«интернаука» Научный журнал №8(231) Март 022 г. Часть Издается с ноября 2016 года Москва 2022 ббк 94 И73 Председатель редакционной коллегии: Еникеев Анатолий Анатольевич



Download 1,83 Mb.
Pdf ko'rish
bet29/50
Sana04.04.2022
Hajmi1,83 Mb.
#527267
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Bog'liq
8(231 4)

 
Кілт сөздер:
өнімділік, фотосинтез,хлорофилл,факторлар 
Keywords: 
productivity, photosynthesis, chlorophyll, factors. 
Арпа - бидай, жүгері және күріштен кейінгі 
әлемдегі ең маңызды азық-түліктік және азықтық 
дақыл. Арпа бидайға қарағанда құрғақшылыққа 
төзімді және өсу ортасына талапшыл емес [1,б.220].
Арпа (Hordeum vulgare) – бұдан 10 000 жыл 
бұрын пайда болған, әлемнің барлық жерінде 
өсірілетін негізгі дәнді дақыл. Арпа мал азығы, 
сонымен қатар сыра мен виски үшін ашытылатын 
материал көзі ретінде пайдаланылады. Арпа дәндерін 
сыра және кейбір тазартылған сусындарды жасау 
үшін пайдаланады. Арпа суы мен қуырылған арпа 
шайы сияқты алкогольсіз сусындар арпаны суда 
қайнату арқылы жасалды. Италияда арпа кейде 
кофе алмастырғыш ретінде пайдаланылады[2]. 
Қазіргі уақытта арпа астық өндіру бойынша 
(141 млн. тонна) жүгері, күріш және бидайдан кейін 
төртінші орында[3].
Дүние жүзінде жыл сайын арпа алып жатқан 
егістік алқабы шамамен 50,0 млн га, ал астықтың 
жалпы түсімі 145,2 млн тонна. Дүние жүзіндегі 
арпа алқабының негізгі бөлігі (42%) ЕО елдерінде 
(негізінен Францияда, Германияда, Австрияда, 
Испанияда және Ұлыбританияда) шоғырланған 
[4,б.422]. 
Көптеген 
мәліметтер 
бойынша 
дәнді 
дақылдардың далалық өнуі елдің әртүрлі 
аймақтарындағы егістіктерде 60-70% аралығында 
ауытқып отырады, демек, себілген тұқымның 30-
40% жоғалады. Соңғы уақытта өсу стимуляторлары 
егістік және тұқым шаруашылығында танымал бола 
бастады. Өсу стимуляторларын пайдалану дақылдың 
шаруашылық-құнды белгілеріне оң әсер етеді: яғни 
ауыл шаруашылығы дақылдарының өніміділігі 
артады, жетілу мерзімі қысқарады, тағамдық 
құндылығы 
артады, 
ауруларға 
төзімділігі, 
құрғақшылыққа 
және 
басқа 
да 
қолайсыз 
факторларға төзімділігі артады, өнгіштігін арттырады, 
өнуі мен тамырлануы жылдамдайды, жатып қалуға 
төзімділігі артады[5,б.67]. 
Таяу 20 жылда әлемдік азық-түлік өндірісін 
40%-ға және 2050 жылға қарай 70%-ға арттыру 
болжамды қажеттілігін ескере отырып, азық-түлік 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттердің 
бірі болып табылады(ФАО болжамдары). Демек, 
тыңайтқыштарды немесе суды көбейтпей-ақ, жер 


Журнал «Интернаука» 
№ 8 (231), 2022 г. 
32
бірлігінен 
жоғары 
өнім 
беретін 
өсімдік 
шаруашылығын дамытудың кезек күттірмейтіні 
анық. 
Өнімділікті қалыптастыру мен өсімдіктердің 
жалпы өнімділігін арттыруда фотосинтез жетекші 
рөл атқарады[6,б.7] 
Фотосинтез – жарық энергиясының әсерінен 
құрамында 
хлорофилл 
бар 
жасушаларда 
бейорганикалық заттардан органикалық заттардың 
түзілу 
процесі. 
Фотосинтез 
процестері 
хлоропаластары бар ұлпаларда, негізінен фотосинтез 
процестерінің көпшілігін құрайтын жапырақта өтеді. 
Бұл ұлпа хлоренхима немесе мезофилл деп 
аталады[7]. 
Фотосинтездің әсер ету спектрі хлорофиллдің 
жарықты сіңіру спектріне байланысты және де 
қарқындылығы жарықтың қарқындылығы артқан 
сайын артады. Фотосинтетикалық үрдістердің жүруі 
өсімдік жапырақтарындағы фотосинтетикалық 
пигменттердің 
мөлшеріне 
тікелей 
байланысты[8,б.59]. 
Жоғары 
сатыдағы 
өсімдіктердің 
негізгі 
хлорофиллдері хлорофилл а және хлорофилл b болып 
табылады. Хлорофилл а негізгі фотосинтетикалық 
пигмент, хлорофилл b қосымша. Хлорофилл b 
хлорофилл a пигментіне энергияны жинап, 
тасымалдау арқылы көмектеседі. 
Фотосинтез – биосферадағы сыртқы көз – Күн 
есебінен биосфера энергиясының артуына әкелетін 
және өсімдіктердің де, іс жүзінде барлық 
гетеротрофты организмдердің де өмір сүруін 
қамтамасыз ететін жалғыз процесс[9,б.135].
Шектеулі ауылшаруашылық жерлері және өсіп 
келе 
жатқан 
адам 
саны 
жағдайында 
фотосинтетикалық 
белсенділікті 
арттыру 
өте 
маңызды. 
Фотосинтез 
біздің 
тағамның, 
талшықтардың және көптеген пайдалы заттардың 
көзі болғандықтан ғана емес, сонымен қатар 
Жердегі барлық дерлік тіршілік оған тікелей немесе 
жанама тәуелді болғандықтан өте маңызды процесс. 
Өсімдіктер, балдырлар және цианобактериялар 
көмірқышқыл газынан (CO2) және судан (H2O) 
органикалық молекулаларды (мысалы, глюкоза 
(C6H12O6), қант, крахмал) генерациялау және 
атмосфераға оттегін (O2) шығару үшін жарық 
энергиясын пайдаланатын оттегі фотосинтезаторлары 
болып табылады[10]. 
Қоршаған ортаның барлық факторлары: климат, 
топырақ, биотикалық факторлар, бір-бірімен өзара 
әрекеттеседі ауылшаруашылығы дақылдарының өсуі 
мен өндірісіне әсер етеді. Қоршаған ортаның 
қолайсыз экологиялық факторлары өмір сүруге, 
биомасса өндірісіне және негізгі азық-түлік 
дақылдарының өнімділігіне 70% дейін теріс әсер 
етеді және бүкіл әлем бойынша азық-түлік 
қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. [11,б.5]. 
Биомассаның жинақталуы мен егіннің түзілу 
заңдылықтарын 
зерттеу 
қоршаған 
орта 
факторларының өсімдіктердегі физиологиялық және 
биохимиялық процестердің қарқындылығы мен 
сипатына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін 
көрсетті, бұл негізінен түпкілікті өнімділікті 
анықтайды[12,б.69]. 
Дегенмен, біз абиотикалық организмдердің 
белгілі бір жағдайына төзімділікке жауапты генді 
белсендіру жиынтығының нақты анықтамасынан 
әлі алыспыз. Өсімдіктер көптеген абиотикалық және 
биотикалық стресспен төтеп берулері қажет екенін 
ескерсек, бұл жағдай күрделене түседі. Мысалы, 
бидай өркенінің ассимиляциялық белсенділігінің 
ерекшеліктерін біле отырып, өсімдіктердің 
биологиялық және шаруашылық-құнды белгілерін 
арттыруға болатын маңызды кезеңдерді анықтауға 
болады[13,б.864]. 
Астық шығымының қалыптасуы негізінен дәннің 
толысуы сатысындағы фотосинтетикалық өндіріске 
байланысты және биомасса мен астық өнімділігіне 
әсер етеді.
Өсімдіктердің дән салуы кезінде жоғарыдан 
санағанда екінші және үшінші орналасқан жалауша 
жапырақтар функционалдық жапырақтар болып 
есептеледі. [14]. 
Осылайша, дәннің толысуы кезінде жалауша 
жапырақтарының фотосинтетикалық сипаттамаларын 
зерттеу олардың физиологиялық күйін және өсімдік 
шаруашылығындағы 
өнімділік 
потенциалын 
түсінуге көмектеседі[15,б.440]
Дәнді дақылдарды өсірудің қазіргі заманғы 
технологиялары ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің 
қолайсыз экологиялық жағдайларға төзімділігін 
арттыру үшін, топырақтан қоректік заттардың 
сіңуін күшейту, өсу және даму процестерін реттеу, 
ақуыз биосинтезін арттыру және басқа да сол 
сияқты құбылыстар үшін физиологиялық активті 
заттарды қолдануды қарастырады. Бұл соңында 
метаболизмнің өзгеруіне алып келеді[16,б.51]. 
Физиологиялық белсенді заттардың көмегімен 
өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеу онтогенездің 
жеке кезеңдеріне әсер ету мүмкіндігін береді, 
нәтижесінде, өсімдік организмінің генетикалық 
потенциалын жоғарылатуға болады. Соңғы жылдары 
адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіз физиологиялық 
белсенділіктің кең ауқымы бар өсу стимуляторларын 
әзірлеуге және қолдануға көп көңіл бөлінуде 
[17,б.24; 18,30]. 

Download 1,83 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish