Армандар картасы
Армандар картасы
ЖЕКЕ ӨЗІҢЕ АЛҒЫҢ КЕЛЕТІН ЗАТТАР ТІЗІМІ
ӨЗІҢІЗДІҢ ЖАҚСЫ ӘДЕТТЕРІҢІЗДІ ЖАЗЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Неге мен бұлай жаздырып жатырмын? Себебі осы қасиеттерді енді керісінше
жақсы жаққа аудару керексіз, көз алдыңызда осындай ұнамайтын әдеттер
тұрса оны азайтуды ойлай бастайсыз
ӨЗІҢІЗДІҢ
ЖАМАН
ӘДЕТТЕРТТЕРІҢІЗДІ
ЖАСЫРМАЙ
ЖАЗЫП ШЫҒУ КЕРЕКСІЗ
Жалпы біз адам баласы өміріміздің керемет болуын қалаймыз,
біреулердің өміріне еліктейміз, менде неге олай болмай
жатыр деп ренжиміз, соның артынша шүкіршілігімізді ұмытып
кетеміз.
Бүгінгі күнге дейін менде бірнеше күнделіктер болған.
Армандарымды жазатын Шүкіршілік күнделігі, мақсаттарымды
жазатын 5 күнделікті бір уақытта алып жүретінмін. Ол маған
ыңғайсыз және бір жерге барғанда сөмкеме сыймайтын еді,
сол үшін осы күнделікте барлығын бір жерге жазу үшін
ыңғайлы етіп жасадым.
Өміріңізде бір жағдай, келеңсіз түсініспеушіліктер болған
кезде, біздің ойымызға ең алдымен түсінбеушілік жағдай орын
ала бастайды. Жаман ойлармен айналадағы адамды жек көре
бастаймыз.
Адам өмірін өзгерту үшін ешнәрсені қиындатудың қажеті
жоқ. «Өзгеру» деген сөздің өзі кейбіреулер үшін қиындықты
елестетіп, қорқыныш туындатады екен. Ал енді кейбіреулері
«өзгеріс» дегенд естігенде, неден бастарын білмей қиналып
жатады. Мен сіздерге өзіңізді өзгерту үшін қажетті ең
қарапайым әдістермен бөліспекпін.
Бір істі бастар алдында ең алдымен бүгінгі күннен
бастауға әдеттеніңіз. Дүйсенбі күніне қалдыру маңызды емес.
Осылай ертең аптаның басы деп жүретін болсақ өміріміздің
қалай өтіп кеткенін байқамай қаламыз.
Ал мен, ең бастысы, адамның өзі қалаған уақытында өзгере
алатындығын нақты білемін. Әрине, өзгеру үшін де еңбек
керек. Ұзақ уақыт бойына үздіксіз еңбек қажет. Тағы да
қайталап айтамын, бойымызда ескі әдеттеріміз бола тұра,
қандай да бір жаңа жетістіктерге жетемін деу - өзіңді босқа
қыйнау.
Дәл осы «Арманға қадам» күнделігін толық оқып, әрбір
тапсырманы 30 күн бойы үздіксіз орындайтын болсаңыз, сізде
жаңа әдет қалыптасады.
•Көп ұйыктау;
•Орынсыз, көп сөйлеу;
•Ашуланшақ;
•Елдiң сыртынан көп әңгіме айту;
•Әлеуметтiк желiге тәуелдiлiк;
•Бастаған ісін аяқтамау;
•Көрсе қызар;
•Көңілшеңдік;
•Өз ойын еркiн жеткiзе алмау;
•Өз-өзiне сенiмсiздік;
•Елдiң пiкiрiне тәуелді болу.
Мен өз тарапымнан барлық білгеніммен бөлісемін. Ал сіздің
орындайтын екі міндетіңіз бар:
- бір уақытты созып, әртүрлі сылтау айтпай, осы дәптер
қолынызға тиген күннен бастап бірден іске кірісу;
- екіншісі бастағаннан кейін тоқтамау.
Бұл екеу өзіңе әдет қалыптастыру, өзіңмен жұмыс жасау,
белгілі бір жетістікке жету жолындағы басты шарттар.
Мен сіздерге бір жаттығу беремін. Бұл жаттығу сіздің
бойыңыздағы өзгеруіңізге кедергi келтiретiн әдеттеріңізді
анықтауға көмектеседі. Дәл қазір осы жерде үзіліс жасаңыз,
себебі өзіңізбен жұмыс жасаудың ең маңызды сәтiне де келiп
жеттік. Әрі қарай жазбаша жұмыстың алғашқысы және ең
бастысы басталады.
Баршамызға таныс мінездер мен әдеттердiң тiзiмiн
жазып керсетейін.
Бұлар жағымсыз мiнез бен әдеттер. Жаңа әдет
қалыптастыратыныңыз туралы жиi қайталап отырамын, себебі
бұл күнделiктiң басты ұстанымы да - жаңа әдет калыптастыру.
Жоғарыда айтқанымдай, тірлігіміз өнбей, ойлағанымыз
болмай, қажет ақшамызды таппай, өмірде киналып,
барлығынан шаршаған тұста өзгелермен «алысуға» кірісеміз.
Сондай сәтте біз жан-жағымыздағы болып жаткан
дүниелерге, айналамыздағылардың айтқандарына, өзіміздің
қазіргі қиын-қыстау жағдайымызға үлкен мән беріп қараймыз.
Қайтсек, соларды өзгертеміз деп жанталасамыз.
Жоғарыда айтқанымдай, тірлігіміз өнбей, ойлағанымыз
болмай, қажет ақшамызды таппай, өмірде қиналып,
барлығынан шаршаған тұста өзгелермен «алысуға» кірісеміз.
Сондай сәтте біз жан-жағымыздағы болып жатқан
дүниелерге, айналамыздағылардың айтқандарына, өзіміздің
қазіргі қиын-қыстау жағдайымызға үлкен мән беріп қараймыз.
Қайтсек, соларды өзгертеміз деп жанталасамыз.
Әрине, ешкім біз үшін дәл біз қалағандай өзгермейтіні
анық. Бұл бізді одан әрі тығырыққа тірей бастайды. Содан
барып көптің аузындағы күйзеліске түскенімізді өзіміз де
байқамай жатамыз.
Бұл күйзеліске түсудiң де түрлі жолдары бар. Ол тек
ақшаның жоқтығы, қарыздың салдарынан, болмаса
денсаулықтың сыр бергенінен немесе жалғыздықтан ғана
болмайды.
Тағыда бір айта кететін жайт сен өз миыңа қарсы келе
алу,өзгерісті қалаған адамның ең алдымен миы қарсыласа
бастайды,мысалы ерте тұр деген кезде қойшы кішкенке жата
тұр әлі ертеғой деген сөздермен сені таң ертең қайта үйқтауға
итермелейді.Құрбым келісіп алайық бұгіннен бастап өз
миымызға қарсы келеміз және ерте тұру біздің өміріміздің
өзгеріуіне үлкен әсері бар екенін біліп қойыңыз.
ДЕПРЕССИЯ-СТРЕСС
Адамдар күйзеліске бала сүйе алмағандықтан немесе
жұмыссыз қалғандықтан ғана түспейді. Ақшасы да, баласы да,
өміріне қажеттінің барлығы бар адамдар да күйзеліске түсіп
жатқанын көріп жүрміз.
Мұның себебін мамандар өз тәжірибелеріне сүйене отырып
түсіндіріп беріп жүр. Кейде күйзеліске түсудің бірден- бір
себебі бірқалыпты өмір ме дейсің?
Біздің қоғамдағы әйелдердің көпшiлiгi, расында,
бiрқалыпты өмір сүреді. Кейбіреуі тіпті ата-аналарының өмірін
кайталауда. Таңертең тұрғаннан кешке дейін бір дүниелерді
ғана қайталап жасап, бірнеше жыл бойы күн сайынғы өмірінің
бірқалыпты өтуі көпшілікке тән. Ол баршамызға таныс үй
тіршілігі, бала-шағаның қамы, отағасының жағдайы, қонақ күту,
қонаққа бару. Егер белгiлi бiр қызметi болса, сол жұмысқа
барып-келуі. Бiрнеше жыл бойы осылай бiрқалыпты өмір
сүрудің өзі де адамдарды күйзеліске алып келетінін біріміз
білсек, бірімiз бiлмеймiз. Бiз көп дүниені білмегендіктен,
түсініспеушілік болып жатады. Сол түсініспеушілік бізді жан-
жағымыздағылармен, жақындарымызбен арпалыстырып
қояды. Сондай сәтте өзiмiзге, iшкi әлемiмiзге ешқашан зейiн
қойып қараған емеспіз. Ешқашан өзіміз өзгерейік деп ойлаған
емеспіз. Өзiмiзге не керектігін анықтауға тырыспадық.
Өкінішке қарай, қасымыздағы жарымызды кінәләп, отбасының
шырқын бұзуға да жетіп жатқанымыз қаншама?
Отбасындағы ең қорғансыз, ең әлсіз адам - бала. Көптеген
аналардың бар ашу-ызасын балаларынан алатыны сөзсіз.
Ондай жағдай менде де болған. Бала өзін қорғай алмайды, ол
бiзге ащы шындықты айта алмайды. Бала - ұрысыңды естiп,
таяғыңды үнсiз жей беретiн әлсіз жан. Аналар қауымы әлімізді
тек балаға көрсетеді екенбіз.
Ал ендi iшкi эмоцияның жетегінде кетіп, бар ашуды
баладан алып, артынан өкінген сәттерiнiз де каншама?
Болмаса, айналып келiп, жоқшылыкты, өзгені, қоғамды,
қала бердi үкiметтi кiнәлап, ауыз көпіртіп босқа өткізген
уақытымыз қаншама? Тізе берсек, көп. Бұл - баршамызға таныс
жағдай. Ендi бiр сәт осының барлығын ысырып койып, өзiмiзге
үңiлетiн сәт келдi.
Осы күнделікті қолынызға алған күннен бастап, жоғарыда
қайта айткан сыртқы фактордың барлығын ысырып қойып, бір
сәт өзіміз өзгеруге тырысайык.
•Алдымен, өзгерiстi өзiмiзден бастауымыз керек.
•Тек өзiмiз өзгерген сәтте өмір өзгереді.
•Тек өзiмiз өзгергенде, айналамыз өзгереді.
•Тек өзiмiз өзгергенде, жақындарымыз ғана емес, әлем
өзгереді.
Әр тақырыпты бөліп түсіндіріп берейн.
Күн сайынғы сіздің шүкіршілік жазуыңыз Аллаға деген шын
алғыс сезіміңізді оятады.
Қалтамыздағы ақшаның жоқтығы мен қарызымыздың көптігі
бойымыздағы шүкіршілік сезімін бізден мүлдем алыстатып
жіберген. Біз тек сол «жоқ» дегенді ғана көреміз. Бүкіл
байлықты материалдық дүниемен, өзіміздің кем тұсымызбен
ғана өлшеп қойғанбыз.
Мұны сiздер бұдан бұрын да естіп жүрсіздер, тiптi
құлақтарыңыз жауыр болған да шығар. Сондықтан тізбектей
бермей, накты кадамдар, ауыз толтырып айтарлық әрекеттер
жасайық.
Ендеше, достар, бізбен бірге өзгеріске дайынсыз ба?
Дайын болсаңыз, ары қарай кеттік. Кунделікпен жұмыс
жасау барысында күн сайын орындайтын бірнеше тапсырма
болады. Сонымен қатар 30 күннің негiзгi шарты бар.
Олар
•Әр таңды шүкіршілікпен бастау.
•Алдағы 30 күн бойы ешқандай жағымсыз (негатив)
эмоцияға берілмеу.
•Үйде, жұмыста, көшеде ұрыспау, соның ішінде балаға ,
ұрыспау.
•Алдағы 30 күн бойы шамаңыз келгенше, садақа беру.
•Күн сайын таңертең 0,5 литр жылы су ішу.
•Күн сайын жаңа адаммен танысу.
Өзіміздегі жоқты ғана көріп, денсаулық, отбасы, бала-шаға,
туған-туыс сияқты ең қымбат байлығымызды бағалауды,
шынайы шүкіршілікті ұмытқанбыз.
Ал шүкiршiлiк, жан-жағымыздағы барлық жақсылыққа есік
ашатын алғашқы сезім. Шынайы шүкiршiлiктi сезіну
өзiмiзге қажеттiнi өмiрiмiзге тартатын құрал десек те болады.
Шүкiршiлiк етудi әдетке айналдыру арқылы Алланың
алдындағы ең үлкен міндетіңізді орындайсыз. Күнделікті
өміріңіздегі қаншама нәрсеге шүкіршілік ете отырып, көңiлiңiз
де көтеріледі. Шүкіршілік – сәттіліктерді де шақырушы. Шүкір
еткен сайын өзіңізге сәттілікті де тартасыз. Жазу барысында
шүкіршілік ететін нәрсеңіздің көп екендігіне көз жеткізесіз.
«Өмірде алғыстан өткен ғажайып сезiм жоқ» Алдымен, қолда
барына шүкіршілiгiңдi бiлдiр, содан кейін ары қарай керегiндi
аласың.
Шүкіршілік өзіміздегі бар байлығымызға көзiмiздi ашып
жатса, өзгелерге алғыс айту iшiмiздегi бүкiл өкпе-ренішті
жойып, бойымызға керемет сезiмдердiң пайда болуына жол
ашады. Кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айту
әдетiмiзге, ал әдетiмiз әдепке айналады.
«Көңіліңді қалдырмаудың ең керемет жолы, ешкiмнен
ешнәрсе күтпеу»
Тағыда айта кетейн Ал ендi кез келген қатерлі ісікпен
ауырған адаммен сөйлесiп, iшкi сырын ақтартсақ, барлығында
бала күннен бері карай жиналып қалған өкпе-реніштері бар.
Тіпті өздері де бiлмеген. Біреуге ренжіп, ұзақ уақыт ойлап,
уайымдап, iштей жылап жүреді. Араға біраз уақыт салғанда,
ұмытылады. Яғни тiршiлiк жалғасуда, барлығын ұмыттым деп
ойлайды. Шын мәнінде, эмоция іште калды. Солай-солай түрлі
оқиғалардың салдарынан болған жағымсыз эмоциялар (өкпе-
реніштер) жиналып, адамды іштей күйзелiске, кандай да бiр
дертке әкелуi мүмкін.
Өкпе-реніштін кайда апаратыны түсiнiктi болса, ендеше
кешiрiм жасап қана коймай, алғыс айту арқылы барлығын
босатыңыз.
Өзiңiздi ренжіткен адамдарға алғыс айту тек өзіңізге керек.
Өзiңiз жеңiлдейсіз. Өз жолыңызды өзiңiз ашатын боласыз.
Өзін-өзі бағалау «Жақсы көру тамаша сезiм. Әсiресе, өзіңді...»
Содан кейін көпшіліктің өзі қалағандай өмір сүре
алмауының бірден-бір себебі - адамның өзін бағалауының
төмендiгi.
Өз-өзiңiздi қалай бағалайтыныңызды анықтау үшін
төменгi жазбаға көз салыңыз.
Өзін-өзі бағалауы төмен адамдар:
• Өз iсiне, отбасына, сыртқы әлемге көңілі толмау.
• Өзiн-өзi үнемi кемсіту.
• Үнемi бiр нәрседен қоркып журу.
• Сынды ауыр қабылдау.
• Жиi ренжи беру.
• Қызғаншақ және көреалмаушылық, іштарлық.
• Елдiң сөзiне тәуелділік.
Әрине, тiзе берсек көп. Егер бойыңыздан осындай
белгiлердi байқасаңыз, сiздiң өзiңiздi бағалауыңыздың төмен
екендiгiнiң белгiсi.
Ойыңызда жүрген келесi iстi жасап көріңіз. Бұл да сiздiң
өзiңiзге деген сенімділікті арттырады. Сонымен қатар осы
«АРМАНҒА ҚАДАМ» күнделiгiмен үзбей жұмыс
жасайтын болсаңыз, сiздiң қалауыңыздың өсуіне, өзгеруіне
көмегі тиері сөзсіз. Сондықтан әрбір айтылған кеңеске құлақ
асып, қолыңыздағы күнделікті үзбей толтырып, барлығына
жауапкершілік пен караңыз. ЖАРАЙДЫ МА?
Нәтижесінде, сіз:
• Өз-өзiңiзге сенiмдi боласыз.
• Өзiңiздi қалай барсыз, солай кабылдайсыз.
• Кез келген сынды жеңiл кабылдайсыз.
• Қателесуден қорықпайсыз.
• Кез-келген адаммен оңай тіл табысасыз.
• Үнемі өз пiкiрiңiздi еркiн айта аласыз.
• Үнемі өсу үшiн алға жылжып отырасыз.
Құрметті оқырман былай келісейік. Алдымен ойыңызға бұл
күнделікті неге жазамын деп емес, жазу керек екенін түсініңіз.
Қағазға жазылмаған арман мақсат орындалмайтын арман деп
айтсамда болады.
Бүгіннен бастап тек жақсы сөздер айтып жақсы ой
ойлаңыз.
Айналада сізге біреу ренжітіп жаман сөз айтса мен сені
жақсы көремін деп ол адам жайлы жақсы ойлаңыз.
Өмірде қалағаныңа қол жеткізу үшін, бүгін жасайтын
жақсы 5 әрекетіңіз мыналар:
1.Болашақты елестете алу керексіз
2.Армандай білу керексіз
3.Армандарыңа ешқашан шек қоймаңыз
4.Аз болсада мұқтаж жанға садақа беріңіз
5.Өзіңді бағалай біл және өзіңді жақсы көр. Айнаға қарап мен
сені жақсы көремін, сен ең әдемі (ер азаматсың, әйелсің,) сенің
қолыңнан бәрі келеді деп қайта қайта айтып жүр.Кейде біз көп
ақша табуға қорқып жатамыз ол біздің миымыздағы
установкадан ал ол установка біздің балалық шағымызда ата
анамыз қалағанымызды алып бере алмағаны олардың қыйын
кезеңде өмір сұргені,қалаған оқу орнына тұсе
алмауымыз,тұрмысқа шыққансоң ұйде отыру керек,сүйікті
ісіңмен айналыса алмауың мұның барлығы біздің миымызда
қалып кеткен установкалар.
Енді сол установкалардан арылу техникасымен жұмыс
жасайық ;
Жоғарыда мен сізге 100 арман жаздырдым сол ең ұлкен
армандарың орындалыуына қандайда бір іштей қорқыныш
туындап жатқан шығар я сенде ондай ақша жоққой қалай
қымбат көлік аласың деп,мен төменге бір мысал келтірем сіз өз
ішіңіздегін жазыңыз
АҚША ОЛ ,,,,,
Ақша ол қолдың кірі
Ақша ол келеді кетеді
Ақшам көп болса мені тонап кетеді,,,
тағысын тағыда ойыңызға не келді сол
тізімдерді жазып шығыңыз
Енді осы жазған сөздеріңізге қарама қайшы
жағын жазып шығыңыз дәлелдермен мысал
келтіріңіз мысалы; Ақшам көп болса менде
барлығы болады,мен өзіме керектінің
барлығын аламын,байлар жақсы өмір сұріп
жатыр,ақшаң көп болса сенде бәрі болады
деген сяқты мысалдармен жаман ойды жақсы
ойға ауыстыру керек;
Do'stlaringiz bilan baham: |