Moluch 297 c indd


Молодой ученый Қазақстан



Download 5,79 Mb.
Pdf ko'rish
bet85/89
Sana23.02.2022
Hajmi5,79 Mb.
#133738
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Bog'liq
moluch 297 ch5 fGo9dpT

350
Молодой ученый Қазақстан
дыртады. Сегізбай бидің ауылында молда болмаған соң ағай-
ындардың бұл ұсынысын Әбжәли қабыл алады да Қорғаншыға 
көшіп келіп, бала оқыта бастайды. Алғашқы жылдары Әбжәли 
ишан қамыстан тұрғызылып, іші-сырты сыланған мешітте 
дәріс жүргізеді. 1929 жылы Әбжәли ишан мешіті мемлекет қа-
зынасына алынады [5, 4 б.].
Мешіт жоспары төртбұрышты, күмбезді. Жалпы өлшем-
дері 11,90х8,30 м, биіктігі 6,5 м, кіре-беріс бөлмеден, михрабы 
бар намаз оқу залынан және осы зал арқылы кіретін шағын 
бөлмеден тұрады. Кіре-беріс бөлменің жоспары төртбұрышты, 
бір терезесі бар. Әбжали ишан мешіті туралы тарихи де-
ректер 2005 жылы авторлары Ж. А. Жонтаева мен Ш. Әбдіба-
евтың «Сыр елінің мәдени мұралары» атты еңбегінде, 2010 
жылы Қызылорда облысының мәдениет басқармасының ар-
найы тапсырысымен жарық көрген авторлары Қ. Құдайбер-
генов, Ж. Сыдықова, С. Біләлов, Н. Мыңжасовтың «Сыр елінің 
тарихи-мәдени мұралары» атты еңбегінің 3 томында жарық 
көрді. 2014 жылы Т. Дайрабай мен М. Ахметовтың «Сыр елін-
дегі ескерткіштер — Памятники низовья Сырдарьи» атты еңбе-
гінде жарияланды [5, 282 б.].
Туған халқы үшін еңбек еткен Әбжәли ишан өкіметке деген 
теріс әрекеті, ешбір қылмысы болмаса да 1934 жылға дейін бір 
мәрте, 1934 жылы екінші рет (неше жыл қамауда отырғандығы 
белгісіз қамауға алынып, көптеген қиыншылықтарды басынан 
өткереді. Әбжәли ишан үшінші рет 1937 жылдың маусым ай-
ында қамауға алынады. Бұл туралы Әбжәли ишанның за-
йыбы Досқызы Қатира (1904–1972 жж.) өз естелігінде: «Қауын 
қызғалдақтап тұрған кез, салт атты үш НКВД қызметкер-
лері келіп: — Әбеке, біз тағы да келдік. Бізбен бірге жүріңіз, — 
деді. Қожайыным: — Жарайды. Мен, қамаудан қорықпаймын 
және ешқайда да қашпаймын. Отбасыммен қоштасуға мұрсат 
беріңіздер, — деді де, бесікте жатқан Сәруфаны көтеріп алып, 
бетінен сүйіп, иіскеп, одан соң менің маңдайымнан сүйіп 
тұрып, — Иншалла, келсем он сегіз жыл өткен соң келермін, 
келмесем қырық жылдан соң ақыретте кездесерміз, — деп, әл-
гілердің жетегінде кете барды. Әбжали ишан содан қайта орал-
маған [6, 3 б.].
Айқожа ишан 1773 жылы Жаңақорған өңірінде дүниеге 
келген. Есейгенде Ташкент, Бұхара шаһарларына барып медре-
селік білім алады. Бұдан кейін Ауғанстандағы атақты ғұлама, 
қара суды теріс ағызатын Ислам шахқа барып, оның қолында 
төрт жылдай Құлболды, Марал, Қосым ишандармен бірге 
оқып, жоғары білім алады. Айқожа ишан Темірұлының зерек-
тігі және білімдарлығымен қоса оның бойында адам сезе бер-
мейтін бір тылсым күштің барын ұстазы Ислам шайх оқып 
жүргенде білген [2, 301 б.]. Ел аузындағы аңыз әңгімелерде Ай-
қожа мектеп, медресе ашып, ағартушылық қызметін халыққа 
дарытқан деседі. Айқожа ишан кесенесінің күмбезі — ХҮІІІ–ХІХ 
ғғ. жататын сәулет өнерінің ескерткіші. Бесарық станциясының 
оңтүстігінде орналасқан күмбезді ишан қабірінің басына үлкен 
ұлы Ибадулла бұхарадан келген Хамит есімді шеберге орнатты-
рады. Айқожа бабамыз халыққа білім беріп қана қоймай иман-
дылыққа тәрбиелеген [7, 289 б.].

Download 5,79 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish