ГЛОССАРИЙ
1. Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті.
2. Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2) үйлесім, 3) айқындық.
3. Әдеби шығармашылық – қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.
4. Методологиялық мектептер – көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер.
5. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.
6. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.
7. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.
8.Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.
9. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ. 10. Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.
11.Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.
12.Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың көне ғылым саласы.
13.Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.
14.Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
15.Герменевтика – текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.
16.Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
17.Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
18. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
19. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.
Do'stlaringiz bilan baham: |