“Young Scientist”
. # 7 (297)
. February 2020
337
Young scientist Kazakhstan
кезеңде оқу-әдістемелік құралдар мен журналдағы тексеру жұ-
мыстарының үлгілері көмектеседі [3].
Жалпы алғанда, жаңа критериалды бағалау жүйесі үздік
қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіреді және
білім беру сапасын арттырудағы нақты артықшылықтарға қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Дұрыс қойылған басымдық пен
анық критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі:
– оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және анық
бағалауға жетуіге;
– оқу, оқыту және бағалауды жетілдіру мен интегра-
циялауға бағытталған бағалау жүйесін жүзеге асыру меха-
низмдерінің реттілігін қалыптастыруға;
– бағалау құралдарын құрастыруға, оның ішінде жоғары
деңгей дағдыларының қалыптасқанын тексеру үшін;
– оқудың жеке траекториясын бақылау арқылы оқушы-
лардың тұлғалық дамуына оң әсер етуге (оқуға деген ынтасын,
өзін-өзі реттеуін, жауапкершілігін, бірлесе жұмыс жасауын арт-
тыру);
– тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпа-
раттық негізді ұсынуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында
ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне,
оқушы бойында қажетті 4 дағдыны, яғни, тыңдалым, айтылым,
жазылым және оқылымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі таңда ауызша және жазбаша әдістерінен басқа оқыту
сапасын арттыруда әртүрлі ойын әдістері қолданылады. Оларға:
«Бір сөйлеммен түйіндеу»,«Графикалық органайзерлер», «Да-
рабоз», «Динамикалық шеңбер», «Домино», «Еркін жазу»,
«Жаңалық ашамыз», «Күтіңіз және түйіндеңіз»,«Қатені тап»,
«Құпиясы жоқ қабырға»,«Минуттық шешім», «Ой күмбезі»,
«Парасатты диалог», «Пікірлер базары» «Маңыздылық ай-
мағы»,«Хикая картасы», «Стоп кадр», «Сиқырлы ұяшық»,
«Кейс-стади» және тағы басқаларын жатқызуымызға болады [4].
Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылған әдістерді
пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін
еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға үйретеді, оқушыларға
мүмкіндік жасалынады және мұғалімнің сәтті таңдалған бір-
неше бақылау әдістері арқылы оқушылардың білімдерін объек-
тивті бағалауға, белгілі бір уақыт аралығындағы атқарылған іс
пен алған білімдерді бақылауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. —А.: 2007.
2. Білім мен ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; Астана, 2016ж.
3. «Оқушылардың оқу жетістіктерін критералды бағалау жүйесінің әдіснамасы» «НЗМ»; Педагогикалық өлшеулер орта-
лығы; Оқу-әдістемелік құрал Астана, 2017ж
4. Мұхамбетжанова с. Т., Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008.
Do'stlaringiz bilan baham: