Лекция. Тақырыбы: Мәліметтер қоры туралы түсінік. Мәліметтер қоры концепциясы Лекция мақсаты



Download 141,55 Kb.
bet2/4
Sana23.02.2022
Hajmi141,55 Kb.
#151236
TuriЛекция
1   2   3   4
Bog'liq
532654531.lekciya.01-02-2021

Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар туралы мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайындап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өндіріс орындарында, баспа, кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойынша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т.б. жүйелер үшін тиімді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметтерінде, жоба жасау, типографиялық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды.
Microsoft Access - бұл мәліметтер қорын басқару жүйелерінің құрамына енетін және Microsoft Office XP пакеті өнімдерінің бірі болып табылатын бағдарлама. Бұл Access бағдарламасы мәліметтер қорының кестелеріне мәліметтерді енгізуді, оларды сақтауды және тасымалдауды, сонымен бірге осы ақпараттың жиынтығынан маңызды бизнес - шешімдер қабылдау үшін қажетті мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.
MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Сонымен мәліметтер қорының терезесі алты батырмадан тұрады.
Олар: кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, макростар және модулдер. Бұлар қордың жалпы файлында сақталатын жеке обьектілер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). Мәліметтер қорының барлық обьектілері (мәліметтер қорында 32768 обьектке дейін бола алады), яғни кестелер, сұраныстар және есептер, жалпы бір файлда, мәліметтер қорының файлында .mdb тіркеуімен сақталады.
1. Кесте. Кесте деректер қорының негізі болып табылады. Бұл нақты тақырыпл бойынша мәліметтер жиынтығы. Кестенің мәліметтері жеке өрістерден (бағандардан) тұратын жазбаларда (жолдарда) сақталады. Ms Access мәліметтер қорындағы барлық мәліметтер кесте түрінде сақталады.
2. Формалар. Формалар мәліметтер қорындағы кестелердің жекелеген жазбаларымен жұмыс істеу үшін қолданылады. Форманың көмегімен кестеге ақпараттарды енгізуге, редакциялауға және өшіруге, сонымен бірге мәліметтерге енуді шектеуге және тек оларды көру режимінде бейнелеуге болады. Формалар - форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.
3. Сұраныстар. Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді алуға болады. Мәліметтер қорының кестелерінен белгілі бір шартқа (критерийге) сәйкес келетін мәліметтерді бөліп алу мүмкіндігін беретін қуатты мәліметтерді басқару құралы. Сұраныстардың көмегімен бір немесе бірнеше кестедегі жазбаларды жаңарту немесе өшіру процесін автоматтандыруға, сонымен бірге кестеде сақталатын мәндерге негізделген есептеулер орындауға болады.
4. Есептер. Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз. “Баспаға беру” сөзімен тығыз байланысты, себебі олардың негізгі міндеті – мәліметтерді электронды формадан, өзгермейтін соңғы қағаз түріндегі өнімге түрлендіру болып табылады. Access есептерін генерациялау құралдары нәтижелік есептеулердің мәнін және форматталған мәліметтерді ұтымды түрде, сонымен бірге графиктер және диаграмма түрінде баспаға шығару мүмкіндігін береді.
5. Мәліметтерге ену мүмкіндігін беретін беттер. Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады. Microsoft Access мәліметтер қорында сақталатын мәліметтерге ену үшін “интерфейс” ролін HTML-беттері атқарады. Мұндай беттермен Internet немесе intranet арқылы қарым-қатынас жасай отырып кестелерді көруге және ақпарат енгізуге, сонымен бірге есептерді генерациялауға болады.
6. Макрос. Мәліметтер қорының нақты бір амалының орындалуын бағдарламалаудың көмегінсіз автоматтандырады. Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.
7. Модуль. Мәліметтер қорын баптау, безендіру және кеңейту үшін қолданылатын Visual Basic тіліндегі бағдарламадан тұрады.



Download 141,55 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish