Гeoгрaфия



Download 9,86 Mb.
Pdf ko'rish
bet96/148
Sana28.03.2022
Hajmi9,86 Mb.
#514722
TuriОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   148
Bog'liq
ijtimoiy iqtisodiy geografiya 8 qozoq

байлықтары
. Ташкент экономикалық ауданы әкімшілік 
тұрғыдан Ташкент қаласы мен Ташкент облысынан 
тұрады. Бұл ауданның екі жағы Ферғана мен 
Мырзашөл экономикалық аудандарымен шектескен, 
қалған тараптары Қазақстан, Қырғызстан және 
Тәжікстан мемлекеттерімен шекаралас. Географиялық 
орнындағы қолайлылықтан Ташкент 1930 жылдан 
бері Өзбекстанның астанасы мәртебесіне ие болып 
келуде. Ташкент облысы қыстақ аудандарының 
дерлік жартысының (Жаңа жол, Қыбырай, Бостандық, 
Паркент, Ахангаран, Орта Шыршық, Ташкент және 
Зеңгіата аудандары) шаруашылығының мамандануы мен әлеуметтік-
экономикалық дамуында астананың ықпалы басым болып саналады. Өйткені, 
ол ірі қаламен шектескен аудандарда экономикалық әлеуметтік өзгерістер 
жедел болады. Мұны қала төңірегіндегі аудандары мысалында айқын көруге 
болады (86-сурет). 
Экономикалық ауданның аймағы рельефтiң сан алуан көріністерінен 
құралған. Бұл өнеркәсiп үшiн де, ауыл шаруашылығы үшiн де қолайлылықтар 
тудырады. Ауданның Шыршық және Ахангаран алқаптары Сырдарияға дейiн 
100-150 км-ден астам қашықтыққа төмендеп отыруынан жасанды суару үшiн 
өте қолайлы. Шыршық пен Ахангаран өзендерi таулардағы жауын суына 
(500–700 мм) қанып, далаларды суарудан тыс, электр энергиясын алуда да 
маңызды рөл атқарады. Экономикалық аудан таза сумен жақсы қамтамасыз 
етiлген. Судан одан да тиiмдiрек пайдалану мақсатында Шыршық өзенiнiң 
жоғары ағысында сыйымдылығы 2,0 млрд текше м. болған Шарбақ су қоймасы 
орнатылған. Сондай-ақ Ахангаран өзенiнiң жоғары ағысында Ахангаран, ал 
орта ағысында Түйемойын су қоймасы («Ташкент теңiзi») құрылған.
Қазба байлықтардың сан алуандығы жағынан бiрде-бiр аудан Ташкент 
экономикалық ауданына тең келе алмайды. Ангрен көмiр бассейнi 
мемлекеттегi ең iрi көмiр кенi саналады (көмiр қоры көлемiн еске түсiр). 
Көмiр қатпарлары жер бетiне жақын орналасқан болып, қатпарлар арасында 
алюминий, цемент пен керамика алуда қолданылатын бентонит көп кездеседi 
(атластан пайдаланып, қазбалы кендердi анықта). Экономикалық ауданда 
тек мұнай мен табиғи газ жоқ. Қажет болған мұнай өнiмдерi темiржол және 
автомобиль көлiгiмен, ал газ құбырмен жеткiзiліп жатыр (олардың қайдан 
жеткiзiлуiн атластан анықта). 
Ташкент
http://eduportal.uz


111
86-сурет. 
Астанаға тұтас аудандарда ірі қала ықпалының көрінісі.
Халқы. 
Мемлекетіміз халқының дерлік 1/5 бөлiгi осы ауданда жасайды. 
Ауданда қала халқының салмағы Ташкент қаласының халқын қоспағанда 50 
пайызға жетеді. Жалпы халық санындағы еңбекке жарамдылардың салмағы 
бойынша экономикалық аудан бiрiншi орында тұрады. Сондай-ақ еңбекке 
жарамды халықтың бiлiм дәрежесiнiң жоғарылығымен де ерекшеленедi. 
Бұлар бұрыннан жоғары оқу орындары, Fылымдар Академиясы, оның көп 
санды ғылыми-зерттеу институттары Ташкентте (астанада) орналасқанынан 
абыройлы болып табылады. Бұдан тыс, ғылым мен тәжірибені талап ететiн 
кәсiпорын мен мекемелердің көптігі де негiзгi алғышарттардың бірі болып 
есептеледi (Ауданда халықтың тығыздығы қанша?).

Download 9,86 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   148




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish