55
41-сурет.
Машина жасау зауытының құрамы.
тәжiрибелi еңбекпен жасалады. Орта есепте әрбiр машинаның өзіндік
құны оған жұмсалған шикiзат – металл өзіндік құнынан жүз есе артық
болады (41-сурет).
Машина жасаудың түрлi тармақтары бiрдей мөлшерде
металл
қолданбайды. Егер бiр дана машинаны жасау үшiн көп металл (яки басқа
көп материал) қажет болса, мұндай машина жасауды
көп металл немесе
көп материал талап ететiн машина жасау өнеркәсiбi
деп аталады.
Кен және металлургия құрал-жабдықтары, темiржол вагондарын жасап
шығару бұған мысал бола алады.
Сөйтiп, жұмсалатын материал мен дағдыланған еңбек мөлшерi, шикiзат
пен дайын машиналарды тасымалдау жағдайы машина жасау зауыттарын:
а) көлiк магистральдары; ә) бiлiктi мамандар; б) тұтынушылар; в) iрi
металлургия кәсiпорындары бар жерлерде орналастыру ұстанымдарын
белгiлеп бередi.
Өзбекстан экономикасы үшiн дәстүрлі маманданған салалары есептелген
мақта, жiбек, кенеп өсiру және оларды қайта өңдеу қол еңбегiн көбірек
талап етедi. Сол үшін ауыл шаруашылығының маманданған салаларын
механизациялауды қамтамасыз ететін, яғни жер жырту, егiн егу және өңдеу,
өнiмдi жинау және дайын шикiзатты қайта өңдеуде қолданылатын машина
мен аспаптар жасап шығаратын ауыл машина жасау тармақтары пайда болды.
http://eduportal.uz
56
Ташкенттегі
«
Toshqishloqmash», «O‘zbekqish loqmash
»
және
Шыршықтағы
«
Chirchiqqishloqmash
»
сияқты зауыттар
ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібінің
негізгі
кәсіпорындары болып саналады.
Бұл зауыттар мақташылық үшiн трактор сеялкалары, культиваторлар,
қозаны жұлатын, қауашақ теретiн және аршитын, тыңайтқышты араластыратын,
ауыл шаруашылығы зиянкестерiн жоюда улы заттарды шашатын
машиналар
жасап шығарады. 1994 жылы Өзбек-Израиль бiрлескен кәсiпорнында мақта
теретiн машинаның жаңа моделi жасалды (42-сурет).
Су қоймалары, каналдардың құрылысы және оларды лайдан таза лауда,
суды жоғарыға көтеруде, жалпы, ирригацияда қолданылатын машиналар
жасап шығаратын
ирригациялық
машина жасау өнеркәсібi де агроөндiрiс
кешенінің қажеттiлiгiне қарай пайда болды. Ирригация машина жасауының
орталығы Әндiжан облысы болып саналады.
Мақташылық дамыған сайын тракторларға, мақта таситын машина мен
механизмдерге деген қажеттiлiк арта түстi. Сол үшін Ташкент трактор
зауыты - ТТЗ-да әмбебап тракторлар, мақтаны қап-қанарсыз тасуға арналған
өзi аударатын тiркемелер шығарыла бастады.
Ташкент, Әндiжан, Самарқант және Каттақорғанда мақта тазалайтын
және май өнеркәсiбi үшiн машина мен жабдықтарды жасап шығаратын
машина жасау зауыттары орналасқан. Ұлттық экономикада, әсіресе, ауыл
шаруашылығында машина мен механизмдер көптеп қолданғандықтан оларға
қосалқы бөлшектерді жеткізіп беретін және жөндейтiн кәсiпорындар дерлік
барлық облыстарда құрылған. Самарқанттағы «Мақтамаш» зауыты – қосалқы
бөлшектерді шығаратын кәсiпорындардың ең ірісі.
Бақ өсiру, жүзiм шаруашылығы мен бақша егiндерiнде қолданылатын
машина мен жабдықтар «
O‘rta Osi-
yoqishloqmash» бiрлестiгiнде жасап
шығарылуда.
Өткен ғасырдың орталарынан
бастап электротехника өнеркәсібi
жеке сала ретiнде қалыптасты. Он нан
астам
Do'stlaringiz bilan baham: