатқанын, бөгелмей, ертең ертемен аттанатынымызды естігенде қуанып қалдым. Біздің келгенімізді король Твалаға хабарлау үшін шапқыншы жіберіліпті.
Король Твала қазір өзінің Луу деп аталатын жердегі бас ордасында көрінеді. Жыл сайын тамыздың алғашқы аптасында өтетін үлкен мейрамға əзірленіп жатыр дейді. Бұл мерекеге əдетте гарнизон қызметіндегі жекелеген полктерден басқа, елдегі барлық əскер қатысып, король алдынан салтанатты шеру құрып өтеді екен. Біз бұдан соңғы жерде бажайлап сөз ететін дуагерлерді аулаудың ұлы түні де сол мейрам күндеріне сəйкес келетін көрінеді.
Таң сыз бере аттануға тиіс едік. Қосшы ретінде бізбен бірге жүретін Инфадус егер өзен тасып, жол үстінде кездейсоқ аялдап қалмасақ, Лууға арада бір қонып, екінші қоналқаға жетеміз деп шамалады.
Осы хабарларды айтқан соң қонақтарымыз бізге қайырлы түн тіледі де, өз мекенжайларына кетті. Сол сəтінде-ақ үшеуміз төсекке жатып, рақат ұйқы құшағына ендік. Ал төртіншіміз қарауылға тұрды. Бұл – кукуандар сатқындық жасаса, қапы қалмау үшін қолданған шарамыз еді.
Луудың солтүстік бетінде, қаладан екі мильдей жерде таға іспеттес иіліп біткен биік шоқы көрінді. Кейін біз бұл шоқымен жақсылап танысуға мəжбүр болдық.
Қала аса көрікті жерге орналасыпты. Біз Сау-ханша тауының беткейінде тұрып тамашалаған мол сулы үлкен өзен шаһарды қақ жарып өтеді екен; кенттің қарама-қарсы қабақтағы бөліктері əлденеше рет көпір арқылы өзара байланысып жатыр.
Алыста, бізден алпыс-жетпіс мильдей жерде теп-тегіс кең жазықта үшбұрыш іспеттес кейіпте орналасқан биік үш тау көрінеді. Басын ақ қар, көк мұз басқан, қия жартас, биік шыңды меңіреу сеңгірлер етегі жайпақ, беткейі түйетайлы, Сау-ханша тауына мүлде ұқсамайды.
Біздің бұл тауларға əуестене қарағанымызды аңдаған Инфадус:

  • Бұл тауды біздің ел “Үш Сиқыршы” деп атайды. Даңғыл Жол сол таудың етегіне жеткенде бітеді, – деді.

  • Неге дəл сол арада бітеді? – деп сұрадым мен.

  • Кім білсін, – деді кəрі жауынгер иығын қиқаң еткізіп. Сəл бөгелді де, сөзін одан ары жалғастырды. – Бұл тауда үңгірден көп нəрсе жоқ.

Содан соң онда аумағы үлкен, түбі терең алып құдық бар. Баяғы заманның дана адамдары өздері осы өлкеден іздеп келген нəрселерін сол арадан табады екен. Осы таудың қойнауындағы “Ажал сарайына” біз өзіміздің корольдерімізді жерлейміз.

  • Ал бұл араға баяғының дана адамдары неменеге келіпті? – деп сұрадым мен оның сөзін асығыс бөліп.

  • Мен қайдан білейін, тақсыр. Көктегі жұлдыздардан жерге кеп түскен сіздердің өздеріңіз білуге тиіссіздер ғой мұны, – деді Инфадус өткір жанары жарқ ете бізге қарап.

Сірə, өзіне белгілі жайларды дабыралағысы келмейтін тəрізді.

  • Айтқаның айна-қатесіз рас, – дедім мен. – Біз, жұлдыз тұрғындары, сендер білмейтін көп нəрсеге қанықпыз. Мысалы, мен баяғы заманда жасаған дана адамдар ана тауға жалтыраған əдемі тастар мен сары темір іздеп барыпты деп естідім.




  1. тарау КОРОЛЬ ТВАЛА

Лууға дейінгі саяхатымыз туралы бажайлап баяндаудың қажеті бола қоймас деп ойлаймын. Біз Сүлеймен патша салғызған, кең əрі даңғыл жолмен Кукуан елінің ішкі өлкелеріне қарай бойлап, тура екі күн жүрдік.
Алға қарай жылжыған сайын жер бедері көріктене түсті. Топырақтың құнарлылығына орай егінжай, бау-бақшалар да көбейген үстіне көбейе берді. Краальдердің де арасы жиіледі. Бұл мекенжайлар түгелдей біз алғаш көрген краальдің үлгісімен салыныпты жəне барлығында да үлкен гарнизондар бар екен.
Кукуан елінде зұлыстар мен мазаилар тайпасындағыдай, қару ұстауға жарарлық еркек атаулы түгел жауынгер саналады. Сондықтан соғысқа аттаныс кезінде де, қорғаныс кезінде де, халық тайлы-таяғы қалмай тегіс қару асынады.
Жол үстінде бізді лек-легімен сап құрған мыңдаған жауынгерлер басып озды. Бұлардың бəрі де Лууда жыл сайын өткізілетін салтанатты шеруге асығып барады екен; шеру соңынан үлкен мереке болады дейді. Мен өмірімде мұншама көп, мұншама айбарлы əскер көрмеген едім.
Сапардың екінші күні кешке қарай жол үстіне, шағын төбешік басына аял жасадық. Міне, осы арадан біз көк желекке бөленген құнарлы өңірді жəне оның қақ ортасына орналасқан Луу қаласын көрдік.
Луу – бұрын көзіміз үйренген түземдік қалалармен салыстырғанда, өте үлкен шаһар екен. Менің шамалауымша, Кукуан астанасы іргелес салынған краальдермен қосып есептегенде аумағы бес мильдей жерді алып жатыр. Ал қаламен қосылып кеткен əлгі краальдарда үлкен мерекелер кезінде астанаға жиналған əскерлер орналасады екен.
Луудың солтүстік бетінде, қаладан екі мильдей жерде таға іспеттес иіліп біткен биік шоқы көрінді. Кейін біз бұл шоқымен жақсылап танысуға мəжбүр болдық.
Қала аса көрікті жерге орналасыпты. Біз Сау-ханша тауының беткейінде тұрып тамашалаған мол сулы үлкен өзен шаһарды қақ жарып өтеді екен, кенттің қарама-қарсы қабақтағы бөліктері əлденеше рет көпір арқылы өзара байланысып жатыр.
Алыста, бізден алпыс-жетпіс мильдей жерде теп-тегіс кең жазықта үшбұрыш іспеттес кейіпте орналасқан биік үш тау көрінеді. Басын ақ қар, көк мұз басқан, қия жартас, биік шыңды меңіреу сеңгірлер етегі жайпақ, беткейі түйетайлы, Сау-ханша тауына мүлде ұқсамайды.
Біздің бұл тауларға əуестене қарағанымызды аңдаған Инфадус:

  • Бұл тауды біздің ел «Үш сиқыршы» деп атайды. Даңғыл Жол сол таудың етегіне жеткенде бітеді, – деді.

  • Неге дəл сол арада бітеді? – деп сұрадым мен.

  • Кім білсін, – деді кəрі жауынгер иығын қиқаң еткізіп. Сəл бөгелді де, сөзін əрі қарай жалғастырды. – Бұл тауда үңгірден көп нəрсе жоқ.

Содан соң онда аумағы үлкен, түбі терең алып құдық бар. Баяғы заманның дана адамдары өздері осы өлкеден іздеп келген нəрселерін сол арадан табады екен. Осы таудың қойнауындағы «Ажал сарайына» біз өзіміздің корольдерімізді жерлейміз.

  • Ал бұл араға баяғының дана адамдары неменеге келіпті? – деп сұрадым мен оның сөзін асығыс бөліп.

  • Мен қайдан білейін, тақсыр. Көктегі жұлдыздардан жерге кеп түскен сіздердің өздеріңіз білуге тиіссіздер ғой мұны, – деді Инфадус өткір жанары жарқ ете бізге қарап.

Сірə, өзінге белгілі жайларды дабыралағысы келмейтін тəрізді.

  • Айтқаның айна-қатесіз рас, – дедім мен. – Біз жұлдыз тұрғындары, сіздер білмейтін көп нəрсеге қанықпыз. Мысалы, мен баяғы заманда жасаған дана адамдар ана тауға жалтыраған əдемі тастар мен сары темір іздеп барыпты деп естідім.

  • Əмірші ием – асқан кемеңгер жан, – деді Инфадус салқын үнмен. – Онымен салыстырғанда мен əлі ес білмейтін кішкене сəбидей ғанамын, сондықтан бұл тəрізді нəрселер төңірегінде əңгімелеуге ақылым жетпейді. Тақсыр, корольдің мекенжайына жеткен соң бұл туралы кəрі Гагуламен сөйлесуіңе болады, өйткені Гагула да өздерің тəрізді елден асқан дана.

Сөйдеді де, Инфадус бізді оңаша қалдырды. Сол сəтінде-ақ достарыма қарадым да, алыста өркештеніп тұрған тауға қарай қолымды создым:

  • Сүлеймен патшаның асыл тас қазған кеніші ана таудың бір жерінде. Менің сөзімді сэр Генри мен Гудтың қасында тұрған Омбопа да естіді. Соңғы кездерде оның үнемі ойға батып жүретінін, ұмытшақ, алаңғасар боп кеткенін аңдаған едім. Бізбен де өте сирек сөйлесуге айналған.

  • Иə, Макумазан, – деді ол маған қарап, зұлыс тілінде. – Асыл тастар анық сол арада. Оны қолдарыңа түсіретіндерің тағы анық. Өйткені

сіздер, ақ адамдар, ақша мен жылтыр тас дегенде жандарыңды үзесіңдер.

  • Ол тауларда асыл тас барын сен қайдан білесің? – дедім мен дік етіп. Оның мінезіндегі құпия өзгеріс күмəнымды қоздырған, ал үнемі тұспалдап сөйлеуі жыныма тие бастаған. Омбопа күлді:

  • Мен мұны бүгін түнде түсімде көрдім, о ақ адамдар! – деді ол. Сосын қалт бұрылды да, бізден аулаққа кетті.

  • Біздің қара түсті досымыз бұл сөзбен не айтқысы келді? – деді сэр Генри. – Өзі қандай пиғылда? Күмəн жоқ, ол бірдеңе біледі, бірақ онысын бізден жасыруды жөн көріп жүр. Айтпақшы, Куатермэн, соның өзі біздің қосшылардан менің... менің інім жөнінде ештеңе естіген жоқ па екен?

  • Өкінішке қарай, ештеңе естімепті. Осы уаққа дейін өзі достасып үлгерген адамдарының бəрінен сұрастырса керек. Бірақ бұрын бұл елде ешкім ешқандай ақ адамды көрген емес деген жауап алыпты.

  • Ініңіздің осы араға жетуі мүмкін деп қалай ғана ойлайсыз? – деді Гуд. – Біздің өзіміз өлмес себептердің арқасында ғайыптан келдік емес пе. Басқаны былай қойғанда, қолында карта жоқ, жүрер жолдың жобасын қайдан таппақ?

  • Білмеймін, – деді сэр Генри түнеріп. – Бірақ маған, əйтеуір, түптің түбінде інім табылатын сияқты көрінеді де тұрады.

Біз əңгімелесіп тұрған кезде ұясына қонған күн жайлап көкжиектен асып, көзден тасаланды. Əп-сəтте жер бетін қараңғылық бүркеді. Бұл бойлықта ақшам деген болмайды, сондықтан күндізгі жарықтың бірте- бірте алакөлеңке тартып барып, жайымен түнге ұласуы – бұл өлкеге жат құбылыс. Демі үзілген кісінің бойынан бірден жан кететіні тəрізді, күн батысымен-ақ меңіреу түн орнайды.
Күн көкжиектен асқан мезетте төңіректі көзге түртсе көргісіз қараңғылық жапқан еді. Бірақ бұл ұзаққа созылмады. Аздан соң батыс көкжиекте бозамық жарық пайда болды, содан соң жарқыраған ақ сəуле көрінді. Көп ұзамай күмістей жарқыраған, он бесінен толған
дөп-дөңгелек ай біз тұрған қырқа белді, алдымызда жатқан кең жазықты, бүкіл төңіректі тегіс сүттей аппақ, жан жадыратар майда нұрға бөледі.
Біз алдымыздан айқара ашылған сұлулыққа көзіміз тоймай, үнсіз, тілсіз қалыпта тебіреніп көп тұрдық. Асқақ көркімен аспанда жарқыраған сансыз жұлдыздардың бəрін басып кеткен, меңіреу, тұңғиық түнді тылсым сырға толтырған, жүрегімізді жаңаша соқтырған, көңілімізді күйге, арманға бөлеген күміс айдың сырлы сəулесін сипаттауға кімнің тілі жеткен.
Менің өмірім қиындық, күрес үстінде өтіп келеді, азапты да, михнатты да көп көрдім, бірақ жер бетінде өмір сүргенім үшін жаратушыға алғыс айтар рақат мезеттер де көп болды. Соның бірі – Кукуан елінде жаңа туып келе жатқан айды алғаш тамашалаған сəтім; бұл əсем сурет көр аузына барғанша есімнен кетпес.
Менің ойымды Инфадустың үлкен ізетпен айтқан сөзі бөлді.

  • Егер тақсыр иелерім дем алып болса, – деді ол, – жолға шығар едік. Əмірші иелерімді Лууда қабылдауға арнайы үй əзірленіп қойылыпты. Ай сүттей жарық, жүрсек, жол сорабынан жаңылмаймыз.

Біз аттануға келісім бердік. Бөгелмей сол сəтінде жүріп те кеттік. Арада бірер сағат өткенде Лууға да жетгік. Жақындап келгенде қала бізге бұрынғыдан да үлкен сияқтанды. Сырттағы күзетшілер жаққан мың сан от қоршауындағы шаһар бейне бір алаулы шеңберге бөленгендей көрінеді.
Ұзамай терең ор арқылы сыртқы дүниеден бөлінген бас дарбазаның алдына кеп тоқтадық. Іште қарулардың сылдыры естіледі.
Сақшылардың басшысы бірдеңе деп айғайлады. Инфадус паролін айтқан соң (нендей сөз екенін мен дұрыстап аңдай алмай қалдым) сақшылар сардарды танып, сəлем берісті. Қақпа ашылып, көпір түсірілді, біз шаһарға ендік.
Шалғын шөптен тоқылған сансыз лашықтарды жағалап, орталық көшенің бойымен жарты сағаттай жүрдік. Ақыры бізді бастаған Инфадус қиыршық тас төселген шағын ауланы қоршалай орналасқан бір топ лашыққа ертіп əкелді.
Аулаға кеп кірген соң Инфадус мына “жапырайған балағандардың” бізге арналған мекенжай екенін мəлімдеді.
Кісі басына жеке-жеке лашық əзірленіпті. Біз кеше түнеген лашықтан əлдеқайда жақсы. Əрқайсысының ішінде хош иісті шөптен жасалып, сыртынан иленген терімен қапталған, аса жайлы бір-бір төсек тұр.
Төсек жанына ішіне су толтырылған үлкен қыш құмыралар қойылған.
Біз келгенде кешкі ас əзір екен. Жуынып болар-болмаста бірнеше сұлу қыз ішке кіріп, бас ие еңкейіп, қошамет көрсетті де, алдымызға ағаш аяқтарға салынған қуырдақ, қарма етіп пісірілген жүгері нанын қойды.
Үлкен тəбетпен алдымыздағы асты сыпырып-сиырып жеп алдық. Содан соң бар төсек бір үйге көшірілсе екен деген тілек жасадық. Сақтық шарасы. Сүйкімді жас ледилер жымиып күлісті де, айтқанымызды орындады. Ұзақ жолдан сілеміз қата шаршаған екеміз, сол бетте төсекке құлай-құлай кеттік. Жастыққа басымыз тиер- тиместен тегіс ұйқыға енсек керек.
Оянсақ, күн көтеріліп қапты. Бізге күтушіге тағайындалған, жалған қылымсудан ада қызметші келіншектер лашық ішінде отыр екен.
Корольдің қабылдауына бару алдында біздің киініп, тарануымызға көмектесуге тиіс көрінеді.

  • Киінуге көмектеспек, – деді Гуд күңкілдеп. – Жалғыз жейде мен жалаң бəтеңкені киюге қанша уақыт керек. Тыңдаңызшы, Куатермэн, айтыңызшы мыналарға, менің шалбарымды əкеп берсінші.

Мен Гудтың тілегін орындадым. Бірақ бұл қасиетті киімдер қазір корольдің алдында тұр деген жауап алдым. Ал корольдің өзі бізді түске дейін қабылдамақ көрінеді.
Жас ледилердің бізге қарайламауын өтіндік те (бұл ісімізге олар қатты таңырқап əрі ренжіп қалды) барымызды кидік. Мүмкіндігінше жыртық-жамауымызды жасырып, сырт көзге тəуірірек боп көрінуге тырысқамыз.
Əрине, Гуд оң жақ бетін қырды, шыдамай сол жақ бетіндегі күйектей боп тұрған ұзын жарты сақалды да қырып тастағысы келіп еді, еркіне
жібермедік, үгіттеп, өйтіп-бүйтіп əрең көндірдік. Сэр Генри екеумізге келсек, біз жақсылап жуынып, тарандық та қойдық. Сэр Генридің ерапайсыз өсіп кеткен алтындай сап-сары шашы иығына түсе төгіліп тұр. Осының нəтижесінде оның түрі көне датқа бұрынғыдан əрмен ұқсай түсті. Ал менің үнемі келте алынып тікірейіп тұратын бурыл шашым, əдеттегіден екі есе артық ұзарған еді.
Таңертеңгі асымызды ішіп болысымен, баптанып отырып шылым шегіп алдық. Содан соң үстімізге Инфадус келді де, егер көңіліміз қаласа, король Тваланың бізді қабылдауға дайын екенін хабарлады. Біз корольге кейінірек, шаңқай түске таман барғымыз келеді дегенді айттық. Ұзақ жолдан шаршап қалыппыз дедік, біраз тынығуымыз қажет дедік, əйтеуір, толып жатқан үлкенді-кішілі сылтау таптық. Бұл жабайылармен істес болған кезде үнемі осындай мінез таныту қажет. Шақырған жеріне қолма-қол барсаң, айтқан сөзін бөгеліссіз орындасаң, өз құныңды өзің түсіресің, өйткені бұлар сенің сыпайыгершілігіңді қорқақтыққа, əлжуаздыққа балайды.
Сондықтан корольді көруге Тваланың өзінің бізді көруге құмартқанынан кем асықпасақ та, кездесу сəтін соза түстік.
Үйде тағы бірер сағаттай отырдық. Бірақ уақытты текке жібермей, өзіміздің болмашы дүниеміздің ішінен корольге лайық сый əзірледік. Сондағы бар тарту-таралғымыз Вентфогель сорлының винчестері мен болмашы моншақ еді. Винтовканы аз ғана оғымен ұлы мəртебелі корольге, ал моншақтарды оның əйелдері мен сарай қызметкерлеріне лайықтадық. Бұдан бұрын Инфадус пен Скрагга екеуі бізден осындай моншақтар алып, қуаныштары қойнына сыймай мəз болған еді; мұндай сəнді дүниелерді бұл елде бұрын-соңды ешкім көрмепті.
Ақыры біз қабылдауға баруға əзір екенімізді білдірдік. Басшымыз – Инфадус, қосшымыз – тарту-таралғылары-мызды көтеріп келе жатқан Омбопа.
Бірнеше жүз ярд жүрген соң дəл біздің лашықтарымыздың сыртындағыдай, бірақ одан елу-алпыс есе ұзын, шамасы, алты-жеті акр жерді қоралап жатқан шарбақ дуалға жеттік. Қоршау ішінде шарбақпен жапсарласа, қатар-қатар тізілген лашықтар көрінеді, бұл –
король əйелдерінің үйі екен. Бас дарбазаның алдында, кең алаңның қақ төрінде елден ерек еңселі үлкен лашық тұр. Ұлы мəртебелі тақсырдың король сарайы осы боп шықты. Ал алаңның өзі иін тіресе сапта тұрған мың сан əскерден көрінбейді.
Біз қасынан өткен шақта олар тас мүсіндей қақшиып, тілсіз, қимылсыз сіресе қалды. Бас киімдеріне қадалған қауырсындары желбіреп, найзаларының сүңгісі күнге жарқырап, буйвол терісімен қапталған темір қалқан асынып тұрған қара нөпір қолдың кескіні қаншалық айбарлы, қаншалық əсерлі екендігін тілмен айтып жеткізу қиын.
Алаңның ашық бөлігіндегі король сарайының алдында бірнеше сəкі тұр екен. Инфадустың нұсқауы бойынша соның үшеуіне үшеуіміз отырдық. Омбопа біздің желкемізде тұрды. Ал Инфадустың өзі король шығар есіктің алдына барды.
Бүкіл алаңды шыбынның ызыңы естілердей өлі тыныштық жайлаған. Ұлы мəртебелі тақсырды он минуттай күттік. Осы он минут уақыт бойы біздің үсті-басымызды, өне бойымызды сегіз мың адамның он алты мың көзі əуестене, тінте қараумен болды. Шынымды айтсам, хəліміз кісі сүйсінерліктей емес еді, бірақ біз өңменнен өткен мың сан көздің өзімізге мүлде қатысы жоқтай қалып таныттық.
Ақыры зəулім лашықтың үлкен есігі айқара ашылды да, сыртқа кердеңдей басып, иығына жолбарыс терісінен тігілген əдемі жақы жамылған алып денелі қара дəу шықты; оның соңынан Скрагга жəне бет терісі быжыр-тыжыр сірі боп, сүйегіне жабыса қатып қалған, тері шапанға оранған, маймыл тəрізді əлденендей махлұқат көрінді.
Қара дəу сəкілердің біріне кеп отырды да, Скрагга оның артына тұрды. Ал бет-аузы қатпар-қатпар маймыл төрт тағандап жорғалап, лашық шатырының етегінен түскен көлеңкеге барып жүрелей отырды.
Өлі тыныштық ауада əлі тұнып тұр.
Кенет қара дəу иығына желбегей жамылған жақысын сыпырып тастап, орнынан атып тұрды. Бұл жантүршігерлік көрініс еді. Алдымыздағы жүрек айнырлықтай қалың ерінді, танау тесіктері сəңірейген талпақ мұрынды, ашу мен ыза қайнаған жалғыз көзді, ал екінші соқыр көзі қап-қара боп үңірейіп тұрған, алып денелі құбыжық – жалмауыздың
нақ өзі тəрізді. Өмірімде мұншалық жиіркенішті, мұншалық зəрлі, мұншалық əщады пішінді адам көрген емеспін. Қара дəудің қауғадай басында түйеқұстың аппақ қауырсынынан жасалған айдар желбірейді, кеудесіне жарқ-жұрқ еткен аппақ көбе киген; беліне жəне оң жақ тізесіне ұшын салбыратып ақ буйволдың құйрығын орамыштап қойыпты. Мойнына алтын сымдардан есілген жуан шеңбер киген, ал маңдайында өңделмеген үлкен гауһар қоңырқай түспен алаулана жарқырайды. Қолына ұзын, ауыр найза ұстаған.
Біз сол мезетінде-ақ біле қойдық: бұл қорқынышты адам – король Твала екен.
Тыныштық келер сəтте ғана бұзылды. Король лып еткен шұғыл қимылмен қолындағы найзасын жоғары көтерді. Бұған жауап ретінде сегіз мың қол да өздерінің сегіз мың найзасын жоғары көтерді, сол сəтінде сегіз мың ауыздан шыққан құттықтау сөз естілді. “Куум!”, “Куум!”, “Куум!” деді жауынгерлер салтанатты сəлемді үш мəрте қайталап. Жер-дүниені жаңғырықтырған бұл айқайдың күшін тек күннің күркірімен ғана теңестіруге болатын шығар.

  • Құлдық ұрыңдар, о, пенделер! – деді шатыр көлеңкесіндегі маймыл отырған жерден шыққан шіңкілдеген дауыс. – Бұл – король!

– Бұл – король! – деді сегіз мың адам жаңғырықша қайталап. – Құлдық ұрыңдар, пенделер, бұл – король!
Алаңды тағы да өлі тыныштық жайлады.
Кенет тыныштықты бұза, алаңға жайылған қиыршық тасқа соғылысып, даңғыр еткен дауыс естілді. Сол жақ қанатта тұрған жауынгерлердің бірі аңдаусызда қолынан қалқанын түсіріп алған екен.
Твала өзінің жалғыз көзімен қалқаны жерге түскен жауынгер тұрған жаққа тесіле қарады.

  • Əй, бері кел! – деді күркіреген ызғарлы үнмен. Саптан сымбатты, жап-жас жігіт шықты да, корольдің

алдына кеп тұрды.

  • Қалқанын қолынан түсірген епетейсіз ит сенбісің? Жұлдыздардан келген жат жерлік адамдардың алдында менің абыройымды төккен мына сен бе? Бұлай етуге қалай ғана батылың барды?

Байғұс баланың өңі қаншалықты қара десек те, боп-боз боп кеткенін анық байқадық.

  • О, Қара Сиырдың Торпағы, – деді жас жауынгер тұтыға сыбырлап. – Кездейсоқ түсіріп алдым.

  • Енді осы кездейсоқ ісіңнің кінəсін қанмен ғана жууға тиіссің. Сен мені жұрт алдында ақымақ қылдың. Өлімге əзірлен!

  • Мен небары корольдің өгізімін, – деді байғұс бала баяу дауыспен.

  • Скрагга! – деді король гүж етіп. – Көрсет маған қару жұмсауға қаншалық машықтанғаныңды. Мына епетейсіз итті жер қаптыр.

Жүзінде ызалы мысқыл ойнаған Скрагга алға шықты да, найзасын жоғары көтерді. Бейшара бала қан-сөл жоқ, бетін қолымен басып, қимылсыз тұр. Ал біз болсақ, бойымызды үрей буып, қатып қалған едік.
Скрагга найзасын екі мəрте толғап алды да, жас жігітті көкіректен салып қалды; соққының қаттылығы сондай, найза кеудені тесіп өтіп, сорайып қос жауырынның ортасынан бір-ақ шықты. Табан астында жан тапсырған байғұс бала қолы ербең етіп, ұшып түсті. Сапта тұрған əскер арасынан алыстан шыққан күн күркірінің əлсіз жаңғырығындай гу еткен наразы үн естілді де, тына қалды.
Не болғанын аңдап үлгергеміз де жоқ, қанды трагедия қорқыныштан шындыққа айналды. Аяғымыздың астында бейшара жас жауынгердің қанға батқан өлігі жатыр. Сэр Генри ашу буып, орнынан атып тұрған еді, жұрттың бəрінің ұнжырғасын түсірген тыныштық оның да еңсесін басса керек, қайтадан орнына отырды.

  • Найзагер екенсің, – деді король жайыменен. – Өлікті алып кетіңдер! Саптан төрт адам шығып, жас жауынгердің өлі денесін көтеріп əкетті.

  • Қан ізін жасырыңдар, қан ізін жасырыңдар! – деді манағы маймыл іспеттес махлұқат шіңкілдеп. – Король айтты – үкім орындалды!

Лашық сыртынан қолына қыш құмыра ұстаған қыз шықты. Құмыраның іші толған құм екен, қалың етіп сеуіп, қанның бетін бүркеді.
Бойын ыза кернеген сэр Генри қалшылдап, өзін шаққа ұстап отыр. Жалынып-жалпайып əрең бастық.

  • Құдай үшін тыныш отырыңыз! – дедім мен оған сыбырлап. – Біздің бар өміріміз өзімізді қаншалық ақылмен ұстағанымызға, мінез- құлқымызға байланысты.

Шынында да солай екенін түсінген сэр Генри бойын билеп алды. Жаңа ғана болған трагедияның қанды ізіне құм себіліп жатқан шақта Твала үнсіз түнерген күйінде отыра берген. Алайда шаруасын тəмамдаған қыз өз жөнімен кеткен соң бөгелмей, бізге қарап сөйледі.

  • Ақ адамдар, қайдан келгендеріңді, не үшін келгендеріңді білмеймін, бірақ сəлемімді қабыл алыңдар!

  • Саған да сəлем, кукуандар королі Твала! – дедім мен.

  • Ақ адамдар, сендер қайдан келдіңіздер жəне біздің елден не іздеп жүрсіңдер?

  • Біз Кукуан жерін көру үшін жұлдыздардан түстік. Қалай түскенімізді сұрап əуреленбе.

  • Осындай кішкене ғана елді көру үшін соншама ұзақ жол жүріпсіңдер. Ал мына адам да жұлдыздан түсті ме? – деді сосын Омбопаны көрсетіп.

  • Иə, ол да жұлдыздан түсті, – дедім мен. – Көкте де сен өңдес адамдар бар. Бірақ, король Твала, түсінуге шамаң келмейтін нəрселер туралы бізден сұрама.

  • Жұлдыз адамдары, сендер, менімен өте батыл сөйлесіп тұрсыңдар, – деді Твала. Корольдің бұл сөздерді айтқан кездегі дауыс əуені маған онша ұнай қоймады.

  • Бірақ ұмытпаңдар, жұлдыздар алыста қалды, қазір жерде тұрсыңдар. Ал егер жаңа ғана денесін осы арадан алып кеткен адамға жасағанымды сендерге де жасасам, қайтесіңдер?

Онша күлкі қысып тұрмаса да, қарқ-қарқ күлдім.

  • О, король! – дедім сосын ызбармен. – Байқа! Аяғым бырысып күймесін десең, ыстық тастың үстінен жүрме, қолым қанға боялмасын десең, найзаны сүңгісінен емес, сабынан ұста. Егер менің, не менің достарымның бірінің бір тал шашын жел үрлесе, сен сол сəтінде ажал табасың! Əлде сенің адамдарың, – дедім мен сөзімді одан ары жалғап, Инфадус пен жаңағы байғұс баланың қанын сүртіп, найзасын тазалап жатқан сұмырай Скрагганы көрсетіп, – айтпады ма, біздің кім екенімізді? Өзің бұрын-соңды мынандай адамды көрдің бе? – дедім,

содан соң Гудты нұсқап. Əрине, бұл сөзді оның өмірінде мұндай адамды көрмегеніне, көруі мүмкін еместігіне сенгендіктен айттым.

  • Жоқ, сендердей адамдарды ешқашан көрген емеспін, – деді король.

  • Əлде нөкерлерің айтпады ма, біздің қу далада тұрып-ақ ажал себе алатынымызды?

  • Айтты, – деді король. – Бірақ мен оған сенбеймін. Соны қалай жасайтындарыңды өз көзіме көрсет. Анау жақта тұрған жауынгерлердің бірін өлтір, – король қарсы бетке нұсқады, – сонда ғана сенем.

  • Жоқ, – дедім мен. – Біз нақақтан-нақақ қан төкпейміз. Адамды сондай жазаға лайық қылмыс жасаса ғана өлтіреміз. Егер біздің күш- құдіретімізге анық көз жеткізгіңіз келсе, қызметшілерің краальға өгіз айдап əкелсін. Осы алаңмен жиырма қадам жер жүрместен жалпасынан түсірейік.

  • Жоқ, – деді король күліп. – Кісі өлтір. Кісі өлтірсең ғана сенем.

  • Жақсы, король! Мейлі, сенің айтқаның-ақ болсын, – дедім мен сабырмен. – Алаң арқылы крааль қақпасына қарай жүр. Сол қақпаға жетпей-ақ жер қабасың. Егер өзің барғың келмесе, ұлың Скрагганы жібер.

Шынымды айтайын, дəл осы сəтте жалғыз оқпен бұл сұмның жанын жаһаннамға жібергеннен артық лəззат жоқ еді мен үшін.
Бірақ менің сөздерімді естіген бетте Скрагга зəресі ұша бақырып, лашыққа қарай тұра қашты.
Твала маған тəкаппар кейіпте қарады да, қабағын шытты: ұсынысым көңіліне жақпағаны анық еді.

  • Бір өгізше айдап əкелсін, – деді содан соң қызметшілеріне. Екі қызметші бұйрықты орындау үшін аяғы аяғына жұқпай зыр жүгіріп ала жөнелді.

  • Енді, – дедім мен сэр Генриге қарап, – сіз атыңыз. Біздің ішіміздегі сиқыршы жалғыз мен емес екенімді көрсін мына қарақшы.

Сэр Генри бөгелместен қолына винтовканы алып, құлағын қайырды.

  • Мүлт кетпесем жарады, – деді содан соң жан-жағына қаранып, ауыр күрсініп.

  • Алғашқы жолы тимесе, қайтара атыңыз, – дедім мен. Межені жүз елу ярдқа қойып көздеңіз. Өгіз көлденең тұрғанда ғана атыңыз.

Тағы да тыныштық орнады.
Кенет крааль қақпасынан ішке еніп келе жатқан бұқа көрінді. Ішке желіп кіргенімен, алаң толы көп халықты көрген соң жұртқа мағынасыз көзбен үркектей қарап, тұра қалды. Содан соң қалт бұрылып, өкіріп жіберді.

  • Атыңыз, – дедім мен сыбыр етіп.

Құлақты жара тарс етіп атылған мылтық даусы естілді. Сол сəтінде-ақ бұқаның тыраң етіп құлағанын жұрттың бəрі көрді.
Жарылма оқ тура қара қабырғадан тиген екен, жануар аяқтары ербеңдеп, дір-дір етіп барып сұлық қалды. Айдалада тұрған бұқаның сеспей қатқанына куə болған жұрт əрі таңырқап əрі зəресі ұша тынып тұр.
Мен міз бақпаған күйде корольге қарадым.

  • Қалай, король, мен өтірік айтқан ба екем?

  • Жоқ, ақ адам, сенің айтқаның шын болды, – деді Твала, мына құдіретке табынған үрейлі үнмен.

  • Тыңда, Твала, – дедім мен сөзімді сабақтап. – Біздің кім екенімізді өз көзіңмен көрдің. Енді біліп қой, біз мұнда соғыс емес, бейбітшілік іздеп келдік. Қара! – Мен қолымдағы винчестерді жоғары көтердім. – Біз құсап сен де, осы қуыс түтікті таяқпен қаһарың түскен жанды өлтіре аласың. Тек есіңде болсын, мен мұны дуалап қойдым. Егер осы сиқырлы таяқты адам баласына қарсы жұмсамақ болсаң, сенің өзің өлесің. Тұра тұр! Мен саған тағы бірдеңе көрсетейін.

Жауынгерлеріңнің бірі бізден қырық қадам ары барсын да, қолындағы найзасын сүңгінің жалпақ бетін бері қаратып, сабынан жерге тігіп келсін.
Айтқан сөзім қас-қаққанша орындалды.

  • О, король, енді қара. Осы арада тұрып мен ана найзаны талқан етем.

Мұқият көздеп тұрып, атып қалдым. Қақ ортасынан тиген оқ сүңгіні шылпара қылды.
Алаң тағы да үрей мен таңдану аралас үнмен гу ете түсті.

  • Солай, Твала. Біз саған мына сиқырлы түтікті тарту етеміз. Мезгілді уағы болғанда оны қалай пайдалану керегін өзім үйретем, – дедім де, мылтықты корольге ұсындым. – Бірақ жұлдыз тұрғындарының сиқырлы қаруын жердегі адамдарға қарсы жұмсаудан сақтан! – дедім, винчестерді оның қолына беріп жатып.

Король біздің сыйымызды сақтықпен қолына алды да, ептеп қана аяғының астына қойды. Міне, дəл осы мезетте мен манағы маймыл іспеттес махлұқаттың көлеңкеден шығып, бері қарай жүргенін аңдадым. Махлұқат төрт аяқтап жорғалап, король отырған жерге келді. Содан соң бойын жазып, артқы екі аяғымен тұрды да, үстінен өне бойын жапқан тері шапанын сыпырып тастады.
Содан ғана білдім, бұл махлұқат – түрінен жан шошырлықтай албасты кейіпті адам, дəлірек айтсақ, қаусаған кəрі кемпір екен.
Бар терісі кəріліктен тыртыса кеуіп, сүйегіне жабыса қатып қалған. Аумағы алақандай ғана беті сап-сары; айқыш-ұйқыш терең əжімдерден көрінбейді. Еріннің белгісі де жоқ, аузы ішке қарай омырылып кеткен; қу сүйек үшкір иегі ауызға жапсарласа сорайып, алға шығып тұр. Мұрын деген атымен жоқ. Маңдайы жез сияқты, сап- сары боп жалтырап тұр. Егер аппақ қастың астынан адамның өңменінен өте қараған ақылды, үлкен қара көздері оттай жайнап тұрмаса, бұл кемпірдің беті күнге күйіп, кеуіп, тыртысып қалған өліктің бетінен айырғысыз болар еді. Ал бастың өзіне келсек, төбеде бір тал шаш көрінбейді. Сарғыш түсті быжыр-тыжыр тері кобраның күлəпарасының қабығындай, бір жазылып, бір жиырылып, жыбырлап түр.
Құбыжық кемпірдің түріне көзіміз түскен сəтте қорқыныш пен жиіркеніш сезімі бойымызды қатар билеп, еріксіз тітіркендік.
Кемпір бір сəт қимылсыз тұрды. Содан соң саусақтары ұзын, тырнақтары жыртқыш құстың тұяғындай боп сорайып өсіп кеткен, қу ағаштай қатқан тарамыс қолын оқыс жоғары созып, корольдің
иығынан ұстады да, жіңішке, ащы дауыспен айқайлай сөйлеп қоя берді.

  • О, король, тыңда мені! Үніме құлақ тігіңдер, о, жауынгерлер! О асқар тау, кең дала, шалқар өзен, бүкіл Кукуан Елі, сөзіме бақ! Тыңда мені, көк аспан мен жарық күн! Тыңда мені нөсер жауын, алапат дауыл, бұлыңғыр тұман! Тыңдаңдар мені еңбектеген бала, еңкейген кəрі, əйел, еркек, жігіт-желең, қыз-келіншек! Ана құрсағында жатқан сəби, көр қойнында жатқан аруақ, сендер де тыңдаңдар! О дүниеге кеткен өлілер, жер басып жүрген тірілер, тегіс естіңдер сөзімді. Тыңдаңдар!

Менің бойымда өмір рухы бар, сондықтан мен болашақ туралы айтам. Мен сəуегейлік жасаймын! Сəуегейлік жасаймын!
Соңғы сөздер əлсіз күңіреніп барып тынды. Тұрған жұрттың бəрінің бойын қорқыныш биледі. Біздің де бойымызды үрей буды. Шынында да бұл – жан шошырлық көрініс еді.

  • Қан! Қан! Қан! Дария боп аққан қан! Жер беті толы қан! – деді кемпір қайтадан күңіреніп. – Көзбен көріп тұрмын, иісін сезіп тұрмын, дəмін біліп тұрмын – ащы қан! Жер бетімен қызыл күрең тасқын боп ағады, көктен қызыл ала нөсер боп төгеді.

Дүңк! Дүңк! Дүңк! Бұл – ақ адамның аяқ басқан дыбысы. Алыстан келеді бұл ақ адам! Басқан ізінен жер солқылдайды оның! Жер, құдіретті, күшті жердің өзі иесінің алдында дірілдейді, тітірене шошиды!
Қызыл қан, алқызыл қан қандай жақсы! Жас қанның иісіне жетер не бар бұл жалғанда! Арылдаған арыстан обыға жалайды бұл қанды, шаңқылдаған жыртқыш құстар оған қанаттарын малшылап, шаттық əнін шырқайды!
Мен кəрімін! Кəрімін! Мен өз өмірімде талай рет қан көрдім. Көп қан көрдім. Ха! Ха! Ха! Бірақ өлгенге дейін бұрынғыдан да көп, бұрынғыдан да мол қан көрем. Дария боп толқыған қанды көргенде жүрегімді қуаныш, жүзімді шаттық билейді! Мені қанша жаста деп ойлайсыңдар? Мені сендердің əкелерің білетін, сендердің əкелеріңнің əкесі білетін, олардың əкесі, олардың əкелерінің əкесі тағы білетін.
Мен ақ адамды бұрын да көргем. Оның пиғылын білем. Мен кəрімін,
бірақ мына таулар менен де кəрі. Айтыңдаршы, қане, Даңғыл Жолды салған кім? Жартастағы бейнелерді сызған кім? Анау тауда, – кемпір біз кеше назар аударған қия жартасты биік үш шоқы жақты нұсқады, – құдықтың басында біздің елге қарап отырған үш Тұнжырды орнатқан кім? Сендер білмейсіңдер, мен білем! Сендер дүниеге келерден көп бұрын бұл жерде ақ адамдар болған. Олар тағы да келеді. Келеді де, бəрінді жалмап жейді. Өлесіңдер бəрің де! Құрисыңдар бəрің де! Иə! Иə! Иə!
Бұл ақ адамдар мұнда неге келді? Бұл Қаһарлы, Дана, Құдіретті адамдар, алғанынан қайтпайтын, күшке мығым, сиқырға жетік адамдар не іздеп келді?
О, король! Маңдайыңдағы сəнге таққан ана жалтылдаған тас қайдан шықты? О, король! Кеудеңе киген темір киімді кімдердің қолы жасады? Сен білмейсің, мен білем! Мен – Қария, мен – Дана, мен – дəулескер сиқыршы изанузи!
Содан соң ол жыртқыш құстың басына ұқсаған үшкіл иекті жұдырықтай басын біз жаққа бұрды.

  • О, жұлдыздан түскен... иə, иə, – жұлдыздан түскен ақ адамдар, неге келдіңдер мұнда? Жоғалған кісіні іздеп жүрмісіңдер? Бұл жақтан ол табылмайды. Біздің елде ол жоқ! Бағзы, бағзы заманнан бері біздің жерімізге ақ адам аттап басқан емес. Біреуі келіп еді, оның өзі өлім айдап кетіп қалған бұл өңірден. Сендер жалтыр тастар үшін келдіңдер. Қандарың құрғаған кезде табасыңдар ол тастарды. Бірақ келген жақтарыңа қайтасыңдар ма, əлде менің қасымда қаласыңдар ма? Ха!

Ха! Ха!
Ал сен, тəкаппар кейіпті, қоңыр өңді, мына сен, – кемпір өзінің қу сүйек саусақтарымен Омбопаны нұсқады, – кімсің? Не іздеп келдің? Əрине, жарқылдаған тас, жалтыраған сары темір емес саған керегі – мұның бəрін сен “жұлдыздан келген ақ адамдарға” тартасың. Мен сені білетін сияқтымын. Жүрегіңдегі қанның иісін сезетін сияқтымын.
Мучаңды сыпыр!
Кенет аузы-басы қисайып, езуінен ақ көбік ағып, қояншығы ұстады да, құбыжық кейіпті махлұқат бүктетіле құлап түсті.
Қызметшілер көтеріп алып, кемпірді лашыққа əкетті. Король дір-дір етіп орнынан тұрды да, қолын сілтеп қалды. Сапта тұрған жауынгерлер қатарларын бұзбастан рет-ретімен сыртқы қақпаға қарай беттеді.
Арада он минут өткенде қаңыраған, абажадай алаңда король, оның нөкерлері жəне біз ғана қалдық.

  • Ақ адамдар! – деді король. – Сендердің бəріңді де өлімге байлау қажет деп ойлаймын. Гагула таң қаларлық əрі қорқынышты сөздер айтты. Не дейсіңдер?

Мен күлдім.

  • О, король, сақ бол! Бізді өлтіре салу оп-оңай емес. Жаңа бұқаны не істегенімізді көрдің ғой. Қалайша сенің өзің де сол кепті кигің келеді?

Твала қабағын шытты.

  • Корольді қорқытпас болар, – деді ол түнеріңкі үнмен.

  • Біз қорқытпаймыз, шындықты айтамыз. О, король! Бізге қастандық жасап көр, күнің не болар екен!

Қара дəу қолын маңдайына тіреп, ойланып аз отырды.

  • Жүре беріңдер, – деді содан соң. – Бүгін кешке мерекелі зікір болады. Келіп көріңдер. Мен қапияда тиіседі деп қорықпай-ақ қойыңдар. Сендерді не істейтінім турасында ертең ойланам.

  • Жақсы, король, – дедім мен немқұрайды қалыпта. Орнымыздан тұрдық та, өзіміздің краалімізге қарай беттедік. Шығарып салу үшін Инфадус бізбен бірге жүрді.

Х тарау ДУАГЕРЛЕРДІ АУЛАУ


Лашығымызға жеткен кезде Инфадусқа ішке кір деген ишара жасадым.

  • Тыңда, Инфадус, – дедім мен үйге енген соң. – Біздің сенімен сөйлескіміз келеді.

  • Əмірші иелерім көңіліндегі сөзін айта берсін.

  • Инфадус, біздің байқауымызша, король Твала – мейірімсіз, қаражүрек адам сияқты.

  • Дəл солай, əмірші иелерім. Оның мейірімсіздігінен еліміз жаралы күйде жан даусы шығып жатыр. Бүгін түнде сендер өз көздеріңмен көп жайды көресіңдер. Бүгін – дуагерлерді аулайтын Ұлы саят түні. Көп адам ұсталып, өлімге кесіледі. Менің өмірім қатерден қағыс деп ешкім де айта алмаса керек. Егер король біреудің мал-мүлкін иеленгісі немесе өзіме теріс пиғылда, я бүлік көтермек деген сезікпен көзін жойғысы келсе, онда өздерің көрген Гагула немесе Гагуланың тəрбиесінен өткен басқа бір аңшы əйел иісін сезіп тұрмын, мынау адам

  • дуагер дейді, айтса – бітті, жаңағы адам сол арада өлтіріледі. Бүгін түнде айдың жүзі бозамықтанғанға дейін талай адам ажал табады.

Үнемі осылай болып келе жатыр. Бəлки, менің басыма да өлім төніп тұрған шығар. Күні бүгінге дейін пəле-қазадан аман келдім, өйткені соғыс ісіне жетіктігім бар, əскердің мені жақсы көретіні бар, бірақ енді қанша уақыт жан сақтап жүре алатынымды өзім де білмеймін. Халық король Тваланың қанды істерінен əбден запы болды. Ел оның табанының астында əл үстінде жатыр.

  • Онда, Инфадус, халық мұндай корольді неге тағынан құлатпайды?

  • О, жоқ, əміршім ием, корольдің аты король, оның үстіне, егер Твала өлсе, орнына Скрагга билік құрар еді, ал Скрагта өзінің əкесі Тваладан əрмен қаныпезер. Скрагга король болса, оның біздің мойнымызға кигізетін ажырғысы əкесі Твала кигізген ажырғыдан да ауыр болмақ, азабымыз арта түспек. Егер Имоту тірі қалса, егер оның ұлы Игнози қаза таппаса, бəрі басқаша болатын еді. Сорымызға қарай, бұл екеуі қазір тірілердің санатында жоқ.

  • Игнозидің өлгенін сен қайдан білесің? – деген дауыс естілді арт жағымыздан.

Бұл сөзді кім айтты екен деп таңырқап жалт қарастық. Омбопа боп шықты.

  • Не айтқың келеді, бала? – деді Инфадус. – Батылың барып сөзге араласуың қалай?

  • Тыңда, Инфадус, – деді Омбопа. – Алдымен менің əңгімемді естіп ал. Бұдан бірнеше жыл бұрын осы елде король Имоту өлтірілді, ал оның əйелі Игнози деген ұлымен бірге аман қашып құтылды. Солай ма?

  • Солай.

  • Осы əйел мен бала тау арасында жүріп өліпті деседі. Рас па осы?

  • Бұл да рас.

  • Жақсы. Шындығында бəрі керісінше болды, шешесі де, баласы Игнози да тірі қалды. Олар таудан асып, əлдебір көшпенді тайпамен ілесіп арғы беттегі қалың құмнан өтті де, оты мол, суы мол өлкеге жетті.

  • Сен мұны қайдан білесің?

  • Тыңда. Олар сол бетінде бөгелмей жүре берді, жүре берді, ақыры кукуандармен туыстас амазулу халқы мекендеген жерге барды. Осы халықтың арасында қалтақтап тіршілік етіп, біраз өмір сүрді.

Күндердің күнінде шешесі өлді. Ер жеткен Игнози елден ел кезіп жүріп, ғажайып сиқыр жайлаған өлкеге, ақ адамдардың арасына барып жетті. Ол елде əлденеше жыл тұрды, ақ адамдардың даналығын үйренді.

  • Айтып тұрғаның – таң қаларлық хикая, – деді Инфадус шүбəлі үнмен.

  • Игнози көп жыл бойы сол ақ адамдардың арасында тұрды, – деді Омбопа сөзін сабақтап. – Қызметші де болды, жауынгер де болды, бірақ туған елі туралы анасы айтқан əңгімелердің бəрін көкірегінің терең түкпірінде аялап сақтады. Ажал уақыты жеткенде өз еліне қайтып, туған халқын, əкесі тұрған үйді көру жолында не түрлі амал- айлалар ойластырды. Көп күтті ол, ақыры сəтті кезең туды, тағдыр оны осы белгісіз құпия елді іздеп тапқысы келетін ақ адамдармен табыстырды. Жоғалып кеткен кісіні іздеп сапарға шыққан ақ адамдар жүре берді, жүре берді. Бетпақ шөл, қайнаған ыстық құмды кесіп өтті, көкке тірелген биік, басы ақ қар көк мұзға бөленген суық тауды асып түсті, сөйтіп Кукуан Еліне жетті де, мына сенімен кездесті, о Инфадус.

  • Сөз жоқ, сенің ақыл-есің түзу емес, – деді естіген сөздеріне қатты таңырқаған қарт жауынгер. – Əйтпесе бұлай сөйлемес едің.

  • Бекер олай ойлайсың. Бері қара, көзіңді жеткізейін, о, менің əкемнің інісі. Кукуан Елінің заңды королі Игнози – менмін.

Солай деді де, Омбопа екі санның арасы арқылы белге буылған мата тізкиімін жұлып алып, біздің алдымызда тыр жалаңаш күйде қалды.

  • Бері қара. Білемісің, мынаның не екенін? – деді ол бөксені орай, теріге сіңіре көк бояумен салынған Ұлы Жыланның суретін көрсетіп. Иретілген құйрығы арандай ашылған ауызға енген бейнеде бүкіл денені орай шеңберленген жылан суретін көргенде Инфадустың көзі ұясынан шығып кете жаздады. Содан соң тізерлеп жерге құлай кетті.

– Куум! Куум! – деді ол құлдық ұра дауыстап. – Бұл – менің ағамның ұлы екен, король екен!

  • Əкемнің інісі-ау, мен де саған осыны айтпадым ба? Тұр орныңнан – мен əлі король емеспін, бірақ сенің арқаңда, өзімнің достарым – жаужүрек ақ адамдардың арқасында король болам. Кəрі Гагула дұрыс айтты – алдымен дария боп қан ағады; бұған қосарым – ет пен сүйектен жаратылған болса, бұл мыстанның өзінің де қаны төгілмек, өйткені соның орақ аузы, жел сөзінің əсерінен əкем қаза тапты, шешем қуғынға түсті, өзім жəбір-жапа шектім, жетімдік көрдім. Ал енді Инфадус, екінің бірін таңда. Тваламен бірге қаламысың, əлде менің жағыма шығып, білекке білек қосамысың? Қауіп-қатерді, барлық қиыншылықты менімен бірге бөлісіп, қанішер Тваланы түсіруге атсалысқың келе ме, жоқ па? Екінің бірін таңда.

Қария маңдайына қолын қойып, бір сəт ойланды. Содан соң орнынан тұрды да, Омбопаның, дəлірек айтсақ, Игнозидің алдына барып, жерге тізерлей отыра қалды.

  • Игнози, кукуан халқының заңды королі, мен сенің білегіңе білек қосуға əзірмін, – деді Игнозидің қолына қолын тигізіп жəне өле- өлгенше саған адал қызмет етем. Құртақандай сəби кезіңде сені өз қолыммен тербетіп ем, енді сол қолға, көпті көрген кəрі қолға қару алып, сен үшін, азаттық үшін айқасып бағам.

  • Жақсы айттың, Инфадус. Егер мен жеңіске жетсем, сен осы елде корольден соңғы ең басты адам боласың. Егер жеңілсем, небары басың ғана кетеді, ал сен онсыз да аз жасаған жоқсың, онсыз да ажалың жақын. Түрегел, менің əкемнің інісі. Ал, ақ адамдар, – деді Игнози енді бізге қарап, – сендер көмектесемісіңдер маған? Есесіне не ұсынады дейсіңдер ғой? Егер мен жеңіске жетсем, сосын əлгі жалтырақ

тастарды таба алсам, сендердің қолдарыңды қақпаймын, көтергендеріңше алыңдар. Бірақ қанағаттанамысыңдар осыған?
Мен Игнозидің сөзін аудардым.

  • Былай де, – деді сэр Генри, – оның ағылшындар туралы түсінігі қате. Байлық жақсы нəрсе, егер жолымызда алтын жатса, біз одан бас тартпаймыз, бірақ джентльмен ешқашан да дүние-мүлікке сатылмайды. Өз атымнан мынаны айтқым келеді. Омбопаны мен əу бастан жақсы көретінмін, өз басым оның ақ іс жолындағы күресіне атсалысуға əзірмін. Ана Твала диюмен есеп айырысу – мен үшін үлкен бақыт болар еді. Ал сіз не айтасыз, Гуд, сіз не дейсіз, Куатермэн?

  • Несі бар, – деді капитан, – бұл кісілер жақсы көретін əсіре қызыл тілмен асқақтата айтып беріңіз, төбелес деген жаман нəрсе емес, ұрыс- соғыс ер жігіттің жүрегін қашанда қуанышқа бөлемек. Сондықтан бар іс маған тіреліп тұрса, қам жемесін, мен қатерден бас тартпаймын, өз тарапымнан оған жалғыз-ақ шарт қоямын: шалбар киіп жүруіме рұқсат етсе екен.

Мен сэр Генри мен капитан Гудтың жауап сөздерін аударып бердім.

  • Рахмет, достарым, – деді Игнозиге айналған Омбопа.

  • Ал сен не айтасың, Макумазан? Жаралы буйволдан асқан дана, көпті көрген кəрі тарлан, сен де менімен бірге қаламысың?

Мен желкемді қасып, ойланып біраз тұрдым.

  • Омбопа, яғни Игнози, – дедім ақыры, – мен революция атаулыны жақсы көрмеймін. Мен бейбіт, тіпті сəл қорқақтау адаммын (бұл сөздің тұсында Игнози жымиып күлді) бірақ өзімнің достарыма адалдық сақтағым келеді. Сен бізге адал болдың, ауыр сапар үстінде нағыз ер адамға тəн мінез таныттың, сондықтан мен де сені қиындықта жалғыз қалдырмаймын. Бірақ жадыңа тұт, мен қарапайым аңшымын, еңбегіммен ғана күн көріп жүрген адаммын, сондықтан сенің асыл тастар туралы айтқан ұсынысыңды қабылдаймын, əрине, қазынаны қолға түсіру мүмкін болса. Содан соң, өзің де білесің, біз мұнда Инкубудің жоғалған інісін іздеп келдік. Соны табуға көмектесесің.

– Айтқандарың болсын, – деді Игнози. – Тыңда, Инфадус, – деді қарт жауынгерге қарап, сөзін одан ары сабақтап. – Денемді ораған қасиетті
жыланның атымен сұраймын, шыныңды айт: осы жерді əлдебір ақ адамның аяғы басты деп естіп көрдің бе?

  • Жоқ, о, Игнози.

  • Егер бұл өңірде əлдекім ақ адамды көрсе, немесе əлдекім ақ адам туралы естісе, бұл хабар саған да жетер ме еді?

  • Əрине, жетер еді.

  • Естимісің, Инкубу? – деді Игнози сэр Генриге қарап. – Ол бұл жерге келмеген.

  • Иə, иə, – деді сэр Генри ауыр күрсініп, – солай. Бұл жерге жете алмады ма деп ойлаймын. Бақытсыз Джордж!

Не керек, біздің бар еңбегіміз зая кетті. Бəрі де жаратушының еркінде!

  • Ал енді іс жайына көшейік, – дедім мен оның сөзін бөліп, қайғылы тақырыптағы əңгімені бұдан ары жалғастырғым келмей.

  • Əрине, Игнози, тəңір берген хақы бойынша король болған деген жақсы, бірақ сол хақыңды қалай жүзеге асырмақсың, қайтіп шын мəніндегі корольге айналмақсың?

  • Білмеймін, Инфадус, сенде əлдеқандай бір жоспар жоқ па?

  • Найзағайдан жаратылған Игнози, – деді қария, – бүгін түнде үлкен зікір жəне дуагерлерді аулау өткізіледі. Көп адамдар əшкереленіп, өлтіріледі, көп жұрттың көңіліне қайғы түнейді, көп жұрттың жүрегінде король Твалаға деген өшпенділік пен наразылық қалады. Зікір біткен кезде мен кейбір əскербасылармен келіссөз жүргізем, егер біздің жаққа шықса, олар өз кезегінде қоластындағы жауынгерлерімен тіл табысады. Əуелде мен əскербасылармен құпия сөйлесем де, сенің шын король екеніңе көзі жетуі үшін олардың бəрін осында алып келем. Менің шамалауымша, таң ата сенің қарауыңда жиырма мың жауынгер болады. Егер аман қалсақ, зікір біте салысымен осы арада қайта кездесіп, жақсылап кеңесейік. Біліп қой, істің сəті түскен жағдайдың өзінде бізді ауыр соғыс күтіп тұр.

Осы сəтте король елшілері келгендігін хабарлаған көтеріңкі дауыстар біздің кеңесімізді бөліп жіберді. Лашықтың есігіне барып, елшілерді ішке кіргізуге бұйрық бердік.
Бөгелместен ішке үш адам енді. Əрқайсысының қолында жалт-жұлт еткен бір-бір сауыт, бір-бір тамаша айбалта.

  • Менің əміршім – корольдің жұлдыздардан түскен ақ адамдарға арнаған тартуы! – деді оларды бастап келген сарай қызметшісі.

  • Корольге алғыс айтамыз, – дедім мен. – Бара беріңдер. Елшілер қайтып кетті.

Біз өзімізге тартылған жарақтарды қызыға қарауға кірістік.
Осыншама шеберлікпен тоқылған мұндай тамаша берен сауыттарды ешқашан көрмеген едік. Шығыршықтарының жіңішкелігі сонша, жинағанда сауыт қос алақанға сыйып кетердей ғана боп көрінді.

  • Инфадус, мұндай дүниені шынымен-ақ сіздің елде жасай ма? – деп сұрадым мен. – Қандай сұлу сауыт.

  • Жоқ, əмірші ием. Арғы аталарымыздан мұраға қалған нəрсе. Кімдер жасағанын біз білмейміз. Қазір мұндай сауыттар санаулы ғана, тек король нəсіліндегі адамдардың ғана киюге хақысы бар. Бұл сиқырланған себіл сауыттан ешбір найза өте алмайды. Мұны киген адамның басына соғыста көп қатер төне қоймайды. Король не əлденеге қатты риза болды, не əлденеден қатты қауіптенеді, əйтпесе бұл сауыттарды жібермес еді. Бүгін кешке киіп алыңдар, əмірші иелерім.

Күннің қалған уағын тыныш өткіздік. Дем алдық, қазіргі қатерлі хал- жағдайымыз туралы кеңестік. Шынын айту керек, мазасыздануға негіз бар еді.
Ақыры күн де батты. Жасауылдар жаққан мыңдаған от алаулады. Қараңғылықты жарып, құлағымызға сансыз аяқтың дүбірі естіледі, қарулардың соғысқан үні жетеді, бұл – ұлан-асыр зікірге дайындалу үшін өздеріне белгіленген орындарға қарай бара жатқан жасақтар.
Жарығы көздің жауын алып, он бесінен толған ай да туды. Біз айлы түн көркін тамашалап тұрған кезде Инфадус келді. Бар қару-жарағын асынып, мұздай киінген, қасында жиырма жауынгері бар. Бұлар – бізді зікір болатын алаңға бастап жүретін нөкерлер екен.
Инфадустың кеңесі бойынша, біз король жіберген сауыттарды киіп те алған едік.
Сауыт сыртынан өзіміздің күнделікті киімімізді кигеміз. Таң қаларлығы, сауыттар өте жеңіл боп шықты, əрі қимыл-қозғалысқа
бөгеті жоқ. Бұл болат берендер өз кезінде алып денелі адамдарға арналып соғылған болу керек, Гуд екеуміздің үстімізде көлкілдеп тұрды, бірақ еңгезердей сэр Генридің бойына құйып қойғандай қона кетті. Киім сыртынан белімізді буынып, белбеуге бір-бір тапанша қыстырып алдық. Король сауытпен бірге жіберген айбалтаны да белге байладық.
Таңертең өзімізді король қабылдаған краальге келдік. Ине шаншар жер жоқ, əскерге толып кетіпті. Жиырма мыңдай қол сапта тұр. Əр полк өз алдына қатар түзеген. Ал полктердің өзі отряд, отрядқа жіктелген.
Дуагерлерді іздеуші аңшылардың ілгерінді кейінді жүруіне арнап, отряд отрядты арасынан тар жол қалдырылыпты.
Мінсіз сап түзеп, қалт етпей тұрған, мұздай қаруланған мың сан əскердің түрі айдынды да айбарлы. Жауынгерлер міз бақпаған қалыптарында үнсіз тұр. Ақ сүттей төгілген ай сəулесі көкке шошайған сансыз найзаның болат сүңгісіне шағылысады, жауынгерлердің бастарындағы шашақты қауырсындарын, қолдарындағы əшекейлі ауыр қалқандарын нұрға бөлейді, олардың өздерінің еңгезердей алып тұлғасына бұрынғыдан да тұнжыраңқы кейіп береді.
Қай жаққа көз салсаңыз да найзалары көкке қарай шаншыла шошайған, жүздері түнерген қимылсыз, тілсіз əскер сапына көзіңіз түсер еді.

  • Əрине, бүкіл армия осы араға жинақталған болар? – деп сұрадым мен Инфадустан.

  • Жоқ, Макумазан, – деді Инфадус. – Бұл арада əскердің үштен бірі ғана тұр. Əдетте, жыл сайын мерекеге елдегі əскердің үштен бірі ғана қатысады. Ал үштің енді бір бөлігі далада, крааль сыртында тұр, бұл – қырғын басталған кезде бүлік шықпас үшін жасалған шара. Енді он мың жауынгер Луу төңірегіндегі қарауыл шептерінде гарнизон қызметін атқарады, ал қалған əскер бүкіл елдегі краальдарды күзетеді. Көріп тұрсың ғой, кукуандар – ұлы халық.

  • Бəрі де түнеріп қалған, – деді Гуд.

Шынында, осыншама көп адам жиналған жерде мұндай ауыр тыныштық кеудеден зіл басқандай, жаман əсер етіп тұр.

  • Бугван не дейді? – деп сұрады Инфадус. Мен Гудтың сөздерін аударып бердім.

  • Төбесінен Ажал көлеңкесі төнген адам түнермегенде қайтпек, – деді ол.

  • Көп адам қазаға ұшырай ма?

  • Өте көп.

  • Сірə, – дедім мен өзімнің серіктеріме қарап, – қаншама шығынға түсетініне қарамастан үнемі өткізіліп тұратын аса зор гладиатор ойындарына куə боламыз-ау.

Сэр Генридің денесі дір ете түсті, ал Гуд əлдебір сылтау тауып, бұл қызықты көрмей-ақ қойғанымыз жөн болар еді дегенді айтты.

  • Қалай ойлайсың, – дедім мен тағы да Инфадусқа қарап, – бізге қатер төніп тұрған жоқ па?

  • Білмеймін, əмірші ием. Сірə, олай емес шығар. Қайткенде де қорқыныш белгісін білдірмеңдер. Бұл түннен аман шықсаңдар, қалған шаруаның оңалып кетуі əбден ықтимал. Жауынгерлер корольге наразы.

Бұл əңгіме біз краальдің төріндегі бос алаңқайға қарай жүріп келе жатқан кезде болған еді. Өзімізге арналған орындықтар қойылған жерге жақындай бергенде король лашығы жақтан шыққан бір топ адамға көзіміз түсті.

  • Бұл – король Твала, оның ұлы Скрагга жəне кəрі Гагула, – деді Инфадус. – Ал аналар, – деді сосын корольдің соңынан еріп келе жатқан топты нұсқап, – жаналғыштар.

Жендеттер – түр-тұлғасы жан шошырлықтай қорқынышты, алып денелі он екі адам екен. Бір қолдарына найза, бір қолдарына ауыр кэрри (шоқпар) ұстаған.
Король қақ ортадағы сəкіге жайғасты. Гагула оның аяғының астына бүрісіп отыра қалды. Скрагга мен жендеттер корольдің артына кеп тұрды.

  • Сəлем сендерге, ақ адамдар! – деді біз тақаған кезде Твала дауыстап.

  • Орындарыңа отырыңдар, қымбат уақытты текке жібермейік, бүгін болмақ ұлы істердің бəрін атқарып шығу үшін көп уақыт керек, ал түн қысқа. Сендер сəтті сағатта келдіңдер, енді ұлан-асыр қызықтың куəсі

боласыңдар. Қараңдар, ақ əміршілер, жан-жақтарыңа қараңдар! Ол сапта тұрған полктерді бірінен соң бірін өзінің ызғар шашқан жалғыз көзімен шолып өтті. – Жұлдыздар сендерге осындай кереметті көрсете ала ма? Қараңдар, көңілінде қасастық, жүрегінде арамдық бар жандардың көктің кəрінен, адал жазадан жасқанып, қалт-құлт етіп дірілдеуіне қараңдар!

  • Бастаңдар! Бастаңдар! – деді Гагула өзінің жіңішке, ащы даусымен шіңкілдей айғайлап. – Шибөрілер ашығып қапты. Аш шибөрілер ұлып жатыр, тамақ сұрап жатыр! Бастар мезгіл жетті, мезгіл жетті!

Бір сəт ауыр тыныштық орнай қалды. Жақындап келе жатқан қорқынышты істің суық лебі есіп қоя бергендей.
Король өзінің найзасын көтерді, сол сəтінде жиырма мың аяқ бірдей жоғары көтерілді де, жерді солқ еткізіп, қайта төмен түсті. Осы қимыл үш мəрте қайталанды.
Содан соң əскер сапының алыс түкпірінен жеке дауыспен айтылған, термеге ұқсас əн естілді. Əн қайырмасы шамамен:

  • Екі аяқты пенденің дүниеден күтері немене? – деген мағына беретін.

Сол сəтінде осы қара нөпір боп тұрған топтағы жиырма мың адамның аузынан аһ ұра шыққан жауап естілді:

  • Өлім!

Бір отрядтан соң екінші отряд əнге қосыла берді, ақыры алаңда тұрған мың сан жауынгер тегіс күңірене шырқауға көшті. Сөздерін басынан аяғына дейін нақпа-нақ ажырата алмадым, бірақ бұл əнде адамның басына төнер қайғы, азап пен қызық, мұң мен қуаныш жайы айтылатынын анық ұқтым.
Кейде сырға толы махаббат күйі, кейде күңірене шыққан айбынды əскери əнұран ақыр аяғында қаралы жыр тəрізді боп естілген əн кенет көкіректі қарс айыра шыққан азалы əуенге ұласып, кілт үзілді.
Тағы бір сəт тылсым тыныштық орнады.
Кенет король қолын көтерді. Сол сəтінде топырлаған аяқ дыбысы естілді де, жауынгерлер сапының арасынан бітіс-бейнесі ерекше, түр- тұлғасы қорқынышты əлдебір махлұқаттар жүгіріп шығып, бізге қарай беттеді.
Жақындап келгенде көрдік, бұл келе жатқан – өңшең кəрі кемпірлер екен. Балықтың торсылдағы байланған аппақ бұрымдары желмен желбірейді. Беттерін сары жəне ақ сырмен жолақ-жолақ етіп əлеміштеп қойған. Иықтарына жылан терісін асып апты, ал белбеулеріне салпылдата байланған адамның жілік сүйектері саудыр- саудыр етеді. Əрқайсысы тарамыс қолына айыр басты кішкентай асатаяқ ұстаған.
Кемпірлердің ұзын саны он екен. Бізге жете бере қалт тұра қалысты. Сосын біреуі қолындағы асатаяғын өне бойы құрысқан Гагула жаққа нұсқап:

  • Ана, кəрі Ана! Біз келдік! – деді дауыстап.

  • Жөн! Жөн! Жөн! – деді көпшілік пайғамбары болып отырған қаусаған кəрі кемпір. – Изанузилер, қара түнекте күндізгідей көретін көздерің əлі қарақты ма, əлі қырағы ма?

  • Көзіміз қарақты, көзіміз қырағы, əз Ана.

  • Жөн! Жөн! Жөн! Ауыздан шығып үлгермеген сөзді ести білетін құлақтарың сақ па, изанузилер?

  • Құлағымыз сақ, əз Ана.

  • Жөн! Жөн! Жөн! Сезімдерің сергек пе, изанузилер, қан иісін жазбай тани аласындар ма? Корольге қастандық ойлаған, өзінің көршілеріне қастандық ойлаған қылмыскерлерден елді тазарта аламысындар?

Мына сендер, менің сырлы бидайымның дəмін татқан, сиқырлы бұлағымның суын ішкен сендер тəңір бұйырған адал жазаны жүзеге асыруға əзірмісіңдер?

  • Біз əзірміз, əз Ана!

  • Онда барыңдар! Бөгелмеңдер, қырандарым! Жаналғыштарға қараңдар, – Гагула біздің арт жағымызда түнеріп тұрған жендеттерді нұсқады. – Найзаларын қайрай берсін, шоқпарларын сайлай берсін. Алыстан келген ақ адамдар қызық көргісі келеді. Барыңдар!

Түрінен адам шошырлық кемпірлер жантүршігерлік айқайға басып, күлпарша боп сынған қауашақтың жарықшақтарындай быт-шыт боп, мыстанның бұйрығын орындау үшін жан-жаққа тұра жүгірді. Беліне байланған сүйектері саудырлап, мың сан адам сап түзеп тұрған шеңбердің тұс-тұсына бет алып барады.
Біз бұлардың бəрін бірдей бақылай алмадық. Тек біреуінің, өзімізге басқалардан гөрі жақынырақ жүрген изанузидің ғана қимыл-əрекетін қадағалап тұрмыз.
Кемпір жауынгерлерге бірнеше қадам қалғанда қалт тұра қалды да, алапат биге басты. Көз ілеспестей шырқ көбелек айналып, айқай салып жүр: “Иісін сездім зұлымның!” дейді. “Жақын жерде тұр ол! Өз анасын улаған сұм!”. “Корольге жамандық ойлаған қаскүнемнің кім екенін білдім!”
Уақыт өткен сайын зікір қыза түсті, əбден арқасы қозған Изанузи тістері шықырлап, екі езуінен ақ көбік ақтарыла ағып, жақтарын қайшылап, көздері ұясынан шыға ойнақтап, бар денесі қалш-қалш етіп, адам көргісіз кейіпке енді.
Кенет биші оқыс бөгелді де, із кескен аңшы иттей бұқпантайлап тұра қалды. Содан соң асатаяғын алға қарай созып, ұрлана басып, сапта тұрған жауынгерлерге жақындай берді.
Изанузи сапқа жақындаған сайын манадан бері міз бақпай тұрған жауынгерлердің құты қаша бастағанын, олардың жартасқа соғылған толқындай лықси кейін серпілгенін аңдадым. Ал біздің өзіміз жүрегіміз тас төбемізге шыға мелшиіп тұрмыз.
Ақыры, Изанузи бірде еңбектеп, бірде төрт тағандай жылжып, жауынгерлердің алдына жетті де, аң көрген итше сəл бөгелді. Содан соң тағы да екі қадам алға басты.
Іс аяғы шұғыл болды. Орнынан айқайлай атып тұрған кемпір өзінің айыр асатаяғымен ұзын бойлы, еңгезердей жауынгерді түртіп көрсетті. Сол мезетте-ақ қасында тұрған екі жолдасы əлгі жауынгерді екі қолынан ұстап, корольге қарай алып жүрді.
Жауынгер ешқандай қарсылық жасамады. Найзасы қолынан түсіп кетті. Бейнебір ағаш боп қалғандай, аяғын əрең басып келе жатыр, қолы өліктің қолындай жансыз салбырап кеткен.
Межелі жерге жете бергенде, жендеттер тобынан екі адам шықты. Құрбандығының қасына барған соң екеуі жарлық күткен адамдай, корольге қарап тұра қалды.

  • Өлсін! – деді король ызалы үнмен.

  • Өлсін! – деді Гагула шіңкілдеп.

  • Өлсін! – деді масаттана жымиған Скрагга алдыңғы сөздерді жаңғырықша қайталап.

Бұл сөз айтылар-айтылмастан қорқынышты іс жүзеге асырылып та қойды. Жендеттердің бірі қолындағы найзасын құрбандықтың қақ жүрегіне бойлата сұқты, ал екіншісі зілдей шоқпармен бір салып, онсыз да кеудесінен жаны шыққан сорлының бас сүйегін қақ айырды.

  • Біреу! – деді Твала.

Жендеттер өлі денені анадай жерге сүйреп апарып, лақтырып тастады. Алғашқы құрбандықтың көзі жойылар-жойылмастан, бейне қасапханаға бұйдаланып əкелінген бұқадай жетектеп, екінші бір сорлыны алып келді. Үстіне жамылған қабылан жақысына қарап, біз бұл кісінің мансабы зор, белгілі адам екенін аңдадық.
Сол сəтінде тағы да қорқынышты үкім естілді, қабылан жақылы кісі бұ дүниеден аттанып кете барды.

  • Екі, – деді Твала.

Қанды қырғын жалғаса берді. Ұзамай-ақ біздің арт жағымызға қатар- қатар тізіліп қойылған өліктердің саны жүзден асты.
Мен Римде болған гладиаторлар соғысы, Испанияда өткізілетін бұқамен сайыс туралы көп естідім, бірақ қорқыныштылығы жағынан бұлар Кукуанстандағы дуагерлер аулау салтының ширегінен де келмейді деп нық сеніммен айта алам. Қайткенде де гладиаторлар соғысы мен бұқа сайысы көрермендер үшін ойын іспеттес қой. Ал мынау ше? Тіпті өліммен ойнауды ермек еткен жаужүрек адамдар да бұл төңіректен аулақ жүруге тырысар еді, өйткені “келесі нөмірде” дəл өзінің ортаға шықпасына кім кепіл.
Бір жолы шыдай алмай орнымыздан тұрып, қарсылық білдірмек те болдық, алайда Твала бізді тыйып тастады.

  • Адал үкім орындалсын, ақ адамдар, – деді ол. – Бұл иттер тегіс қылмысты дуагерлер, олардың ажал табуы əділ де орынды.

Корольдің бар айтқан сөзі осы-ақ болды.
Сағат он жарым шамасында үзіліс жасалды. Дуагерлерді аулаушы изанузи кемпірлер бір жерге жиылды. Біз бұлар өздерінің қанды жұмысынан шаршаған шығар, ойын осымен біткен болар деп ойлағамыз. Бірақ олай болмады.
Кенет біздің бəрімізді таң қалдырып, кəрі Гагула өзінің манадан бері бүрісіп отырған орнынан тұрды. Таяққа сүйене сүйретіліп, біз отырған ашық алаңға шықты. Кəріліктен екі бүктеліп кеткен құзғын басты сұмпайы мыстанның түр-тұлғасы адам жиіркенерліктей. Бірте-бірте жыны қозып, манағы сұмпайы шəкірттерінен əрмен шырқ көбелек айнала билеп, зікір ойнай бастаған кезде ол мүлде жаншошырлық кейіпке түсті.
Аласұра билеп, ызыңдап əлдебір əнге басып, ілгерінді-кейінді шауып жүр.
Кенет Гагула саптағы полктердің бірінің басында тұрған адамға қарай тұра ұмтылды. Əскербасыға асатаяқтың ұшы тиген сəтте оның қарауындағы жауынгерлер бір ауыздан ыңырана күрсінгендей болды. Əйткенмен ешкім қарсылық көрсеткен жоқ, екі адам құрбандықты ортаға алып, ажал орнына қарай жетелей жөнелген.
Кейін білдік, бұл – ел ішінде беделді əрі жұрттан асқан бай адам екен, корольдің өзінің немере інісі боп шықты.
Бұл кісі де өлтірілген соң король ұзын саны қанша адам жазаға тартылғанын əйгіледі: жүз үш адам құрбанға шалыныпты.
Бұдан соң Гагула ілгерінді-кейінді секектеп, қайтадан билей жөнелді. Бірте-бірте бізге қарай жақындай берді.

  • Дарға асылып өлейін, осы бар өнерін бізге көрсеткелі келе жатыр! – деді Гуд үрейлі үнмен.

  • Бос сөз! – деді сэр Генри.

Ал менің өзіме келсек, шынымды айтайын, кəрі мыстан шайтан биге басып, зікір ойнап бері қарай жақындаған сайын зəрем ұша түсті.
Жүрегім тас төбеме шықты десем артық емес. Миы шашырап, қанға бөгіп, қатар-қатар боп қимылсыз жатқан өліктерге көзім түскенде буын-буыным қалтырап қоя берді.
Гагула зікір салған беті бізге бұрынғыдан əрмен жақындай түсті. Қу ағаштың тіріліп кеткен қисық бұтағы тəрізді. Көзі диюдың көзіндей, от шаша жалтылдайды.
Гагула бізге жақындай берді, жақындай берді.
Мың сан адам оның əрбір қимылын бағып, үрей үстінде меңірейіп тұр. Ақыры кəрі мыстан біздің қарсы алдымызға келіп, қалшиып тұра қалды.

  • Қайсымыз болдық? – деді сэр Генри өзімен-өзі сөйлескендей күбір етіп.

Келер сəтте ешқандай күмəн қалмады – кемпір лып еткен қозғалыспен Омбопа, яғни Игнозидің иығынан түртті.

  • Сездім, білдім, – деді кəрі мыстан қалш-қалш етіп. – Өлтіріңдер, жер қаптырыңдар тез – оның өне бойы толған зұлымдық. Өлтіріңдер мына

бейтаныс адамды, əйтпесе бұл үшін сел дария боп қан ақпақ. О, король, өлтір оны!
Бір сəт тыныштық орнады. Мен жағдайды пайдаланып қалдым.
– О, король! – дедім орнымнан атып тұра айғайлап. – Бұл адам – сенің меймандарыңның қызметшісі, сенің қонақтарыңның соңынан ертіп келген иті. Итіміздің қаны төгілсе, біздің де қанымыз төгілгені.
Меймандостықтың қасиетті рəсімі бойынша сұраймын сенен: қорға біздің қызметшімізді.

  • Бақсылардың анасы Гагула оның кім екенін сезді, – деді Твала түнеріңкі үнмен. – Ол өлуге тиіс, ақ адамдар!

  • Жоқ, ол өлмейді, – дедім мен. – Ол емес, оған тиісуге батылы барған адам өледі.

  • Ұстаңдар ана кісіні! – деді Твала күркіреп өзінің қасында, əрқайсысы ондаған жазықсыз жанның қанын арқалап түнеріп тұрған жендеттеріне.

Олар бізге қарай жүре берді де, батылдары бармай бөгеліп қалды.
Ал Игнози оңайшылықпен беріспейтін сыңаймен найзасын жоғары көтерген.

  • Қайт кейін, өңшең ит! – дедім мен айғайлап. – Егер ертеңгі күнді көргілерің келсе, қайтыңдар кейін! Маңына жуып байқаңдаршы, сол сəтінде корольдерің жалпасынан түссін!

Осылай дедім де, Твалаға тапаншамды кезендім.
Сэр Генри мен Гуд те тапаншаларына жармасты. Сэр Генри үкімді жүзеге асырғысы келіп, бір қадам алға басқан бас жендетке кезенді. Ал Гуд Гагуланы нысанаға алды.
Менің тапаншам даладай кең кеудесіне тұп-тура бағытталып тұра қалғанда Твала дір ете түскен еді.

  • Ал, – дедім мен, – енді не айтасың, Твала? Сонда ғана тіл қатуға шамасы келді.

  • Сиқырлы түтіктеріңді əрі тартыңдар, – деді ол. – Сендер маған меймандостық жөнімен өтініш айттыңдар, сондықтан да оған кеңшілік

жасаймын. Естеріңде болсын, сендердің құдірет-күштеріңнен қорыққандықтан емес. Төрт көздерің түгел қалпында қала беріңдер.

  • Жақсы, – дедім мен сабырмен. – Біз қан төгіске қарағаннан шаршадық. Енді дем алғымыз келеді. Зікір бітті ме?

– Бітті, – деді Твала түнеріп. – Мынау иттер, – қатарласа созылып жатқан өліктерді көрсетті, – ши-бөрілер мен құзғын қарғаларға жемге тасталсын. – Сөйдеді де, найзасын жоғары көтерді.
Сол-ақ екен, сапта тұрған полктер тұнжыраған үн-түнсіз қалпында бірінен соң бірі крааль қақпасына қарай беттеді. Іште, – сірə, бүгінгі түннің бейшара құрбандарының мəйіттерін шығарып тастау міндеттелген болса керек, – бір-ақ отряд жауынгер қалды.
Осыдан соң біз де орнымыздан тұрып, ұлы мəртебелі тақсырмен қоштастық та (король біздің қоштасу сөздерімізді жүрдім-бардым, сүлесоқ тыңдады) өзіміздің краалімізге қарай беттедік.
Лашыққа кірген бетте кукуандар пайдаланатын шырағданымызды жақтық. Бұл шырағданның білтесі құрма жапырағының бір түрінен жасалған, ал жер май орнына шыжғырып алынған гиппопотам майы қолданылады.

  • Сендерді білмеймін, – деді сэр Генри біз орнымызға отырған соң, – менің жүрегім лоблып тұр.

  • Егер менің көңілімде бұрын Омбопаның мына жексұрын дию-періге қарсы бүлік жасауына көмектесу керек пе, жоқ па деген аз-маз күмəн болса, қазір соның өзінің жұқанасы қалмады, – деді Гуд. – Қасап қырғын жүріп жатқан кезде орнымда əрең шыдап отырдым. Көзімді жұмып, не боп жатқанын көрмеуге тырыстым, бірақ көрмей тағы отыра алмадым. Дəл қазір Инфадус қайда болды екен, а? Омбопа, достым, сен бізге рахмет айтуға тиіссің, ит-құсқа жем болуға шақ қана қалдың.

Мен Гудтың сөздерін Омбопаға аударып бердім.

  • Мен сендерге алғыс айтам, – деді Омбопа. – Бұл жақсылықтарыңды ешқашан ұмытпаспын. Ал Инфадус қазір келеді. Күтейік.

Біз қалияндарымызды тұтатып, шылым тарта отырып, Инфадусты күтуте кірістік.



  1. тарау

Download 431,78 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish