Гeoгрaфия



Download 9,86 Mb.
Pdf ko'rish
bet125/148
Sana28.03.2022
Hajmi9,86 Mb.
#514722
TuriОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   148
Bog'liq
ijtimoiy iqtisodiy geografiya 8 qozoq

Қалалары. Самарқант 
Зарафшан
 
өзенінің орта бөлігінде орналасқан.
Самарқант
дүниедегі ең көне қалалардың бірі болып саналады. 
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде қаланың жасы 2750-де 
екендігі анықталған. 
XІV-XV ғасырларда Мауароуннахрдың ғылыми дүниетаным орталығы 
болған. Географиялық орнының қолайлығынан Самарқант орта ғасырларда 
Орталық Азияның маңызды сауда орталықтарының біріне айналған. Үндiстан, 
Иран және Шығыс Еуропа мемлекеттерiмен жүргізілген сауда байланыстары 
қаланың экономикалық және мәдени тұрғыдан өркендеуiне ықпалын тигіздi. 
Сол дәуiрлерде-ақ зергерлiк бұйымдары, қыш-құмыра бояулары, жiбек және 
жiп-маталарды өндіру мен кесте тiгу жақсы дамыды. Қағаз бен доғабалар 
шығаруды самарқанттықтар бұдан мың жыл бұрын кең жолға қойған еді. 
Әмiр Темiр мен темурилер дәуiрiнде (XV-XVІІ ғасырларда) Самарқантта 
сәулетті мешiт, медресе, кесене және сарайлар құрылды. Олар Үндiстан, 
Мысыр, көне Греция мен Рим сәулеткерлiгiнiң құнды ескерткiштерiнің 
қатарында дүниежүзiлiк маңызға ие. Орта ғасырдың ақын және ғалымдары 
Самарқантты «әлемнiң нұр шашқан нүктесi» деп мадақтаған. 
1924-1930 жылдары Самарқант қаласы 
Өзбекстанның астанасы болған. Қазірде де 
Самарқант мемлекеттiң iрi өнеркәсiп торабы, 
мәдениет орталықтарының бірі ретiнде аса 
маңызды. 
Самарқант пен Жамбай, Жұма және басқа 
қалашықтар өндіріс бойынша өзара байланысты. 
Қала ауыл шаруашылығы дамыған аймақ 
орталығында орналасқандықтан онда ауыл 
шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн үлкен 
кәсiпорындар көп. 
1999 жылы Самарқанттан солтүстiктегi 
Шелек қаласы маңында ұлы құқықтанушы 
ғалым имам әл-Бұхариге арналған сәулеткерлiк 
кешен орнатылды (111-сурет).
111-сурет. 
Имам әл-Бұхари 
кесенесі. 
http://eduportal.uz


144
Самарқант – мемлекеттегi ғылымның iрi орталығы. Қалада Самарқант 
мемлекеттік университеті, Халықаралық туриз университеті, медицина, 
құрылыс-архитектура, шет тілдері, экономика және сервис, ветеринария 
медицинасы институттары, Ташкент ақпарат технологиялары университеті 
Самарқант филиалы қызмет етуде. Қаланың тарихы Рудаки, Науаи, Қожа 
Ахрар, Бабыр, Жәми, Ұлықбек, Ахмет Даниш, Әбу Лайс Самарқанди 
секiлдi ғалымдар, жазушылар, ойшылдардың есiмдерiмен байланысты. Қала 
шаруашылығының өркендеуiмен халқы да тез көбейiп отыр. 
Каттақорған
облыста Самарқанттан кейiнгi екінші орындағы өнеркәсіп 
торабы мен мәдениет орталығы болып табылады. Қала маңынан Самарқант-
Бұхара темiр жолы өтедi. Қалада Каттақорған мақта тазалайтын машина жасау 
зауыты, мотор жөндеу, мақта және кiрпiш зауыттары, жергiлiктi өнеркәсiптік 
кәсіпорындары бар. Май ерiту және ет комбинаттары және жылына 2 миллион 
шөже ашатын бройлер фабрикасы азық-түлiк өнеркәсiбiнiң республикадағы 
iрi кәсiпорындары болып саналады. Май ерiту комбинаты – мемлекеттегi 
ең iрi кәсiпорындардың бiрi. Өнеркәсiп кәсіпорындарын үлкен ЖЭО электр 
энергиямен қамтамасыз етедi.
Үргіт
Самарқанттан шамамен 50 км оңтүстік шығыста, Қашқадария 
облысы шекарасында орналасқан қала. Үргітте бірнеше кілем фабрикалары, 
темекі-фермент және шифер зауыттары істейді. Самарқант облысының ең ірі 
шығыс базары осы қалада орналасқан.
?

Download 9,86 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   148




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish