Гeoгрaфия



Download 9,86 Mb.
Pdf ko'rish
bet42/148
Sana28.03.2022
Hajmi9,86 Mb.
#514722
TuriОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   148
Bog'liq
ijtimoiy iqtisodiy geografiya 8 qozoq

комбинаттандырудың
болашағы жасалды. Атап айтқанда, көмiр, мұнай, газ 
секiлдi жанармай шикiзаттарынан энергия жасауда да, химиялық өнiмдерін 
(бензин, парафин) алуда да пайдалануы энергетика-химия комбинаттарын 
құруға себеп болды.
Комбинаттандыру
– өнеркәсiптің технологиялық үдерісі жағынан 
өзара байланысқан, кейде түрлі салаларға тиісті болған бірнеше 
өндіріс кәсіпорындарының бір кәсіпорынға бірігуі.
Химия өнеркәсiбінiң шикiзат базасы бай және сан алуан. Ол түрлi пайдалы 
қазбалардан, өндiрiс қалдықтарынан, ағаш, су, тіпті ауадан пайдаланады. Әр 
түрлi шикiзаттардан пайдалану мүмкіндігінің шексiздiгi химия өнеркәсiбi 
кәсіпорындарын барлық жерде құруға мүмкiндiк бередi. Бiрақ, химия 
кәсiпорындары энергия мен суды көп пайдалануы, әсіресе, табиғатқа керi 
әсер етуi себебінен оларды барлық жерде де құруға болмайды. 
Химия өнеркәсiбiнiң iрi кәсiпорны – Шыршық электр-химия комбинаты 
1940 жылы iске қосылған. Шыршық электр-химия комбинаты алдымен 
ауаның құрамындағы азоттан электр энергиясы арқылы азотты тыңайтқыш 
шығарған. Бұхара облысында табылған табиғи газ құбыр арқылы Шыршыққа 
тасымалданып, комбинат газдан шикiзат орнында пайдаланатын болды. Бұл 
өнiм өндірудің шұғыл көбеюi мен өзіндік құнының арзандауына себеп болды. 
Комбинатта азотты тыңайтқыштан тыс магний хлорит (қозаның жапырағын 
төгуде қолданылатын химиялық зат) және пластмасса мен синтетикалық 
талшық алу үшiн органикалық синтез өнiмдерi өндірілуде.
Табиғи газдан азотты тыңайтқыш пен химиялық талшық өндіретін 
зауыттар Ферғана, Науаи қалаларында да құрылды. 1946 жылы Қоқанда, 
1957 жылы Самарқантта суперфосфат зауыты іске қосылды. 1998 жылы 
Қызылқұм фосфорит комбинаты iске түсiрілді. Онда 2,7 млн. тонна фосфорит 
концентраты алынады. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдары Қашқадарияда 
Дехқанабад калийлі тыңайтқыштар зауыты, Қарақалпақстанда Қоңырат сода 
зауыттары іске қосылды.
Мемлекетiмiз ас тұзы кендерiне де бай. Хожайкен, Барсакелмес, 
Бойбичакон және Аққала сияқты кендерде 90 миллиард тонна шикiзат бар. 
http://eduportal.uz


47
?
Алмалықта жоғары сапалы аммофос 
өндіретін зауыт құрылды. Ангренде резина 
өндіретін химия кәсiпорындары бар. Мүбәракта 
табиғи газ құрамындағы алтынкүкiртті 
ажыратып алатын зауыт құрылды. Түстi 
металлургия кәсіпорындары қалдығынан 
сульфат қышқылы алынады. Поптағы резина 
зауытында кебіс, резина құбырлар және 
машина мен механизмдер үшін әр түрлі резина 
бөлшектер жасап шығарылуда. Ал Жызақтағы зауытта полиэтилен пленкалар 
мен пластмасса құбырлар даярланады. 
Қазып алынып жатқан алтынкүкiрт колчеданы, марганец, барий, тальк, 
әктас секiлдi минералдар химия өнеркәсiбінiң түрлі тармақтары қажетiн өтеп 
келуде. Лак-бояу өнеркәсiбі, жасанды талшық және тоқымалар (Ферғанада), 
жасанды былғары мен жасанды жүн өндіретін зауыттардың қуаты арттырылды.
Химия өнеркәсiбiн жедел дамыту шаралары туралы қаулыға сәйкес 
2018–2030 жылдарда химия өнімдерін өндіруді 4,5 есеге арттыру 
жоспарлануда.
Гидролиз кәсiпорындары өткен ғасырдың 50-жылдарында құрыла бастады. 
Жаңажол биохимия, Әндiжан гидролиз зауыттарында негiзгi шикiзат – шиттiң 
қалдығы мен салы қабығынан техникалық этиль спиртi, фурфурол, азықтық 
ашытқысы (қамыртұрыш) секiлдi өнiмдер шығарылған. 90-жылдардың 
басынан бұл зауыттарда бидайдан этиль спиртi өндіріле бастады. Нәтижеде 
азық-түлiк, медицина, иіс су және басқа өнеркәсiп тармақтарына қажеттi 
спирттi шеттен тасымалдау жоққа шығарды. 
Өзбекстанда табиғи газдан жанармай ретiнде де, шикiзат ретiнде де 
пайдалану тиімді. Табиғи газдан химиялық талшық өндіру Ресейдегіден 40-50 
пайызға арзан. Газли, Мүбәрак, Үшқыр, Адамтас, Шортан секiлдi табиғи газ 
кендерiнен алынып жатқан газ жоғары конденсаттылығымен ерекшеленедi 
(34-сурет). Газ конденсаты органикалық синтездiң негiзi болып табылады. 
Оның әрбір тоннасынан 50 кг жасанды каучук, 150 кг пластикалық масса, 150 
кг жасанды талшық, 100 кг ерiткiш зат, 400 кг мотор жанармайы алынады.
34-сурет. 
Шортангаз химия 
кешені

Download 9,86 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   148




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish